Жаңалықтар

25.05.2023

ЕЭФ-2023 аясында туризмді дамыту мәселелері талқыланды

II Еуразиялық экономикалық форум аясында «Еуразияны ашамыз» туризмі бойынша сессия өтті.

Туризмді дамытудың негізгі мәселелері талқыланды, сондай-ақ еуразиялық мемлекеттер алдында да, жалпы Еуразиялық экономикалық одақ алдында да тұрған міндеттерді іске асыру тәсілдерін әзірлеу тұрғысынан іскер топтар өкілдері өздерінің тәжірибелерімен алмасты.

Осыған байланысты сессияға қатысушылар ЕАЭО елдерінде туризмді дамыту үшін Одақтың әлеуетін іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

«Туристік сала айтарлықтай мультипликативті әсерімен ерекшеленеді, сабақтас салалардың дамуына тікелей әсер етеді, жұмыс орындарын ашады, шағын және орта бизнес үшін перспективаларды кеңейтеді», — деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ернар Бакенов.

«Еуразияны ашамыз» сессиясында еуразиялық туристік маршруттарды құру, туристік қызметтер көрсету сапасының стандарттарын салыстыру, Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары аясында туризм саласындағы негізгі іс-шаралар болып табылатын даму тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері талқыланды.