Жаңылыктар

16.12.2014

ЕЭК-да зияткерлік меншік нысандарына айрықша құқық жоққа шығару қағидатының қолданылу мәселелері талқыланды

15 желтоқсан күні Мәскеуде ЕЭК Экономика және қаржылық саясат бойынша Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жанындағы зияткерлік меншік нысандарына айрықша құқықты жоққа шығару қағидатының одан әрі қолданылуына қатысты ұсыныстар жасау бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысы болып өтті.  15 желтоқсан күні Мәскеуде ЕЭК Экономика және қаржылық саясат бойынша Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жанындағы зияткерлік меншік нысандарына айрықша құқықты жоққа шығару қағидатының одан әрі қолданылуына қатысты ұсыныстар жасау бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысы болып өтті.  Отырысқа Еуразиялық экономикалық комиссия, Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістікке (БЭК) мүше-мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары мен бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.  Тимур Сүлейменов зияткерлік меншік нысандарына айрықша құқықты жоққа шығару қағидатын таңдаудың проблемалық мәселелері мен Комиссия кеңесі Жұмыс тобының алдына қойған міндеттер туралы хабарлады. «Жұмыс тобының алдында жауапты міндет тұр – проблеманың аса тиімді шешімін табу, мүмкін, Одаққа барлық мүше-мемлекеттер үшін барынша жағымды әлеуметтік және экономикалық әсерді шығаруға тырыса отырып, тауар белгісіне айрықша құқықты жоққа шығарудың ымыралы нұсқасын жасау», – деп, ерекшелеп өтті Министр. Жұмыс тобының мүшелері тауар белгісіне айрықша құқықты жоққа шығарудың аймақтық қағидатының сақталуын қолдау ұстанымын және құқықты жоққа шығару қағидатының қолданылуына, зияткерлік меншік мәселелерін реттеудің кедендік және монополияға қарсы құралдарын жетілдіруге түрлендірілген амалдар мүмкіндігі туралы ұсынымдар білдірді.  Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше-мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне құқықты жоққа шығару қағидатын таңдаудың әсерін талқылаған кезде белсенді пікірталас болып өтті. Мүше-мемлекеттердің қолданыстағы халықаралық міндеттемелері жағдайында құқықтарды жоққа шығару қағидатын таңдаудың құқықтық аспекттері талқыланды. Жұмыс тобы отырысының қорытындылары бойынша ЕАЭО мүше-мемлекеттердің экономикалары үшін құқықты жоққа шығару қағидатын таңдаудың мүмкін салдарын терең зерттеу туралы шешім қабылдады. Зерттеу шеңберінде Жұмыс тобының мүшелеріне ЕЭК-ға сапа бақылау және техникалық регламенттер, жосықсыз бәсекелестік пен тауарлар импорты кезіндегі тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы мүше-мемлекеттердің заңнамасын және құқық қолдану тәжірибесінің талдауын, сонымен қатар сезімтал тауарлар нарығындағы құқық иеленушілердің баға саясатына әсер ету бойынша шетелдер мен ықпалдасқан бірлестіктердің тәжірибесі туралы ақпарат ұсыну тапсырылды. Жұмыс тобының мүшелері бір жақтан сапасыз және қауіпті өнімнің таралуын болдырмау және екінші жақтан зияткерлік меншік құқықтары иелерінің жосықсыз бәсекелестігі мен теріс пайдаланылуының алдын алу мақсатында заңнаманы жүйелік жетілдіру қажеттігі туралы қорытындыға келді.  Анықтама ЕЭК Кеңесінің 2014 ж. 26 маусымындағы № 45 шешіміне сәйкес ЕЭК Алқасының жанында зияткерлік меншік нысандарына айрықша құқықты жоққа шығару қағидатының одан әрі қолданылуына қатысты ұсынымдар жасау бойынша Жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамы ЕЭК Кеңесінің 2014 ж. 18 қыркүйегіндегі № 108 шешімімен бекітілді.