Жаңылыктар

14.09.2021

ЕАЭО Вьетнаммен ЕСА шеңберінде экспорттың жандану мүмкіндігін зерделейді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Вьетнаммен Еркін сауда аймағы (ЕСА) туралы келісімді іске асыру туралы баяндаманы қарады. 2016 – 2020 жылдары бұл елге Еуразиялық экономикалық одақтан экспорт 9,9% артқаны, импорттың 64,1% өскені тиянақталды.

ЕАЭО-ға әкелінетін өнімдер арасынан мейлінше көп жеткізілімдер көлемі ұялы телефондарға, сондай-ақ радио және телеаппаратураларға сәйкес келді, бұл әлемдік жетекші брендтердің Вьетнам аумағында өндірісті жергіліктілендіруіне байланысты. Преференциялық уағдаластықтармен қамтылған тауарлар арасынан аяқ киім, күртелер, шаңсорғыштар, құлаққаптар мен қорғасын аккумуляторлары айтарлықтай артты.

Өз кезегінде, ЕАЭО-ға еркін сауда режімінің артықшылықтарын бидай, жүгері, шошқа етін, кокс, жүк автомобильдерін, балалар тағамын, сондай-ақ тамақ және мұай өнімдерінің кейбір түрлерін жеткізушілер пайдаланды. Алайда Вьетнамға жеткізілетін тауарлардың арасында кедендік баждарды азайту туралы уағдаластық тізбесіне кірмейтін көмір мен металл өнімдері жоғары орында тұрды.

«ЕЭК Кеңесінің қарау нәтижелері бойынша ЕСА шеңберінде Вьетнаммен өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігі атап өтілді. Одақ мемлекеттерінің үкіметтері келісім күшіне енген сәттен бастап кедендік әкелу баждарын азайту немесе нөлге түсіру болған тауар позициялары бойынша экспорт көлемін арттыру мүмкіндігін зерделейді»,- деп хабарлады Комиссияның сауда блогы.