Жаңылыктар

01.12.2021 (Обновлено: 31.03.2022 17:38)

ЕЭК пен ЕАЭО-ның Іскерлік кеңесі Одақтың сауда желілері мен өнім жеткізушілері арасындағы өзара іс-қимылға арналған ұсынымдар әзірлейді

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесі 30 қарашада Мәскеуде ЕЭК пен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік кеңесінің отырысында ниеттер туралы хаттама жасасты. Хаттама «бестік» елдерінің сауда желілері мен тұтыну тауарларын жеткізушілері арасындағы өзара іс-қимылдың әділетті жағдайларын белгілеу жөнінде ұсынымдар тұжырымдауға қарай жасалған алғашқы қадам болды.
«Алдағы жылдың бірінші жартыжылдығында біздің елдеріміздің бизнес-қоғамдастығымен бірлесіп Консультативтік кеңестің отырысында ЕЭК пен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің арасындағы Одақ мемлекеттерінің тұтыну тауарлары саудасына қатысушылардың өзін-өзі реттеу жүйесін қалыптастыру мәселесі бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумды дайындап, қол қоямыз деп ойлаймыз», — деп атап өтті ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев.

Биылғы сәуірде Консультативтік кеңес отырысы шеңберінде кәсіпкерлердің өзара қатынастарын өзін-өзі реттеудің негізгі тәсілдемелері мақұлданды. Қолайлы жағдайлар жасау, ашықтық және нарықтағы дұрыс болжау сауда саласындағы бәсекелестікті қорғау үшін маңызды аспекті болып табылады.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, бөлшек сауда көлемінің жыл сайынғы өсімі 2-4% құрауы мүмкін.

Бұл ретте бөлшек сауда нарығының тартымдылығы оның Еуразиялық экономикалық одақта жарты триллион АҚШ долларынан астам сомаға жетіп отырған көлеміне негізделген.

Бүгінде бөлшек сауда нарығындағы желілік компаниялар үлесінің айтарлықтай өсуі байқалып отыр. Бұған сауда форматтарының кеңеюі — нарықтарда супермаркеттер мен гипермаркеттердің, қадамдық қол жеткізу дүкендерінің жұмыс істеуі ықпал етуде.

Цифрландырудың арқасында онлайн-сауда және тамақ өнімдері мен көпшілік қолды тауарларды жеткізу дамуда.