Жаңылыктар

26.10.2021 (Обновлено: 30.03.2022 10:59)

ЕАЭО елдерінің ғылыми-өнеркәсіптік әлеуеті инновациялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында ЕАЭО елдерінің өкілдерімен бірге Дубайда өтіп жатқан «Экспо-2020» дүниежүзілік көрмесінде болды.

ЕЭК министрі әріптестерімен бірге Еуразиялық экономикалық одақ  мемлекеттерінің және басқа елдердің экспозицияларын қарады,  табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайландыру, энергия үнемдеу және тұтастай жасыл экономика салаларындағы аса жаңа жетістіктермен танысты.

Қазір Комиссияның Одақта  экологиялық таза электр көлігін   танымал етуге ықпал ететін және көліктің осы түрін дамытудың ақпараттық, ұйымдастыршылық және қаржылық аспектілері мен ілеспе инфрақұрылымын қамтитын қосымша шараларды әзірлеп жатқанын ескере келіп, Қазақстан  павильонында болған кезінде Артак Камалян «Адель Энерджи» компаниясының электромобильдердің зарядтау станциялары үшін  басқарушы модульдер шығаратын әзірлемесіне назар аударды.

«Одақ елдерінің ғылыми және өнеркәсіп секторларының  әлеуеті ортақ өнеркәсіптік саясатты  іске асыру кезінде өзара іс-қимылды өсіре түсуге серпім беруге, инновациялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге және Еуразиялық экономикалық одақтың өнеркәсіп саласындағы  жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді»,- деп атап көрсетті ЕЭК министрі.

Одақта қазірдің өзінде «2021–2025 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электр, гибридтік қозғалтқыштары бар, сондай-ақ қозғалтқыштары табиғи газбен жұмыс істейтін доңғалақты көлік құралдарының өндірісі мен пайдаланылуын ынталандыру туралы»  ұсыным қабылданғанын, сондай-ақ электр қозғалтқышы бар доңғалақты көлік құралдарының өндірісі мен пайдаланылуын ынталандырудың халықаралық тәжірибесіне шолу дайындалғанын атап өткен жөн.

Бұдан басқа, Біріккен Араб Әмірліктерін  және Таяу Шығыстың басқа  елдерін қоса, бірқатар мемлекеттермен  озат өнеркәсіптік бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту  2020 жылғы желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекіткен ЕАЭО-ның 2021 жылға арналған  халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын іске асыру кезіндегі басымдықты  міндеттердің бірі болып табылады.


Анықтама:

«Экспо» –  ең белгілі, мол дәстүрі бар дүниежүзілік көрме. Ол әрбір бес жыл сайын  әртүрлі елде өтеді. Көрме бірінші рет 1851 жылы өткізілді. «Экспо-2020»  2021 жылғы 1 қазанда ашылды және жарты жылға созылады. Ұйымдастырушылардың алдын ала бағалауы бойынша, «Экспо-2020»   дүниежүзілік көрмесін ол жұмыс істейтін 173 күн ішінде 25 млн дейін адам келіп көреді.