Жаңылыктар

21.12.2021

ЕАЭО-дағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы алғашқы статистикалық зерттеу жарияланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті Еуразиялық экономикалық одақтағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы алғашқы статистикалық зерттеуді ұсынды. Жинаққа 2016 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі аралықтағы зейнетақымен қамсыздандыру көрсеткіштері және еңбекке қабілетті жастан асқан халықты сипаттайтын өзге де әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша деректер енген.

Мәселен, 2021 жылдың басында ЕАЭО халқының саны 184 млн адамды құрады, олардың 49 млн жуығы зейнетақы алады. Зейнетақы мөлшері Қырғызстандағы 79 АҚШ долларынан (6 102 сом) Ресейдегі 208 АҚШ долларына (14 986 рубль) дейін құрайды.

Жұмыс істейтін зейнеткерлер үлесі Қырғызстандағы 10%-дан бастап Беларусьтағы 25%-ға дейін түрленіп отырады.

Ең көп астаналық зейнеткерлер — Арменияда (37%), олардың ең азы — Қазақстанда (5%).

ЕАЭО бойынша орта есеппен еңбекке қабілетті 100 адамға 22 зейнеткер (7 еркек және 15 әйел) тура келеді.

Зейнет демалысына шығу ЕАЭО елдерінде әртүрлі: еркектер үшін — Ресейдегі 60,5 жастан Армениядағы, Қазақстандағы және Қырғызстандағы 63 жасқа дейін, әйелдер үшін – Ресейдегі 55,5 жастан Армениядағы 63 жасқа дейін.

Неғұрлым толық ақпарат — Статистика департаменті бетіндегі «Зейнетақымен қамсыздандыру. ЕАЭО статистикасы» жинағында.