Жаңылыктар

17.09.2021 (Обновлено: 07.02.2022 17:10)

ЕЭК Кеңесі тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласында пилоттық жобаны іске қосу үшін қажетті шешім қабылдады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласында пилоттық жобаны іске асыру үшін қажетті шешім қабылдады. Сөз Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік актілер пакетіндегі осы бағыт бойынша қорытындылаушы құжат туралы болып отыр.

«Кеңес шешімі электрондық сауда бойынша экспериментті толық мәнінде іске асыру үшін қажет. Ол жеке тұлғалардың бұрын кедендік қоймаларда орналастырылған тауарларды электрондық саудамен алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл Одақ аумағында қоймалық инфрақұрылымды дамытуға және азаматтарға тауарды бұдан да тез жеткізуге ықпал ететін болады»,- деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Максат Мамытканов.

Енді Интернет желісінде сатып алынатын шетелдік тауарлар декларация берілгенге дейін шығарылуы мүмкін тауарлардың санаты ретінде айқындалған. Мұндай оңайлатылған шығару тек мамандандырылған тұлғалар - жеке тұлғалар тапсырыс бергенге дейін және оларды кейіннен жеткізгенге дейін электрондық сауда тауарларын кеден қоймаларында орналастыратын Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері айқындаған электрондық сауда операторлары үшін мүмкін болады. Бұл - шығаруды және халықаралық интернет-алаңдарда онлайн-тапсырыстар ресімдеген түпкілікті тұтынушыға жеткізуді тездетуге мүмкіндік береді.

 

Анықтама:

Комиссия Кеңесінің 2021.05.04. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде сыртқы электрондық сауда саласында пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізудің жекелеген мәселелері туралы» № 7 өкіміне сәйкес пилоттық жоба бойынша жұмыс Одаққа мүше мемлекеттерде 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде жүргізіледі. Бұл ретте оның нақтылы қолданылуы 2021 жылғы қарашадан басталады.

 

Бұдан бұрын 3 тамызда Алқа оңайлатылған кедендік декларация толтырудың ерекшелігін айқындайтын үш шешімді бекітті, олар - жедеғабыл жүктер үшін тауарларға арналған декларациялар және декларация берілгенге дейінгі тауарлар шығару туралы өтініштер.