Жаңылыктар

26.11.2021

ЕАЭО елдерінде 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте орташа айлық жалақы артты

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте (Ресейде — 2021 жылғы қаңтар-тамызда) ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекетте 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналдық орташа айлық жалақы артты. Номиналдық және нақты (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тұтыну бағалары индексіне түзетілген) орташа айлық жалақы өсімінің ең жоғары қарқыны Қазақстанда (тиісінше 17,3% және 8,8%) және Беларусьта (тиісінше 14,6% және 4,9%) тіркелді.