Департамент Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын, ветеринарлық-санитарлық, карантиндік фитосанитарлық қауіпсіздігін, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға), карантиндік фитосанитарлық және ветериарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың (өнімдердің) тиісті бірыңғай тізбелерін және осындай тауарларға қойылатын бірыңғай талаптарды дайындау және оларға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының уақытша санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және карантиндік фитосанитарлық шараларды енгізу кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің кедендік шекарада және ЕАЭО кедендік аумағында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау), ветеринарлық және карантиндік фитосанитарлық бақылау (қадағалау) жүргізу тәртібін айқындау;
мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тиісті құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауды қамтамасыз етудің тең жағдайларын қалыптастыру мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында келісілген саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында келісілген саясатты жүргізуге қатысты бөлігінде ЕАЭО туралы шарттың ережелерін іске асыру тәртібі туралы мүше мемлекеттер үшін ұсынымдар әзірлеу;
тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мүше мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдар бағдарламасын әзірлеу және оның іске асырылуына мониторинг жүргізу;
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Консультативтік комитеттің қызметін қамтамасыз ету;
санитарлық, ветеринарлық-санитарлық, карантиндік фитосанитарлық шараларды қолдану және тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаларында ЕЭК пен ЕАЭО-ның халықаралық ынтымақтастығын жүзеге асыру;
жоғарыда аталған салаларда ЕАЭО-ның құқық актілерінің орындалуына мониторинг жүргізу.