Комиссия құрылымы

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) – Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты әрекет ететін реттеуші органы. 2012 жылғы 2 ақпаннан бастап әрекет етуін бастаған.

Еуразиялық экономикалық комиссияның негізгі мақсаты - ЕАЭО әрекет етуінің және дамуының шарттарын қамтамасыз ету, одан әрі интеграция саласындағы ұсыныстарды әзірлеу.

Қазіргі уақытта ЕЭК құрамында бес ел ұсынылып отыр: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы. ЕЭК басқарудың ұлттық органы ретіндегі мәртебеге ие және кез келген ұлттық үкіметтердің мүделерін өз шешімі ретінде айғақтамай, өз төңірегінде еуразиялық экономикалық интеграция жобасында жалпы мүше мемлекеттердің мүдделерін басшылыққа алады. Комиссияның шешімдері ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумақтарында орындалуға міндетті болады.

ЕЭК құру жайлы шешімнің негізінде төрт мемлекет бірге жаһандағы тұрақсыздықтың жағымсыз салдарын төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге, сыртқы нарықта өздерін белсенді танытатындығын ұғынуы жатыр. Еуразиялық экономикалық одақ бірлестіктің мақсаттарын қолдайтын және талап етілген міндеттемелерді қабылдауға дайын басқа да, мемлекеттерді қабылдауға ашық.

Комиссияның аса маңызды артықшылығы - барлық қабылданған шешімдердің алқалы негізде қабылданатындығында. Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы 10 мүшеден (әр мүше мемлекеттен Комиссияның 2 Алқа Мүшесінен (Министрден) тұрады, соның ішіндегі біреуі Комиссия Алқасының Төрағасы болып табылады.

Алқаның Төрағасы және Алқаның өкілеттіктерін ықтималды түрде ұзарта отырып мемлекет басшыларының деңгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кенестің шешімімен 4 жылға тағайындалады. Алқа дауыс беру арқылы шешім қабылдайды.

ЕЭК қызметі Алқа мүшелері (Министрлер) жетекшілік ететін функционалдық бағыттар бойынша құрылған. Әрбір бағыт салалардан құралған блоктан және экономикалық қызметтің саласын ұсынады. Алқа мүшелері мен ЕЭК департаменттері өз қызмет бағыттарының шеңберінде уәкілетті ұлттық билік органдарымен өзара әрекеттесіп отырады.

Қазіргі сәтте ЕЭК құрылымында 25 департамент әрекет етеді. Олардың қарамағында ЕЭК Алқасына ұсыныстарды әзірлеу және уәкілетті ұлттық билік органдары өкілдерімен консультациялар жүргізу мақсатымен 20 Консультативтік комитет құрылды. Өздерінің қызмет бағыттарына сәйкес Алқа мүшелері (Министрлер) комитеттердің төрағалары болып табылады.

Өз жұмысында Комиссия негізгі серіктестермен жан-жақты диалогтар жүргізуді қолдап отырады. Диалогтың алғашқы деңгейі - мемлекетаралық, шешімдерді әзірлеу және қабылдау үдерісінде ұлттық билік органдарымен тиімді өзара әрекеттесудің құрылуын көздейтін деңгей. Диалогтың екінші деңгейі - бизнес-қоғамдастықпен жұмыс жасаудың тікелей нысаны.

ЕЭК қызметінің негізгі кәсіби қағидаттары - саясатқа кірістірмеу, мүдделер тепе-теңдігі, тиімділік және айқындық болып табылады.

ЕЭК еуразиялық қоғамдастықтың қызметін ұсыну және еуропалық әрі азия-тынық мұхиты аймақтарындағы негізгі серіктестерді интеграциялық үдерістерге кірістіру мақсатымен халықаралық аренадағы белсенді көзқарасын ұстанып отыр.

Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметіндегі негізгі бағыттар:

  • әкелу кеден баждарын есепке жатқызу және үлестіру;
  • үшінші елдерге қатысты сауда режимдерін орнату;
  • сыртқы және өзара сауданың статистикасы;
  • макроэкономикалық саясат;
  • бәсекелестік саясат;
  • өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы субсидиялары;
  • энергетикалық саясат;
  • табиғи монополиялар;
  • мемлекеттік және (немесе) муниципалдық) сатып алулар;
  • қызметтермен өзара саудаласу және инвестициялар;
  • көлік және тасымалдау;
  • валюта саясаты;
  • зияткерлік қызметтің нәтижелерін қорғау әрі сақтау және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді дараландыру құралдары;
  • еңбек көші-қоны;
  • қаржы нарықтары (банк саласы, сақтандыру саласы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы);
  • кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу;
  • кедендік әкімшілендіру;
  • ақпараттандыру;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • және басқалары;