Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Симонян Варос Арутюнович

тақырыбы бойынша жаңалықтар «Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»

16 сәуірдің 2025 ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының Ресей-Беларусь шекарасы арқылы өтуін шектеуге байланысты кедергі жойылды 2025 жылғы 11 қаңтарда Ресей Федерациясының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Визаларды өзара тану туралы және 2020 жылғы 19 маусымдағы Одақтас мемлекет құру туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің аумағына шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың кіруіне байланысты өзге де мәселелер бойынша келісім күшіне енді. Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссияға Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарының қазіргі уақытта Ресей Федерациясына Беларусь Республикасынан кіруді және Ресей Федерациясынан Беларусь Республикасына халықаралық теміржол және әуе қатынастарының пайдаланылатын жолдары бойынша, сондай-ақ Келісімге қосымшада көрсетілген (алты учаске) автомобиль қатынасы жолдары бойынша шығуды жүзеге асырудың практикалық мүмкіндігі бар екенін хабарлады. Бұған дейін Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтары Ресей Федерациясына Беларусь Республикасынан кіріп, Ресей Федерациясынан Беларусь Республикасына тек авиациялық көлікпен кете алатын. Екі елдің географиялық жақындығын ескере келгенде, бұл шығынды болды және әрдайым ыңғайлы бола бермеді. Келісімнің күшіне енуі арқасында Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтары Беларусь-Ресей шекарасынан автомобиль көлігімен де, теміржол көлігімен де өте алатын болды. 2025 жылғы 15 сәуірде Комиссия Алқасы аталған кедергіні жою туралы мәселені қарады. "ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Комиссияның бірлескен жұмысының арқасында Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтары Ресей-Беларусь шекарасы арқылы еркін жүріп-тұру мүмкіндігіне ие болды. ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілерді жою бойынша жүйелі жұмыс үздіксіз жүзеге асырылады және жалғастырылатын болады. Бұл мән-жайдың біздің елдеріміздің арасында адамдардың жүріп-тұруы мен еңбек ресурстарының еркіндігін практикалық іске асыруға оң әсер ететіні сөзсіз, сондай-ақ Одақта ішкі туризмнің дамуына ықпал ететін болады", — деп атап өтті ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Варос Симонян.
31 қаңтардың 2025 Бақытжан Сағынтаев: "ЕАЭО-дағы цифрландырудың басым бағыты — адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Digital Almaty 2025 цифрлық форумының пленарлық сессиясында Еуразиялық экономикалық одақтағы цифрландыру процестерінің дамуы туралы айтты. ЕЭК Алқасының басшысы атап өткендей, Комиссияның күш-жігері Digital Union тұжырымдамасын жүзеге асыруға шоғырландырылған. "Бүгінгі таңда ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесі жұмыс істейді, ол Digital Union үшін технологиялық іргетас болып табылады. Оның дәйекті дамуы ұлтүсті инфрақұрылымының қалыптасуына әкеледі. Бұл бес түрлі жүйенің бір экожүйеде болуына мүмкіндік береді", – деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев. Бұл ретте ЕАЭО-да мүше мемлекеттердің цифрлық егемендігіне әсер етпейтін үйлесімділік, қадамдастыру және интеграциялану қағидаттарын ұстану жалғасуда. Бұл цифрландыру саласындағы үздік елдік шешімдерді оларды одан әрі масштабтау мүмкіндігімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде интеграцияланған ақпараттық жүйенің технологиялық шешімдері ұлттық цифрлық платформалардың жіксіз өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде трансшекаралық сервистер сенімді әрі қауіпсіз ортада ұсынылуы мүмкін. ЕЭК Алқасының басшысы бүгінде толық форматты мемлекетаралық электронды G2G, B2G және C2G өзара іс-қимылы туралы айтуға болатынын атап көрсетті. Бұл деректер берудің қорғалған желісін іске қосудың және жалпы процестерді кезең-кезеңімен іске қосуды қамтамасыз етудің арқасында мүмкін болды. "Бестік" шеңберінде 77 жалпы процесс бекітілді. Олардың 42-сі қолданысқа енгізілді. Комиссия тағы 24 жалпы процесті іске қосуға дайындады. Қалған 11 процесті дайындау 2025 жылдың соңына дейін қамтамасыз етіледі. Мысалы, өнімнің қауіпсіздік талаптарын растау туралы құжаттардың бірыңғай тізілімін жүргізудің жалпы процесі бизнес үшін бюрократиялық рәсімдерді айтарлықтай қысқартты. Егер нақты адамдар үшін пайдалы жақтарын айтатын болсақ, онда, мысалы, ЕАЭО-ның бір елі азаматының екінші елдегі еңбек өтілі электрондық форматта расталатыны тілге тиек бола алады. Мүше мемлекеттер халқының цифрлауға және басқа процестер мен құжаттарға деген қажеттілігі жоғары. Адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту — Одақтағы цифрландырудың басым бағыты. Форум шеңберінде Комиссия стендінде ЕАЭО елдері үкімет басшыларының қатысуымен Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің сенімді үшінші тарапының қызметін пайдалануын іске қосу бастау алды. Бұл электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тануды іске қосуға мүмкіндік береді, сөйтіп, мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтар үшін трансшекаралық электрондық құжат айналымын қамтамасыз етеді. 
31 қаңтардың 2025 Татьяна Бранцевич ЕЭК-тің Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды Татьяна Викторовна Бранцевич 1974 жылы туған. 1996 жылы Беларусь ауыл шаруашылығы академиясын "АӨК салаларындағы ұйымдастыру және басқару" мамандығы бойынша, 2008 жылы Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясын бітірген. Еңбек қызметін Минск облысының Крупки қаласындағы "Амкодор-Можа" ЖШҚ машина-трактор паркінде экономист болып бастады. 1999-2009 жылдары Минск облысы Бас статистика басқармасының Крупск аудандық статистика бөлімінің бас экономисі болып жұмыс істеді. 2009-2015 жылдары Минск облысының Крупск аудандық атқару комитетінде басшылық лауазымдарда болды. 2015 жылдан 2021 жылға дейін Минск облыстық атқару комитетінде төрағаның орынбасары, экономика комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Инвестициялық, инновациялық қызмет, кәсіпкерлікті дамыту және сыртқы сауда ынтымақтастығы мәселелеріне жетекшілік етті. 2021-2024 жылдары Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары болды. Өңірлік даму, әлеуметтік саясат, АӨК және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелеріне жетекшілік етті. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды және кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржылық сауықтыруды үйлестіруді жүзеге асырды. 2025 жылғы 23 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.
12 желтоқсанның 2024 ЕЭК-тің ішкі нарықтар қызметі департаменті директорының орынбасары болып Нарине Давтян тағайындалды Нарине Гарниковна Давтян еңбек жолын Армения Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында бастады, онда 2006-2008 жылдары аспирантура бөлімін басқарды. 2008 жылғы қыркүйектен қарашаға дейін – Армения Республикасы Сыртқы істер министрлігі Диаспора комитетінің диаспорамен байланыс жөніндегі мәдени бағдарламалардың үйлестірушісі. 2008-2013 жылдары – Армения Республикасы Диаспора министрлігі аппаратының бірінші бөлімінің бастығы. 2013-2014 жылдары – VLHAQ жол-құрылыс компаниясының құқықтық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары. 2014-2024 жылдары Армения Республикасының Конституциялық сотында судьяның көмекшісі болып жұмыс істеді. 2009 жылы Армения Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының заң факультетінің магистратурасын бітірді. 2013 жылы «Құқықты іске асыру мәселелері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2014 жылдан бастап Ереван мемлекеттік университетінің заң факультетінде, сондай-ақ Ресей-Армян университетінің Құқық және саясат институтында сабақ берді. Азаматтық қызмет жөніндегі 2-дәрежелі мемлекеттік кеңесші. 2024 жылғы 3 желтоқсаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар қызметі департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.
Тағы да көрсету

тақырыбы бойынша шешімдер «Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»

31
16.03.2021 Решение Коллегии ЕЭК № 31 О выполнении Российской Федерацией обязательств в рамках функционирования внутреннего рынка Евразийского экономического союза
24
01.03.2021 Решение Коллегии ЕЭК № 24 О выполнении Республикой Беларусь обязательств в рамках функционирования внутреннего рынка Евразийского экономического союза
10
02.02.2021 Решение Коллегии ЕЭК № 10 Об утверждении Методологии разделения препятствий на внутреннем рынке Евразийского экономического союза на барьеры, изъятия и ограничения и признания барьеров устраненными
157
24.11.2020 Решение Коллегии ЕЭК № 157 О выполнении Республикой Беларусь обязательств в рамках функционирования внутреннего рынка Евразийского экономического союза
125
13.10.2020 Решение Коллегии ЕЭК № 125 О выполнении Республикой Казахстан обязательств в рамках функционирования внутреннего рынка Евразийского экономического союза

нормативтік құжаттар

Бағыт бойынша материалдар

18 қарашаның 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
0/0