Симонян Варос Арутюнович
1981 жылы 5 наурызда Армения Республикасының Ереван қаласында туған.
Арменияның Мемлекеттік инженерлік университетін және Брэдфорд университетін (Ұлыбритания) «экономика және басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін әртүрлі лауазымда болып, 1998 жылы коммерциялық саладан бастады.
2002-2008 жылдары Арменияның Мемлекеттік инженерлік университетінде оқытушы болды.
2002-2005 жылдары – Армения Республикасы Сауда және экономикалық даму министрлігінің Кен өндіру өнеркәсібі басқармасының табиғи ресурстарды пайдалану экономикасы бөлімінің жетекші маманы.
2005-2007 жылдары – Армения Республикасы Экономика министрлігінің Еуропалық одақпен және Дүниежүзілік сауда ұйымымен ынтымақтастық басқармасының Еуропалық одақпен ынтымақтастық бөлімінің бастығы болды.
2007-2008 жылдары – Армения Республикасы Экономика министрлігінің Еуропалық одақпен және Дүниежүзілік сауда ұйымымен ынтымақтастық басқармасының бастығы.
2008-2011 жылдары – Армения Республикасы Экономика министрлігінің Еуропалық одақпен ынтымақтастық және халықаралық экономикалық ынтымақтастық басқармасының бастығы болды.
2011-2015 жылдары – Армения Республикасының Еуропалық одақтағы сауда өкілі.
2015-2019 жылдары – Армения Республикасының Еуропалық одақтағы сауда атташесі.
2019 жылғы тамыздан бастап 2021 жылғы қарашаға дейін Армения Республикасы Экономика министрінің орынбасары қызметін атқарды, бірқатар үкіметаралық комиссияның тең төрағасы болды.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен 2021 жылғы 23 қарашадан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі болып тағайындалды.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі болып қайтадан тағайындалды.