Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасына талдау жасау.
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу.
Құзырына бәсекелестік (бәсекелестікке қарсы) саясатты жүзеге асыру, соның ішінде бәсекелестікке қарсы заңнаманың бұзылғандығы туралы істерде және тергеулерде қатысу кіретін Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен өзара әрекеттесу.
Бәсекелестік ережелерін бұзғандық туралы өтініштерді (материалдарды) қарау.
Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің тауар нарықтарына кіргенде (шыққанда) кезігетін кедергілерді жою бойынша ұсыныстар енгізу.
Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің тауар нарықтарын талдауға қатысу.
Бәсекелестік саясаты саласындағы ғылыми зерттеулермен байланысты қызметті ұйымдастыру.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияларға және өзге де іс-шараларға қатысу.