Үшінші бір елдермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау

Еуразиялық экономикалық комиссияның бұрынғы кеңестік кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктермен өзара әрекеттестікті  дамыту мақсатында ЕЭК пен ТМД Атқару комитетінің арасында өзара әрекеттестік туралы Меморандум (жобасы ЕЭК 2012 жылғы 30 тамыздағы  № 155 Шешімімен бекітілді) және ЕЭК мен Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының Одақтық мемлекетінің Тұрақты Комитетінің арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум (жобасы ЕЭК 2012 жылғы 30 тамыздағы  № 156 Шешімімен бекітілді) әзірленіп, жыл соңына дейін қол қою жоспарланды.

ЕО, ЕДҚМ, ЕҚЫҰ, ЮНКТАД сияқты елеулі халықаралық және аймақтық ұйымдардың өкілдерімен жұмыс байланыстары орнатылды. Интеграциялық процестерді тиімді дамыту саласында тәжірибелермен және озық тәжірибе алмасу және еуразиялық интеграцияланудың мәні, істерінің жағдайы мен алдағы міндеттері туралы шынайы ақпараттарды шет елдердегі кең жұртшылыққа жеткізу мақсатымен, осы аталған құрылымдармен өзара әрекеттесуді формализациялау және даму мүмкіншіліктері зерттелуде. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы арасында өзара әрекеттестік туралы Меморандумды әзірлеп, оған қол қою жоспарланып отыр.

ЕЭК үшінші елдермен ынтымақтастығын жолға салу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Анағұрлым қарқынды диалог, еуразиялық кеңістікте интеграциялық процеске қосылуға бағыт ұстанған Қырғыз Республикасымен жүргізіліп келеді.