Соңғы өзгертілген: 15.05.2018 14:37, пайдаланушы: spadmin
Бет мазмұны
 АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫ ҮНДЕСТІРУ

Аккредиттеу

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес, аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі органмен сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындауға сәйкестікті бағалау жөніндегі органның (соның ішінде сертификаттау жөніндегі органның, сынақ зертханасының (орталықтың)) құзыреттілігін ресми мойындауы.

Мүше мемлекеттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 54-бабының ережелерін аккредиттеу жөніндегі органдар орындағанда, мүше мемлекеттердің аккредиттеу ұлттық жүйелеріндегі сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың (соның ішінде сертификаттау жөніндегі органның, сынақ зертханасының (орталықтың)) аккредиттеулерін өзара мойындайды.

 
 

Мүше мемлекеттер мыналар арқылы аккредиттеу саласындағы заңнаманың үндестігін жүзеге асырады:

*халықаралық және өңірлік аккредиттеу жөніндегі ұйымдар қабылдаған халықаралық стандарттар мен өзге құжаттардың негізінде аккредиттеу саласында қағидаларды қабылдау;

*халықаралық стандарттар негізінде әзірленген аккредиттеу саласындағы мемлекетаралық стандарттарды қолдану;

*зертханааралық салыстыру сынауларын (зертханааралық салғастырулар) жүргізуді қамтамасыз ету және:

ақпарат ашықтығы, қайтарымсыздығы және уақтылылығы қағидаттары негізінде аккредиттеу саласында ақпарат алмасу.

Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеуді мүшемемлекеттердің заңнамасына сәйкес осы қызметті жүзеге асыруға уәкілеттікберілген, мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдары жүргізеді​.

Мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдарының бәсекелестігіне жол бермеу үшін бір мүше мемлекеттің сәйкестікті бағалау жөніндегі органы аккредиттеу мақсатында аумағында аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлға ретінде тіркелген сол мүше мемлекеттің осы органына өтініш жасайды.


Одақтың шеңберінде Сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізілімі жұмыс істейді. Бірыңғай тізілім Одақтың мүше мемлекеттеріндегі уәкілетті органдар қалыптастырылуын және жүргізілуін қамтамасыз етіп отыратын ұлттық бөліктерден құралады.

Включение органа по сертификации или лаборатории в Единый реестр осуществляется уполномоченным органом государства-члена Союза в соответствии с Порядком, утвержденным Решением Комиссии таможенного союза от 18 июня 2010 г. № 319.​ 

Бірыңғай тізілімге сертификаттау жөніндегі органды және зертхананы қосуды Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 шешіміменбекітілген Тәртіпке сәйкес Одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органы жүзеге асырады.


 
 
Мемлекеттік бақылау (қадағалау)


2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) саласында мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру қағидаттары мен тәсілдемелері Одақ шеңберіндегі халықаралық шартта айқындалады.

Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруға жауапты болатын Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының тізбесі.

Еуразиялық экономикалық комиссия Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) тиімділігін жоғарылату жөніндегі ұсыныстарды дайындау және техникалық регламенттерді іске асыру бөлігінде Комиссияның шешімдерін мүше мемлекеттердің орындауын мониторингілеуді және талдау жасауды жүзеге асырады.​


Бетті бағалау
Санаттар
Ешбір санат таңдалған жоқ