Ішкі нарықты стратегиялық дамыту бөлімі

Тел.: + 7 (495) 669-24-00

Слободчук Тимур Александрович – белiм басшысы, ішкі нөм.: 58-44

Бурнусузян Мерген Арамович – кеңесші, ішкі нөм.: 58-53

Галстян Нуне Артаковна – кеңесші, ішкі нөм.: 58-55

Каримова Алина Фанильевна – консультант, ішкі нөм.: 51-33



Бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) ішкі нарықтың жұмыс істеуі саласында стратегиялық сипаттағы құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;

2) ішкі нарықтың жұмыс істеуінің жүйелі мәселелері бойынша талдамалық материалдарды дайындайды;

3) ішкі нарықтың жұмыс істеуінің жүйелі мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар мен шаралар кешенін әзірлеуді жүзеге асырады;

4) кедергілермен жұмыс істеу негіздерін әдістемелік әзірлеуді жүзеге асырады;

5) ішкі нарықтағы кедергілерді анықтау және жою жөніндегі жұмысты реттейтін Одақ органдарының актілерінің жобаларын және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындайды;

6) ақпараттық порталды әзірлеуге және оңтайландыруға қатысады;

7) мүше мемлекеттердің ішкі нарықтың жұмыс істеуі шеңберінде кедергілер мен шектеулерді жоюы бойынша жұмыс нәтижелері бойынша жыл сайынғы талдамалық есептерді дайындауды жүзеге асырады;

8) халықаралық шарттардың жобалары, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен Комиссия шешімдері, сондай-ақ өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша анықтамаларды, негіздемелерді және басқа да талдамалық материалдарды дайындайды;

9) қажет болған жағдайда бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссияның жұмыс және сарапшылық топтарының, консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарына қатысады.