ҚҰЗЫРЕТ:
Департамент өз қызметін келесі салаларда жүзеге асырады:
1. Еңбек көші-қоны және көші-қон саясаты;
2. Еңбек етуші мүше мемлекеттерді әлеуметтік, зейнетақымен және медициналық қамтамасыз ету, білім беру және кәсіби қызметі;
3. Одақтың аясында халықаралық шарттармен белгіленген өзге де салаларда.
ДЕПАРТАМЕНТТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:
-
Комиссияның құрылымдық бөлімшелерімен, мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен, консультативтік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен бірге Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясаттың қалыптасуы мен өткізілуін қамтамасыз ету;
-
Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ аталған салаларда мүше мемлекеттердің заңнамасын жетілдіру, үйлестіру және (немесе) біріздендіру бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу.
-
жұмыс күшінің еркін қозғалысы жолындағы кедергілерді жою, Одақтың аясында еңбек ресурстарының бірыңғай нарығының қалыптасуына жәрдемдесу;
-
мүше мемлекеттердің еңбек етушілері мүше мемлекеттерде еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін оларды ұйымдастырып жинау және тарту бойынша мүше мемлекеттердің ынтымақтастығына жәрдемдесу.