Департаменттің негізгі міндеттері:
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің, Комиссия Кеңесінің, Комиссия Алқасының отырыстарын, Комиссия Алқасы Төрағасының және Комиссия Алқасы мүшелерінің қатысуымен өтетін іс-шараларды протоколдық қамтамасыз ету, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелерін және департаменттерінің қызметкерлерін іссапарға жіберу тәртібі мен шарттары туралы ережеге сай Комиссия Алқасының мүшелері мен Комиссия қызметкерлерінің іссапарларын қамтамасыз ету, сондай-ақ Комиссия Алқасы Төрағасымен және Комиссия Алқасы мүшелерімен кездесу үшін келетін делегацияларды қабылдауды протоколдық қамтамасыз ету;
Жоғары кеңестің, Комиссия Кеңесінің, Комиссия Алқасының отырыстарын, Комиссия Алқасы Төрағасының және Комиссия Алқасы мүшелерінің қатысуымен өтетін іс-шараларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
Комиссия басшылығы мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметін құжаттамалық және техникалық қамтамасыз ету;
Комиссия қызметін стратегиялық жоспарлау;
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мүше мемлекеттердің экономикаларын әлеуметтік-экономикалық талдау және дамытуды болжау;
мүше мемлекеттердің аумағында ғылыми-технологиялық даму саласында Комиссия саясатын іске асыру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;
ресми ақпараттық ресурстарда Комиссия қызметі туралы ақпарат орналастыру жөніндегі жұмысты жоспарлау және жүзеге асыру, Комиссия қызметінің мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен, мүше мемлекеттердегі мемлекеттік билік органдарының, халықаралық ұйымдардың, коммерциялық құрылымдардың жұртшылықпен байланыс жасау жөніндегі бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау, Комиссия Алқасы Төрағасының және Комиссия Алқасы мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру, Комиссия Алқасының Төрағасы мен Комиссия Алқасының мүшелерін объективті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ашық дереккөздер негізіндегі ақпараттық-талдамалы қызметті жоспарлау және жүзеге асыру;
баспа қызметіне, ресми сайтты әзірлеу мен дамытуға, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да көпшілік іс-шараларын ұйымдастыруға байланысты коммуникативтік жобаларды іске асыру арқылы Комиссия қызметі туралы объективті пікір қалыптастыру;
аудио, фото және видеоматериалдарды дайындау бөлігінде Комиссия қызметін сүйемелдеу, Комиссияға қатысы бар полиграфиялық материалдарды, мультимедиялық өнімдерді және материалдық объектілерді дайындау және шығару кезінде бірыңғай стильдік тәсілдемелер мен шешімдерді қамтамасыз ету үшін Комиссияның фирмалық стилін әзірлеу, ендіру және пайдаланылуын бақылау; сондай-ақ өзге де коммуникативтік форматтармен сүйемелдеу.
Департаментте мынадай құрылымдық бөлімшелер құрылған:
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімі
Жоспарлауды және бақылауды жиынтықтау бөлімі
Іс қағаздарын жүргізу және бақылау бөлімі
Протоколдық қамтамасыз ету бөлімі
Баспасөз қызметі бөлімі
Талдамалық сүйемелдеу бөлімі
Визалық қолдау және тілдік коммуникациялар бөлімі