Комиссияның
Келісім шеңберіндегі табиғи монополиялар мәселелері бойынша құзыреті (2012
жылғы қаңтардан бастап 2014 жылғы мамырға дейінгі аралықтағы кезең):
- Кезең-кезеңдік жоспарға ұсыныстар дайындау;
- Кезең-кезеңдік жоспарды іске асыру мониторингін
жүргізу критерийлері және тәртібі бойынша ұсыныстар дайындау;
- ұлттық органдардың табиғи монополиялар саласына
қатысты шешімдерін үйлестіру (әзірлеу және іске асыру) тәсілдеріне қатысты
ұсыныстарды талдау және тұжырымдау;
- тиісті жыл сайынғы есептер мен баяндамаларды
әзірлей отырып, Тараптар мемлекеттеріндегі табиғи монополиялар субъектілерінің
қызметін реттеу жүйесі мен практикасына салыстырмалы талдау жүргізу;
- табиғи монополиялар салаларындағы экологиялық
аспектілерге, энергия тиімділігіне қатысты реттеуді үндестіруге жәрдемдесу;
- Келісімді іске асыру туралы жүргізілген
жұмыстардың нәтижелерін ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының Жоғары
органы) қарауына ұсыну;
- Тараптардың ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің
(Кеден одағының Жоғары органы) белгілеген жақындатуға жататын табиғи
монополиялар саласындағы нормативтік құқықтық актілер тізбесіне ұсыныстар
дайындау.
Комиссияның Шарт шеңберіндегі табиғи монополиялар
мәселелері жөніндегі құзыреті (2014 жылғы мамырдан бастап):
- мүше мемлекеттерде табиғи монополиялар салаларын
кеңейту туралы шешімдер (Комиссияға тиісті өтініштер түскеннен кейін) қабылдау;
- тиісті жыл сайынғы есептер мен баяндамаларды
әзірлей отырып, мүше мемлекеттердегі табиғи монополиялар субъектілерінің
қызметін реттеу жүйесі мен практикасына салыстырмалы талдау жүргізу;
- табиғи монополиялар салаларындағы экологиялық
аспектілерге, энергия тиімділігіне қатысты реттеуді үндестіруге жәрдемдесу;
- жүргізілген жұмыстардың мүше мемлекеттердің
ұлттық органдарымен келісілген нәтижелерін, сондай-ақ табиғи монополиялар
саласындағы жақындатуға жататын НҚА белгілеу жөніндегі мүше мемлекеттермен
келісілген ұсыныстарды ЖЕЭК қарауына ұсыну үшін материалдар дайындау және
кезектілігі айқындалуына қарай үндестіру жөнінде тиісті шараларды жүзеге асыру.