Департамент туралы

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаменті (бұдан әрі – Департамент, Комиссия) Комиссияның энергетика саласындағы қызметін қамтамасыз ететін Комиссияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.  

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаменті туралы ереже Комиссия Алқасы Төрағасының 2012 жылғы 16 тамыздағы №245 бұйрығымен бекітілген.

Департаменттің негізгі міндеттері:

- Комиссияның энергетика саласындағы функцияларының іске асырылуын қамтамасыз ету;

- Тараптардың келісілген энергетика саясатын жүргізуіне жәрдемдесу;​

- электр энергетикасы, газды, мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы интеграцияны тереңдету бойынша ұсыныстар дайындау; 

- 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың энергетика саласына қатысты ережелерінің іске асырылуы жөніндегі жұмысты 

ұйымдастыру;

- электр энергиясының, газдың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыруға жәрдемдесу;

​- энергетика саласындағы мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуына жәрдемдесу.

​​Департаментте үш бөлім құрылған:

- электр энергетикалық және атом саясаты бөлімі;

- мұнай-газ саясаты бөлімі;

- энергетикалық ресурстар саудасын дамыту бөлімі.

Бөлімдер Департамент міндеттерінің шешілуін және функцияларының орындалуын қамтамасыз етеді. ​