тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Выберите язык

тақырыбы бойынша жаңалықтар «Экономика және қаржы саясаты»

02 шілденің 2025 Бақыт Сұлтанов Ресей Орталық Банкінің Төрағасы Эльвира Набиуллинамен келіссөздер жүргізді Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов 2 шілдеде Санкт-Петербургте Ресей банкінің Қаржы конгресінің алаңында Ресей Федерациясы Орталық Банкінің Төрағасы Эльвира Набиуллинамен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ қаржы нарығын үйлестіру және одан әрі қалыптастыру тәсілдерін талқылады, ЕАЭО аясында экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық бағыт» декларациясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жобасының проблемалық тұстарын қарастырды. Сонымен қатар, сапар аясында Бақыт Сұлтановтың Ресей Федерациясы Орталық Банкі Төрағасының орынбасары Ольга Поляковамен ортақ қаржы нарығын қалыптастыру және үйлестіру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті. «Ортақ қаржы нарығын қалыптастыру – ЕАЭО-ның стратегиялық міндеттерінің бірі. Осы саладағы тәсілдерді үйлестіру бізге бірыңғай, ашық және сенімді қаржы кеңістігін құруға мүмкіндік береді, бұл инвестициялар үшін сөзсіз қарымды ынталандыру болады, Одаққа қатысушы барлық елдердің экономикалық дамуы үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді», – деп атап өтті ЕЭК министрі. Конгресс дәстүрлі түрде Ресей Банкі басшылығының, Ресейдің жетекші қаржы ұйымдарының, мемлекеттік органдардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдері арасындағы бизнес-диалогтардың жетекші алаңы болып табылады. Қатысушылар қаржы нарығын реттеу, оның цифрлық инфрақұрылымдарын дамыту, биржалық кеңістік пен төлем жүйелерінің жай-күйі мен перспективалары мәселелерін талқылайды. «Ресей Банкінің Қаржы конгресі сияқты алаңдар маңызды диалогты дамыту және қазіргі қаржы ортасының түйінді үрдістері мен сын-қатерлерін талқылау үшін маңызы зор, қатысушыларға ЕАЭО-ның барлық елдерінің қаржы секторының тұрақтылығы мен орнықты дамуына бағытталған тиімді шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.  
27 маусымның 2025 Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес ЕАЭО-дағы қызметтердің жекелеген секторларын ырықтандыру туралы баяндаманы мақұлдады Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО аясында қызметтердің жекелеген секторлары бойынша ырықтандыру жоспарларын іске асыру туралы баяндама қабылданды. Баяндамада туризм, метеорология, маркшейдерлік жұмыстар, бағалау қызметі, құрылыс және кинематография сияқты бағыттар бойынша 2024 жылғы мониторинг нәтижелері ұсынылған. Әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімдерді әзірлеуді аяқтау, сондай-ақ осы секторлардағы реттеуді үйлестіру үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу мәселелері атап өтілді. «Баяндаманы қабылдау біздің кедергісіз қызметтердің бірыңғай нарығын құруға деген ортақ міндеттемемізді растайды. Негізгі секторларды ырықтандыру бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және Одақ елдері арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды нығайтады. Қазір нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында әдістемелік тәсілдерді келісуге көңіл бөлу аса маңызды», — деп түсіндірді Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов.  
27 маусымның 2025 ЕАЭО-да 2023-2024 жылдардағы қызметтер саудасын реттеу ережелерін сақтау қорытындысы шығарылды Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес елдердің үкіметтері және Еуразиялық экономикалық комиссия дайындаған Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің 2023-2024 жылдары көрсетілген қызметтер саудасын, мекеме мен қызметті реттеу қағидаларын орындауға жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы баяндаманы қарады. Баяндамада ережелерді сақтаудың негізгі аспектілері, атап айтқанда, мемлекеттерде кәсіпкерлер үшін қолайлы рәсімдерді қолдану көрсетілген. Олардың ішінде – реттеуші әсерді бағалау (РӘБ), «үндемеу – көнгендіктің белгісі» қағидатын қолдану және бизнесті тексеру кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізу. «Біз қатысушы елдердің өз заңнамасына Ережелерді енгізудегі оң динамикасын көріп отырмыз. Баяндама құжатта көзделген шарттарды іске асыру 100 пайызға дейін жететінін растайды. Бұл Одақ шеңберінде бизнес үшін ашық және жайлы жағдай жасаудың маңызды қадамы», — деп атап өтті ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов. ЕЭК министрі «үндемеу – көнгендіктің белгісі» қағидатын енгізудің маңыздылығына назар аударды, оған сәйкес мемлекеттің құзыретті органы белгіленген мерзімде өтініш берушіге тиісті рұқсат беруі немесе дәлелді бас тартуды ұсынуы тиіс, әйтпесе өтініш беруші жүзеге асыру үшін өтініш берілген қызметке автоматты түрде құқық алады. 2023 – 2024 жылдарға, сондай-ақ өткен кезеңдерге арналған баяндамамен Комиссияның сайтында оқып танысуға болады.
27 маусымның 2025 ЕАЭО-да спорт саласындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды Бүгін Еуразиялық экономикалық одақтың бес мемлекетінің көшбасшылары спорт саласындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын бекітті. Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясында көзделген құжат ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын – спорт инфрақұрылымын дамыту, спорт тауарлары өндірісін ұлғайту және оларды алмасу, спорт туризмін қоса алғанда, спорт индустриясы қызметтерін дамыту, сондай-ақ бірлескен форумдар мен көрмелер ұйымдастыруды айқындайды. Экономикалық ынтымақтастықтың негізгі факторлары ретінде «бестік» елдерінің географиялық жақындығы және дамыған спорттық инфрақұрылым белгіленді. «Бұл факторлар жинақталып синергетикалық әсер ету және интеграциялық процестерді тереңдету үшін қолайлы негіз жасайды. Бірлескен күш-жігермен біз Одақ елдерінің азаматтарын сапалы спорт өнімдерімен қамтамасыз ете аламыз, спорттық инфрақұрылымды дамыта аламыз және спорт саласындағы экономикалық өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтере аламыз», — деп түсіндірді Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов.  
Тағы да көрсету

Бағыт бойынша материалдар

18 қарашаның 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
24 қазанның 2016 ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменовтің БелТА АА-ға берген сұхбаты: «Беларусь ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерде өзекті рөл атқарады» Беларусь, Ресей, Қазақстан, Армения және Қырғызстан екі жыл бойы Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында тіршілік етуде, белгілі бір сын-қатерлерге кезігуде және оларға бірлесіп қарсы тұруға әрекет етуде. Қазанның аяғында Минск Одақ шеңберіндегі кезекті ірі кездесуді қабылдайды – Беларусь астанасында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтпек. Осы маңызды іс-шара қарсаңында БЕЛТА тілшісі 2016 жыл ЕАЭО үшін не бергенін, қатарлас импорт пен кеден баждары мөлшерлемелерін белгілеудің проблемалық мәселелері қалай шешілетінін және бірыңғай қаржы нарығын құру бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын білу үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Сүлейменовпен кездесті. ​