Тауарларды электрондық декларациялауды дамыту

Бет суреті
Бет мазмұны

Тауарларды электрондық декларациялауды дамыту

Тауарлардың электрондық декларациялануының  Технологиясы Кеден одағының Кедендік кодексі қабылданғанға дейін  Кеден одағына мүше мемлекеттерде даму қарқынын алды:

– Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің 2002 жылдың 27 желтоқсанындағы № 1819 қаулысымен қабылданған Беларусь Республикасында 2005 жылдарға және 2010 жылдың болашағына Беларусь Республикасының «Электронды Беларусь» Ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы элементі түрінде;

– Ресей Федерациясында Ресей Федерациясы Үкіметінің  2002 ж. 28 қаңтарында қабылданған № 65 қаулысымен «Электронды Ресей (2002 - 2010 жылдары)» мақсатты Федералдық бағдарламасы іс-шараларының ажырамас бөлігі ретінде.

Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуын, кедендік әкімшілендіру саласында интеграциялық процестерге көмектесуді  қамтамасыз ету үшін Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеден одағына мүше мемлекеттерде қолданылатын  тауарларды электрондық декларациялау тәртібін үйлестіру және біріздендіру мәселелеріне жоғары назар аударады.

Кеден одағының Кедендік кодексі арқылы кедендік органдарда ақпараттық жүйелерді және ақпараттық технологияларды, сонымен қатар, ақпараттарды алмастырудың электрондық тәсіліне негізделген қолданудың негізін қалаушы принциптері бекітілген.

 Тараулар:

Тауарларды электронды декларациялаудың құқықтық негізі​​
Кеден одағына мүше мемлекеттерде тауарларды электрондық декларациялауды жүзеге асыру​
Тауарларды электронды декларациялауды дамыту болашақтары