Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы алып өту белгіленген ережелер мен нормаларды сақтауды талап етіледі.
Кеден одағының кедендік заңнамаларын сақтауды қамтамасыз етуді бақылау бойынша міндеттемелер Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік органдарына жүктелген.
Бұл міндетті орындау шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік органдары кедендік декларациялар беруден бұрынғы әрі кедендік рәсімнен өткізу үшін жайғастыруға байланысты кедендік операцияларды жүзеге асырады және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы алып өтілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылау жүргізеді.
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын алып өтуде кедендік төлемдерді есептеу және алу, кедендік статистиканы қалыптастыру және Кеден одағының заңнамалары мен Кеден одағына мүше мемлекеттердің басқа да заңнамаларын қолдану мақсатында кедендік декларациялар қоса берілуі тиіс.
Мәлімденетін кедендік процедуралар мен тауарларды алып өтетін тұлғаларға байланысты кедендік декларацияның келесі түрлері қолданылады:
| Тауарларға декларация, қосымша парақ |
---|---|
| Транзиттік декларация, қосымша парақ |
| Жолаушылық кедендік декларация |
| Көлік құралдарына декларация |