тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Выберите язык
01.08.2014

Кеден одағының теміржол көлігі саласындағы техникалық регламенттері күшіне енеді

2 тамыздан бастап КО Комиссиясының 2011 жылдың 15 шілдесіндегі № 710 шешімімен қабылданған, Кеден одағының (КО) «Жылжымалы теміржол құрамының қауіпсіздігі туралы», «Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы» және «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттері күшіне енеді.
2 тамыздан бастап КО Комиссиясының 2011 жылдың 15 шілдесіндегі № 710 шешімімен қабылданған, Кеден одағының (КО) «Жылжымалы теміржол құрамының қауіпсіздігі туралы», «Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы» және «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттері күшіне енеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу мәселелері бойынша Алқа мүшесі (Министр) Валерий Корешков, өнімге қойылатын бірыңғай талаптарға және оны ортақ кедендік аумақта теміржол көлігі саласындағы айналымға шығару ережелеріне өту Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) шеңберінде ықпалдасудың маңызды шарты болып табылатындығын атап өтті.  КО комиссиясының жоғарыда аталған шешімімен аталған техникалық регламенттердің күшіне енуі үшін 3 жыл мерзім белгіленген, сонымен қатар осы құжаттарға Стандарттар тізбесі бекітілген. Қолданыстағы тәжірибені ескере отырып, ЕЭК Алқасының 2013 жылдың 2 желтоқсанындағы № 285 шешімімен регламенттерді әрекетке енгізу бойынша өтпелі ережелер өзгертілді – 2016 жылдың 1 тамызында бірыңғай талаптарға, соның ішінде бұдан бұрын міндетті бағалауға жатпаған өнім бойынша, түпкілікті өту күні белгіленген. Бұл өзгерістер КО техникалық регламенттерімен белгіленген міндетті талаптарға біртіндеп өту мүмкіндігін береді.  2016 жылдың 1 тамызына дейін, бұрын КО мен БЭК нормативтік құқық актілерімен немесе КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген, міндетті талаптарға сәйкес жылжымалы теміржол құрамын, жоғары жылдамдықты теміржол көлігін, сонымен қатар теміржол көлігінің инфрақұрылымын өндіру және айналымға шығару мүмкіндігі бұл өнімдердің 2014 жылдың 2 тамызына дейін берілген немесе қабылданған көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттары болған кезде қамтамасыз етілді.  2014 жылдың 2 тамызына дейін КО мен БЭК нормативтік құқық актілерімен немесе КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін міндетті түрде бағалауға (растауға) жатқызылмаған өнімдерге қатысты 2016 жылдың 1 тамызына дейін өтпелі кезең белгіленді. Техникалық регламенттерді қабылдаған сәттен бастап (2011 жылдың 15 шілдесінен бастап) өнімді дайындаушыларға, импорттаушыларға, сәйкестігін бағалау (растау) бойынша органдарға, КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің мемлекеттік органдарына осы техникалық регламенттердің бірыңғай талаптарымен танысу, дайындалу және жоспарлы өту мүмкіндігін ұсынылды. 2014 жылдың 2 тамызынан бастап өнімнің КО мен БЭК нормативтік құқық актілерімен немесе КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің заңнамасымен  белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін міндетті бағалау (растау) туралы құжаттар беру немесе қабылдауға рұқсат етілмейді. Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігі туралы декларация ЕЭК Алқасының 2012 жылдың 25 желтоқсанындағы № 293 шешімімен бекітілген, Бірыңғай нысандарға сәйкес рәсімделеді.  КО «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент күшіне енетін күнге дейін теміржол көлігінің инфрақұрылым нысандарының КО «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) КО «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің 6 бабы 73-81 тармақтарында көрсетілген, теміржол көлігінің ерекшеліктерін ескере отырып, КО мен БЭК мүше-мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.  Техникалық регламенттерді жүзеге асыруға қатысты, соның ішінде КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің нормативтік құқық актілерін техникалық регламенттерге сәйкес келтіру бойынша мәселелерді шешу, техникалық регламенттердің Стандарттар тізбесіне енгізілген, өзге мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарттарын ұлттық деңгейде қолданысқа енгізу, КО сертификаттау бойынша органдарын және сынақ зертханаларын (орталықтарын) өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) бойынша жұмыстарды орындау құқығына аккредиттеу,  техникалық регламент талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарын анықтау ұлттық деңгейде жүзеге асырылады. Сонымен, осы мәселе бойынша шешімдерді КО мен БЭК мүше –мемлекеттердің Үкіметтері, және тиісінше техникалық регламенттердің талаптарының іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіс мемлекеттік органдар қабылдайды.  2014 жылдың наурыз айында Еуразиялық экономикалық комиссияда КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің ұйымдары мен өкілетті органдарының қатысуымен осы техникалық регламенттердің күшіне енуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинар болып өтті.  Анықтамалық ақпарат Техникалық регламент талаптарын қолдануға байланысты мәселелер ЕЭК ресми сайтының «Техникалық регламенттерді жүзеге асыру бойынша өзекті сұрақтарға жауаптар» бөлімінде ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің бетінде мүдделі тұлғалардың кең тобы үшін жарияланады. 1. КО «Жылжымалы теміржол құрамының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (бұдан әрі – КО ТР 001/2011) қайта әзірленетін (жаңғыртылатын), дайындалатын жылжымалы теміржол құрамына және қозғалу жылдамдығы 200 км/сағатқа дейін (қоса алғанда) КО кедендік аумағындағы табанының ені 1520 мм жалпы және жалпы емес пайдаланылатын теміржолдарында пайдалану үшін айналымға шығарылатын оның құрамдас бөлшектеріне қолданылады. Жылжымалы теміржол құрамына мыналар кіреді: 1) локомотивтер; 2) моторвагонды жылжымалы құрам және оның вагондары; 3) локомотивті тартқыштың жолаушылар вагоны (бұдан әрі – жолаушылар вагоны); 4) жүк вагондары; 5) арнайы жылжымалы теміржол құрамы. КО ТР 001/2011 талаптары жылжымалы теміржол құрамы мен оның құрамдас бөлшектерін жобалау және өндіру кезінде, сонымен қатар өнімнің сәйкестігін бағалау кезінде міндетті.  КО ТР 001/2011 әрекеті ұйымның меншік қажеттіліктері үшін жылжымалы теміржол құрамының бастапқы - соңғы операцияларын орындау үшін және ұйымның аумағында адамдар мен материалдық құндылықтарды тасымалдауға арналған, технологиялық теміржол көлігі ұйымының жылжымалы теміржол құрамына қолданылмайды. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде жылжымалы теміржол құрамын пайдалануға қойылатын талаптар КО мүше-мемлекеттердің теміржол көлігі туралы заңнамасымен белгіленеді.  Техникалық регламент адамдар, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын қорғау, мүлікті қорғау, сонымен қатар оның тағайындалуы мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды (пайдаланушыларды) жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында жылжымалы теміржол құрамына және оның құрамдас бөліктеріне қойылатын талаптарды белгілейді. 2. КО «Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (бұдан әрі – КО ТР 002/2011) Жоғары жылдамдықты теміржол көлігіне қолданылады. Жоғары жылдамдықты теміржол көлігі КО ТР 002/2011 техникалық реттеу нысаны  болып табылады, оған мыналар кіреді:  а) жаңадан  әзірленетін (жаңғыртылатын), дайындалатын жоғары жылдамдықты жылжымалы теміржол құрамы және қозғалу жылдамдығы 200 км/сағаттан көп  КО кедендік аумағындағы табанының ені 1520 мм жалпы пайдаланылатын теміржолдарында пайдалану үшін айналымға шығарылатын оның құрамдас бөлшектері: б) жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің инфрақұрылымы, оған мыналар кіреді: теміржол, теміржолды электрмен жабдықтау, теміржол автоматикасы және телемеханикасы, теміржол электр байланысы, сонымен қатар станциялық ғимараттар, құрылыстар мен құрылғылар сияқты жоғары жылдамдықты теміржол көлігі инфрақұрылымының ішкі жүйелері; жоғары жылдамдықты теміржол көлігі инфрақұрылымының ішкі жүйелерінің құрамдас бөлшектері мен құрамдас бөлшектерінің элементтері. КО ТР 002/2011 талаптары жоғары жылдамдықты жылжымалы теміржол көлігі мен оның құрамдас бөлшектерін, құрылысы аяқталған жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің инфрақұрылым нысандарын жобалау (зерттеуді қоса алғанда), өндіру, құру, монтаждау, қалпына келтіру, қабылдау және қолданысқа енгізу кезінде, сонымен қатар өнімнің сәйкестігін бағалау кезінде міндетті. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде жоғары жылдамдықты теміржол көлігін пайдалануға қойылатын талаптар КО мүше-мемлекеттердің теміржол көлігі туралы заңнамасымен белгіленеді.  Техникалық регламент адамдар, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын қорғау, мүлікті қорғау, сонымен қатар оның тағайындалуы мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды (пайдаланушыларды) жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында жоғары жылдамдықты теміржол көлігіне қойылатын талаптарды белгілейді. 3. КО «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (бұдан әрі – КО ТР 003/2011) жалпы пайдаланылатын және жалпы пайдаланылмайтынын қоса алғанда, теміржол көлігінің инфрақұрылымына қолданылады.  Теміржол көлігінің инфрақұрылымы КО ТР 003/2011 техникалық реттеу нысаны болып табылады, оған мыналар кіреді: а) теміржол, теміржолды электрмен жабдықтау, теміржол автоматикасы және телемеханикасы, теміржол электр байланысы, сонымен қатар станциялық ғимараттар, құрылыстар мен құрылғылар сияқты теміржол көлігі инфрақұрылымының ішкі жүйелері б) КО ТР 003/2011 № 1 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша теміржол көлігі инфрақұрылымының ішкі жүйелерінің құрамдас бөлшектері мен құрамдас бөлшектерінің элементтері. КО ТР 003/2011 талаптары, құрылысы аяқталған теміржол көлігінің инфрақұрылым нысандарын жобалау (зерттеуді қоса алғанда), өндіру, құру, монтаждау, қалпына келтіру, қабылдау және қолданысқа енгізу кезінде, сонымен қатар өнімнің сәйкестігін бағалау кезінде міндетті. КО ТР 003/2011 әрекеті ұйымның меншік қажеттіліктері үшін жылжымалы теміржол құрамының бастапқы - соңғы операцияларын орындау үшін және ұйымның аумағында адамдар мен материалдық құндылықтарды тасымалдауға арналған, технологиялық теміржол көлігі ұйымының инфрақұрылымына, сонымен қатар жылдамдығы 200 км/сағаттан артық пойыздар қозғалуға арналған теміржол көлігі инфрақұрылымына (жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің инфрақұрылымына) қолданылмайды. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде теміржол көлігінің инфрақұрылымын пайдалануға қойылатын талаптар КО мүше-мемлекеттердің теміржол көлігі туралы заңнамасымен белгіленеді. Техникалық регламент адамдар, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын қорғау, мүлікті қорғау, сонымен қатар оның тағайындалуы мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды (пайдаланушыларды) жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында теміржол көлігінің инфрақұрылымына қойылатын талаптарды белгілейді.