Жаңалықтар

13.12.2012

ЕЭК Ресей мен Беларусь Одақ мемлекеттерінің Тұрақты комитетімен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

13 желтоқсан күні ЕЭК-те Еуразиялық экономикалық комиссия және мен Ресей және Беларусь Одақ мемлекеттерінің Тұрақты комитеті арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 13 желтоқсан күні ЕЭК-те Еуразиялық экономикалық комиссия және мен Ресей және Беларусь Одақ мемлекеттерінің Тұрақты комитеті арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Комиссияның атынан ЕЭК Алқасының Төрағасы Виктор Христенко, ал Одақтас мемлекет атынан – Мемлекеттік хатшы Григорий Рапота қол қойды. «Біз ықпалдастық процестері шеңберінде белсенді жұмыс істеп жатқан екі құрылымның өзара іс-қимылы туралы меморандумға қол қойдық, бұлар шын мәнісінде статистикадан бастап, нормативтік құжаттарды дайындау мен шығаруға өзара қатысуға дейін құзіреттіліктің барлық маңызды салалары бойынша біздің өзара іс-қимылымызды жүйелеп отырады», - деп хабарлады брифингте БАҚ-тың өкілдеріне Виктор Христенко. Меморандум шеңберінде келесі салаларда ынтымақтастық орнату жоспарланып отыр: сауда саясаты және сауда тәртібін жеңілдету техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету көлік және тасымалдау энергетикалық ынтымақтастық өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекетаралық бағдарламалар көші-қон саясаты бәсекелестік саясаты және баға белгілеу саласындағы саясат. Алқа төрағасы Одақ мемлекеттің Ресей мен Беларустың бірлескендігі КО елдері «үштігіне» қарағанда, алға қарай жылжыған секторларда жинақтаған тәжірибесі ЕЭК үшін өте қажет», -деп атап өтті. «Нақтырақ айтқанда, төлқұжаттық-визалық ынтымақтастық, сондай—ақ, инновациялық және индустриялық дамуды қолдау мемлекетаралық бағдарламаларымен байланысты секторлар туралы сөз болып отыр», - деді Виктор Христенко. Алқа Төрағасы ЕЭК аумағында төлқұжаттық-визалық сала мәселелеріне жалпы амалдар жасау туралы сұраққа жауап бере келе былай деді: «Бізде міндет мынадай көріністе қалыптасып отыр – 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін Еуразиялық экономикалық одағы туралы келісім күшіне енуі қажет. Осы келісімшарттың негізгі маңызды тарауларының бірі жұмыс күшінің еркін қозғалыстарын қамтамасыз етуге қатысты болады. Ал жұмыс күшінің еркін қозғалуы түсінікті көріністі көз алдыңа әкеледі, яғни, құжаттық-визалық режимнің жүзеге асуы қалай болатынын көрсетеді». Виктор Христенко келесі жылдың барысында төлқұжаттық-визалық режимін ырықтандыру үшін Ресей, Беларусь және Қазақстан үшін оңтайлы жол картасын жасап шығаруы мүмкін болатынын, сондай-ақ, КО сыртқы аймағында көші-қон бақылауына бірыңғай амалдар жасалынатын хабарлады. Анықтамалық ақпарат: Меморандум Еуразиялық экономикалық комиссия мен Одақтас мемлекеттердің Тұрақты комитеті арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында дайындалды. Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігінің белсенді мүшелері сияқты Одақ мемлекеттердің белсенділері болып табылады. Бұл Комиссия мен Тұрақты комитеттің мүдделерін біріктіреді, тәжірибе мен білімдерін алмастыру және бірқатар бағыттар бойынша амалдарды үйлестіру үшін мүмкіндіктерге жол ашады. Меморандумға қол қою, сонымен бірге Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде ықпалдастық процестерін әрі қарай дамытуға жағымды ықпалын тигізеді.