тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6857
05 наурыздың 2021
Руслан Бекетаев ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі болып тағайындалды
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен 5 наурыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның жаңа Алқа мүшесі (министр) болып Қазақстан Республикасынан Руслан Бекетаев тағайындалды. Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтағы кәсіпкерлік қызметті дамыту, қаржы саясаты, еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау мәселелері кіреді.
05 наурыздың 2021
ЕАЭО-да құрамында никотин бар өнімге арналған техникалық регламент әзірленеді
Құрамында никотин бар өнімге арналған Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентін әзірлеу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешім қабылдады. ЕАЭО техрегламенттерін әзірлеу жоспарына осындай өзгерістер енгізілді.
05 наурыздың 2021
ЕАЭО-да дәрілерді тіркеу жүйесі жетілдіріледі
ЕЭК Кеңесі 2016-2020 жылдар кезеңінде ұлттық рәсімдер бойынша тіркелген дәрілердің тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізуге қатысты бірқатар нақтылау енгізді. Атап айтқанда, қайта өндірілген және гибридтік препараттарды бағалауды орындау мен тіркеу кезінде қосарласатын сарапшылық есептерді ресімдеу алып тасталды.
05 наурыздың 2021
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО нарықтарында бәсекелестік қағидаларының сақталуын «жұмсақ реттеудің» жаңа механизмін бекітті
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің трансшекаралық нарықтарында бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына соқтыруы мүмкін іс-әрекеттердің жасалуына жол бермеу туралы алдын ала сақтандыру шығару тәртібі бекітілді. Құжатты Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 1 қазанда қол қойылған хаттамаға (қазір Одақ елдері ратификациялау үстінде) сәйкес Комиссияның бәсекелестік блогы әзірледі.
05 наурыздың 2021
ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 5 наурыздағы отырысында металлургияға арналған графиттелген электродтардың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын екі жыл мерзімге 0% мөлшерінде белгілеу, сирек жер металдар өндірісінде және фармацевтикада пайдаланылатын қымыздық қышқылына қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын екі жыл мерзімге 6,5%-дан 0%-ға дейін төмендету, сондай-ақ жаялықша өндіруге арналған суперабсорбенттерге арналған кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасының мерзімін үш жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.
05 наурыздың 2021
ЕАЭО тарифтік преференциялардың бірыңғай жүйесін жетілдіреді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 5 наурызда Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушылардың – дамушы және ең нашар дамыған елдердің тізбесін қайта қарау туралы шешім қабылдады.
05 наурыздың 2021
ЕАЭО-да карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) рәсімі жетілдірілді
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-да карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге өнімнің орамасын таңбалауға бақылау жүргізу кезінде өсімдік карантині инспекторларының жұмысын регламенттеу бөлігінде өзгерістер енгізді.
05 наурыздың 2021
ЕЭК жаялықша өндірісіндегі суперабсорбенттерге арналған кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасын 2023 жылдың соңына дейін ұзартты
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі жаялықша өндірісіндегі суперабсорбенттерге арналған кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасын үш жыл мерзімге ұзарту туралы шешім қабылдады.
Тағы да көрсету