тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6857
01 ақпанның 2019
Тигран Саркисян: «Біздің кеңістігімізде заңнаманы үндестіруді жүзеге асыру қажет»
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ортақ нарығында кедергілердің пайда болуын болдырмау, ұлттық үкіметтердің тәсілдемелерін үндестіру және іс-қимылдарын қадамдастыру үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) рөлін күшейту қажет. 1 ақпанда Алматыда өткен «2.0. Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі. Еуразияның инновациялық экожүйесі» форумында ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян осындай ұсыныспен сөз сөйледі.
21 қаңтардың 2019
ЕАЭО еңбекшілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім жобасын мемлекетішілік келісу аяқталды
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдары басшыларының орынбасарларымен ЕЭК штаб-пәтерінде өткен кездесуде хабарлады.
27 желтоқсанның 2018
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО «Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауызсудың қауіпсіздігі туралы» техрегламенті күшіне енеді
Енді балалар тағамына арналған ауызсудың бөтелкелерінде міндетті түрде «балалар тағамы үшін» деген жазу пайда болады немесе ауызсудың осы мақсатқа арналғаны басқаша көрсетіледі. Өндіруші немесе сатушы ауызсу арналған балалардың жасы (үш жасқа дейін немесе үш жастан бастап) туралы мәліметті беруге, ауызсудың жалпы минералдануы, химиялық элементтерді көрсете отырып оның негізгі құрамы, сақтау шарттары және ыдыстың ашылғаннан кейінгі жарамдылық мерзімі туралы хабардар етуге тиісті болады.
26 желтоқсанның 2018
ГМО бар өнімдер айқын байқала түседі
26 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде гендік-модификацияланған организмдер (ГМО) бар өнімдерді таңбалауға қойылатын қосымша талаптар енгізіледі. Одақтық «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімі» техникалық регламентіне енгізілген жаңа нормалар сатып алушыларға тамақ өнімдеріне неғұрлым саналы және дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді.
11 желтоқсанның 2018
ЕАЭО Соты легионер-спортшылардың еңбек қатынастары туралы пікірсайысқа нүкте қойды
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) өтініші бойынша Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) Соты 7 желтоқсанда Одаққа мүше мемлекеттердің спорт клубтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын спортшыларға қатысты ЕАЭО туралы шарттың 97-бабының 2-тармағының ережелерін қолдану туралы қорытынды шығарды.
07 желтоқсанның 2018
ЖЕЭК қорытындылары: газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру бағдарламалары мақұлданды, ЕАЭО шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияға қол қойылды
6 желтоқсанда Санкт-Петербургте (Ресей) өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысы барысында интеграция, өнеркәсіптік ынтымақтастық, энергетика салаларында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.Іс-шараға Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин және Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян қатысты. Отырысқа Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон да қатысты.
23 қарашаның 2018
ЕАЭО-да Еуразиялық брендтер жасалады
«Біз Еуразиялық брендтер жасайтын және тауарларымызды үшінші елдердің нарықтарына ілгерілетуге көмектестетін жаһандық интеграциялық жобаларға назарымызды шоғырландыра түсуге тиіспіз». Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Мәскеуде өткен ХІІІ халықаралық «Еуразиялық экономикалық интеграция» конференциясының жалпы отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.Еуразиялық даму банкі ұйымдастыратын бұл жыл сайынғы іс-шараға қатысушылар Еуразиялық интеграция үшін сын-қатерлер мен перспективаларды талқылады.
19 қарашаның 2018
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян және Таиландтың Премьер-министрі Чан-Оча Прают Корольдік пен ЕАЭО елдері арасында тауар айналымы өскенін атап өтті
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян және Таиланд Корольдігінің Премьер-министрі Чан-Оча Прают 19 қарашада Бангкокте ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Бұл кездесу ЕЭК пен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға жол ашты.
Тағы да көрсету