"Біздің елдеріміздің халықтарын дәрілік заттармен, атап айтқанда COVID-19 пандемиясы аясында қамтамасыз ету жағдайларында аталған механизм әсіресе өзекті бола түседі", - деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев.
Бұдан басқа, 2020 жылғы 3 ақпандағы Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және ЕАЭО тауарларының шығарылған жерінің атаулары туралы шартты іске асыру
және ЕАЭО-да қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпаратты онлайн іздеу режимінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін іздеу сервистерінің мәселелері қаралды.
ЕАЭО мемлекеттерінде контрафактілік өнімді анықтау жөнінде қабылданатын шаралардың нәтижелеріне ескеруге қатысты әртүрлі тәсілдеменің болуына орай, отырысқа қатысушылар тиісті әдістеме дайындаудың орындылығын да талқылады.
Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитет 2012 жылғы 25 қыркүйекте құрылған. Комитет құрамына ЕАЭО мемлекеттері министрліктері мен ведомстволарының басшылары, басшыларының орынбасарлары және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері кіреді.
Комитет ЕЭК үшін зияткерлік меншік саласында ұсынымдар дайындаумен, консультациялар өткізумен және ЕАЭО мемлекеттерінің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы жөнінде ұсыныстар дайындаумен және басқа мәселелермен айналысады.