тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Комиссия
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6608
30 майдың 2025
Бақыт Сұлтанов: "Жасанды интеллекті пайдалану мен құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау арасындағы мүдделер теңгерімін сақтау маңызды"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов Astana International Forum-да Еуразиялық экономикалық одақ елдері экономикасының түрлі саласына жасанды интеллект (ЖИ) ендіруге байланысты мүмкіндіктер мен тәуекелдер туралы айтты. "Жасанды интеллект дәуіріндегі зияткерлік меншік" форумының панельдік сессиясында сөз сөйлеген Бақыт Сұлтанов ЖИ көмегімен жасалған туындыларға қатысты құқықтар мен жауапкершіліктің аражігін ажырату мәселелеріне тоқталды. Ол авторлықты айқындаудағы қиындықтарға, сондай-ақ ғылыми және инновациялық қызметте жасанды интеллект технологияларын пайдалануды реттеу үшін нақтылы қағидалар мен нормативтік актілер әзірлеу қажеттігіне айрықша назар аударды. Бақыт Сұлтанов ЕАЭО елдерінің ұлттық заңнамалық бастамаларды құру бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын: Қазақстан 2024-2029 жылдарға арналған ЖИ дамыту тұжырымдамасын қабылдағанын, Беларусь жасанды интеллект туралы заң әзірлеп жатқанын, ал Ресейде 2030 жылға дейінгі ұлттық стратегия іске асырылып келе жатқанын атап өте келіп, осы салада халықаралық стандарттар мен келісілген тәсілдемелерді қалыптастырудың маңызды екенін атап көрсетті. Министр әлемдік қоғамдастықта ЖИ көмегімен құрылған зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды құқықтық қорғау және сақтау мәселелері кеңінен талқыланып отырғанына назар аударды. Еуразиялық интеграциялық бірлестік шеңберінде "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленуде, ол осындай объектілерді құқықтық қорғаудың ықтимал тәсілдемелерін пысықтауды қамтиды. "Бұл ретте жасанды интеллекті пайдалану мен құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау арасындағы мүдделер теңгерімін сақтау маңызды", – деп атап өтті Бақыт Сұлтанов. Форум аясында ЕЭК министрінің Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры Дарен Тангпен кездесуі болып өтті. Ұйымдар арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық талқыланды, зияткерлік меншікті қорғау және сақтау тұрғысында Еуразиялық экономикалық интеграцияға арналған бірлескен іс-шаралар өткізу мүмкіндігі қаралды. "Комиссия контрафактілік өнім айналымының үрдістерін және ЕАЭО-дағы зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына қарсы күрес практикасын тұрақты негізде қадағалап отырады. Біз жыл сайын анықталған бұзушылықтар туралы деректер мен құқық қолдану практикасын жақсарту бойынша ұсыныстарды қамтитын есеп дайындаймыз", – деп хабарлады Бақыт Сұлтанов. ЕЭК Министрі сондай-ақ Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) бас директоры Эми Поуппен кездесті. Бүгінде Комиссия мен ХКҰ өңірлік кеңсесі Бірлескен мәлімдемемен жұмыс істеу үстінде, оның негізіне ұйымдар арасында қолданыстағы Ынтымақтастық туралы меморандум және ЕАЭО-ның барлық елі қосылған Қауіпсіз, реттелген және заңды көші-қон туралы жаһандық шарт алынған.
30 майдың 2025
ЕЭК ДЖДҰ-мен өзара іс-қимылды дамытады
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий мен ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті директорының орынбасары Владимир Субботин 25-29 мамырда Парижде өткен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (ДЖДҰ) бас сессиясына қатысты. Іс-шараға ДЖДҰ-ға мүше 183 елдің, соның ішінде ЕАЭО мемлекеттерінің делегаттары қатысты. Жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдердің халықаралық саудасы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Жануарлар ауруларына қарсы күрес әдістері бойынша жаңа халықаралық стандарттар әзірлеу жұмысының аралық қорытындылары, сондай-ақ жануарларды аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналау мәселелері қаралды. Сессия аясында Валентин Татарицкий бірқатар жұмыс кездесуін өткізді. Оның ДЖДҰ бас директоры Эммануэль Субейранмен және ДЖДҰ-ның Еуропа, Азия және Тынық мұхиты өңірі бойынша ӨЖС өңірлік комиссияларының өкілдерімен келіссөздері барысында ЕЭК пен ДЖДҰ арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес, соның ішінде ЕАЭО мемлекеттерінің ветеринария саласындағы уәкілетті органдарына ДЖДҰ стандарттарының талаптарын түсіндіру бойынша әдістемелік көмек көрсету және ветеринария бойынша семинарлар өткізу бөлігінде бұдан арғы ынтымақтастықтың бағыттары талқыланды. Тараптар өзара іс-қимылды нығайту туралы, атап айтқанда Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілеріне ДЖДҰ-ның халықаралық стандарттары мен ұсынымдарын ендіруді жалғастыру туралы уағдаласты. Комиссия мен Одақ елдері органдарының ветеринария органдары өкілдерінің ДЖДҰ-ның, сондай-ақ ДЖДҰ-ның Еуропа, Азия және Тынық мұхиты өңірі бойынша өңірлік комиссияларының іс-шараларына бұдан арғы қатысуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. "Одақ актілерінде ДЖДҰ-ның прогрессивті практикалық тәжірибесін қолдану, сондай-ақ біздің мүше мемлекеттеріміздің ДЖДҰ кодекстеріне қабылдап, енгізу үшін жоспарланатын стандарттардың өзгерістерін талқылауға белсенді қатысуы біздің елдеріміздің ветеринария саласындағы уәкілетті органдарының әлеуетін өсіре түсуге ықпал етеді. Бұл өз кезегінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында эпизоотиялық салауаттықты, жануарлардың аса қауіпті ауруларымен және антибиотикке төзімділікпен күресудің бірыңғай стратегиясын әзірлеуді қамтамасыз етеді", – деп атап өтті ЕЭК министрі. Валентин Татарицкийдің ДЖДҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңірі бойынша Өңірлік комиссиясының президенті Баокс Хуангпен кездесуінде ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, атап айтқанда Азия-Тынық мұхиты өңірі елдері арасында жануарлардан алынатын өнімдермен сауданы жүзеге асыру кезінде эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. ЕЭК министрі сондай-ақ Беларусь, Қазақстан және Ресей ветеринария органдарының өкілдерімен осы саладағы Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелері бойынша кездесулер өткізді. Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (ДЖДҰ) 1924 жылы құрылған және жануарлардың денсаулығының жай-күйімен, соның ішінде ветеринариялық бақылау саласындағы халықаралық стандарттарды әзірлеумен, әлемдегі эпизоотиялық ахуал мониторингімен, халықаралық карантиндік іс-шаралармен қоса, жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы күресумен айналысатын үкіметаралық ұйым болып табылады.
30 майдың 2025
ЕЭК-те ЕАЭО-дағы кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері талқыланды
30 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдовтың төрағалық етуімен кедендік реттеуді жетілдіру жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының отырысы болып өтті. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы контейнерлердің оңайлатылған өткізілуіне қатысты түзетулер талқыланды. Кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолданудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ балық аулау және балық өнімдері туралы мәліметтермен алмасу мәселелері қаралды. Жұмыс тобының қатысушылары неғұрлым тұйықты мәселелер бойынша талқылауды жалғастыра түсуге уағдаласты. Жұмыс тобының келесі отырысын осы жылғы мамыр айында көзбе-көз форматта өткізу жоспарланған.
30 майдың 2025
Максим Ермолович: "Бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулері әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатты тұжырымдауға көмектеседі"
Еуразиялық экономикалық комиссия Мысырдың бәсекелестік ведомствосының қолдауымен Каирде бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдар өкілдерінің жұмыс кездесуін өткізді. Оған ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович қатысты. ЕЭК бейіндік блогының бастамасы бойынша дәстүрге айналған мұндай іс-шаралар халықаралық өңірлік ұйымдарға өзекті мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастық жасауға, жұмыс тәжірибесімен алмасуға көмектеседі. Бәсекелестікті тиімді реттеу практикасы осы бесінші кездесуге қатысушылардың басты назарында болды. "Біз өңірлік ынтымақтастықтың артықшылықтарын ілгерілетеміз, өңіраралық диалогты нығайтамыз және кеңейтеміз, озық бәсекелестік практиканы әр өңірдің қажеттіліктеріне бейімдейміз, жаңа идеялар қалыптастырамыз, бұл сайып келгенде әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатқа алып келеді", – деп санайды Максим Ермолович. ЕЭК бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулерін өткізуді жалғастыратын болады. Бесінші кездесуге Мысыр бәсекелестік ведомствосының төрағасы, ЮНКТАД, Шығыс және Оңтүстік Африканың Ортақ нарығы, Шығыс Африка қоғамдастығы, Батыс Африка экономикалық және валюта одағы, Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қоғамдастығы, Араб бәсекелестік желісі, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы, БРИКС және Кариб қоғамдастығы өкілдері қатысты.
29 майдың 2025
Арзыбек Қожошев ТМД КОК-тың салалық кәсіби құзыреттілігі бойынша Халықаралық конференцияға қатысушыларға арнап сөз сөйледі
ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев Халықаралық конференцияға қатысушылар алдында бейнетілдесім форматында көлікті тұрақты дамыту үшін кәсіби құзыреттілікке қойылатын талаптар туралы сөз сөйледі. ЕЭК министрі өз сөзінде кәсіпқойлық саланы дамыту үшін маңызды рөл атқаратынын, бұл ретте құзыреттердің жоғары деңгейі көлік пен көлік инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуінің кепілі екенін атап өтті. «Технологиялық прогресс бүкіл көлік жүйесіне жаңа талаптар белгілейді, көлік операцияларын технологияландыру белсенді жүріп жатыр, «ақылды» цифрлық және зияткерлік шешімдер енгізілуде. Әйтсе де, осы бастамалардың барлығында көлік жүйесінің тұрақтылығы мен өміршеңдігін қамтамасыз ететін мамандардың рөлі маңызды болып қала береді», – деп атап өтті Арзыбек Қожошев. Министр сондай-ақ ЕАЭО елдері еуразиялық кеңістікте ғылыми дәрежелерді өзара тану есебінен мүмкіндіктерді кеңейту үшін жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. «Халықаралық әріптестік аясында кәсіби құзыреттілікті арттыру, сайып келгенде, елдер мен жалпы өңір экономикасының өсуіне ықпал етеді», – деп атап өтті министр.
29 майдың 2025
Бақытжан Сағынтаев Astana International Forum алаңдарында бірқатар кездесулер өткізді
29 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Астанада Astana International Forum алаңдарында бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевпен жүргізілген келіссөздер барысында ЕЭК пен ТМҰ арасындағы жүйелі ынтымақтастыққа шығудың маңыздылығы, екі интеграциялық бірлестік қызметінің тәжірибесімен алмасудың маңыздылығы атап өтілді. Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Амреевпен кездесу барысында ЕАЭО кеңістігінде кәсіпкерлікке жәрдемдесу мәселелері талқыланды. БАӘ энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Мохамед әл-Мазруимен энергетика саласындағы өзара іс-қимыл перспективалары туралы әңгімелесті. Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы Біріккен Араб Әмірліктерінің елшісі Мухаммед Саид Мухаммед әл-Арикимен кездесу барысында Комиссия мен БАӘ Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумды іс жүзінде іске асыру мәселелері жөнінде сөйлесті. Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Николай Подгузовпен ЕАЭО елдерінің экономикасын нығайту үшін инвестициялық қызметтің болашағы туралы пікір алмасу өтті. Еуразиялық «бестік» мемлекеттерінің вице-премьерлерімен – ЕАЭО кеңесінің мүшелерімен жүргізілген келіссөздерде «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясына сәйкес Одақ ішіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттары және үшінші елдермен экономикалық диалогты дамыту талқыланды.
29 майдың 2025
Бақытжан Сағынтаев Astana International Forum жұмысына қатысты
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 29 мамырда Астанада Astana International Forum – әлемдік көшбасшыларды, халықаралық ұйымдардың басшыларын, инвесторлар мен бизнес өкілдерін біріктіретін жыл сайынғы ірі іскерлік іс-шараға қатысты. AIF-2025 негізгі тақырыбы «Connecting Minds, Shaping the Future» (Ақыл-ойды біріктіру, болашақты жасау) болды. Мемлекеттердің, үкіметтердің және халықаралық ұйымдардың басшылары жаһандық күн тәртібінің үш негізгі бағыты: сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік; экономика және қаржы; энергетика және климаттың өзгеруі бойынша кең ауқымды мәселелерді қарастырды. ЕЭК Алқасының Төрағасы пленарлық отырысқа қатысты, онда жаһандық экономикалық дамуға бағытталған бастамалар талқыланды. AIF-2025 алаңында Бақытжан Сағынтаев жоғары деңгейдегі Форум қатысушыларымен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. AIF-2025-ке әлемнің түкпір-түкпірінен 5 мыңнан астам адам қатысты. 25 пікірталас алаңы ұйымдастырылып, 600-ге жуық шетелдік қонақ оған спикер болды.
29 майдың 2025
ЕАЭО мен Индонезия еркін сауда келісімі бойынша келіссөздерді аяқтау мәселелерін талқылады
28-29 мамыр аралығында Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев Индонезия Республикасына жұмыс сапарымен барды, оның барысында еркін сауда туралы келісім бойынша келіссөздерді сәтті аяқтау үшін ерекше назар аударуды талап ететін мәселелер талқыланды. Джакартада Индонезия Республикасының экономикалық мәселелер жөніндегі үйлестіруші министрі Аирлангга Хартартомен өткен кездесу қорытындысы бойынша «Еуразиялық экономикалық одақ пен Индонезия арасында келісім жасасу Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тауарларына 280 миллионнан астам халқы бар Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі нарығына бажсыз қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Андрей Слепнев ЕЭК министрі преференциялық сауда режимі Индонезия нарығында ЕАЭО өнімінің бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретінін, бұл өз кезегінде осы елге экспортты ұлғайту және әртараптандыру үшін жағдай жасайтынын атап өтті. Сапар қорытындысы бойынша тараптар одан әрі жиі байланысып тұру туралы уағдаласып, келіссөздерді тезірек аяқтау жоспарын белгіледі.
Тағы да көрсету