тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6867

26 маусымның 2025 ЕАЭО аясындағы стандарттаудың өзекті мәселелері бейінді органдар басшыларының кеңесінде қаралды Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий 26 маусымда Минскідегі IV Еуразиялық экономикалық форумның іскерлік бағдарламасы аясында ЕАЭО-ның стандарттау жөніндегі мемлекеттік (ұлттық) органдар басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Отырыс Беларусь Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағалық етуімен өтті. Басшылар кеңесі қауіпсіздік талаптарының ғылыми-техникалық деңгейін бағалау нәтижелерін есепке алу бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері бойынша дәлелдемелік базаны қалыптастыру және өзектендіру мәселелерін реттейтін тиісті тәртіпке өзгертулер енгізу жөніндегі жұмыстардың барысын талқылады. Тиісті құжаттардың жобаларын Комиссия дайындады. Өзгертулердің өзектілігі ағымдағы жылы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы қаңтардағы өкімімен бекітілген 2030 жылға дейінгі оларды өткізу жоспарына сәйкес техрегламенттердің ғылыми-техникалық деңгейін және оларға арналған стандарттар тізбесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жұмыстардың іске қосылуына байланысты. Одақтың техрегламенттеріне арналған мемлекетаралық стандарттарды (МЕМСТ) әзірлеу жөніндегі бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды, оны Комиссия жыл сайын Одақ аясында Стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру тәртібіне сәйкес жүргізеді. Өткізілген талқылауларды ескере отырып, Комиссия осындай практиканы жою бойынша қолайлы шешімдерді әзірлеу мақсатында МЕМСТ әзірлеу жөніндегі осындай бағдарламалардың орындалмауы/уақытылы орындалмау себептері туралы талдамалық ақпарат дайындайды. Сондай-ақ, мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаларды іске асыру бойынша проблемалық мәселелерді қараудың және барлық бес елдің көрсетілген бағдарламалар шеңберінде ЕЭК-тің стандарттау жөніндегі кіші комитетінің отырыстарында әзірленген МЕМСТ-қа қосылуының нәтижелілігі атап өтілді. Бұл тәжірибені жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Басшылар кеңесінің мүшелері ЕАЭО аясында Стандарттау жөніндегі жұмыстардың басым бағыттарын әзірлеу жөніндегі Беларусь бастамасын және Басшылар кеңесінің 2025-2027 жылдарға арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылады. Аталған құжаттардың жобалары стандарттау жөніндегі ұлттық органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Басшылар кеңесінің кезекті отырысында талқыланатын болады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің стандарттау жөніндегі мемлекеттік (ұлттық) органдары Басшыларының кеңесі техникалық реттеу саласындағы стандарттауды дамыту үшін Одақтың көмекші органы ретінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен құрылған.  
26 маусымның 2025 ЕАЭО елдерінің көлік министрлері стратегиялық құжаттарды дайындауды талқылады Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесі 26 маусымда ЕЭФ-2025 алаңында ЕАЭО елдерінің үйлестірілген көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерінің орындалуын қарастырды. Отырысқа ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев қатысты. Құжатты іске асыру үш жылдық кезеңге арналған жол карталары негізінде жүзеге асырылады. Арзыбек Қожошев 2024 жылдың қазан айында үкімет басшылары алдағы үш жылға арналған жол картасын бекітіп, осы құжаттың іс-шаралар тізбесін кеңейту мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырғанын атап өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша жол картасын кәсіби даярлау және құзыреттілікті арттыру мәселелері бойынша ынтымақтастыққа қатысты іс-шаралар есебінен толықтыру туралы шешім қабылданды. ЕЭК министрі Басшылар кеңесіне ЕАЭО аясында экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясына сәйкес көлік-логистикалық әлеуетті қалыптастыру үшін іске асырылатын іс-шараларды келісу нәтижелері туралы хабардар етті. Арзыбек Қожошев Декларацияны іске асыру жөніндегі жол картасы жобасында 22 механизмнің 20-сы немесе 91% келісілгенін атап өтті. Екі мәселе бойынша әуе көлігі мен жүк автомобиль көлігі қызметтерін ырықтандырудың ұзақ мерзімді перспективасына қатысты түбегейлі келіспеушіліктер сақталуда. Отырыс аясында Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың кешенді жоспарын іске асыру, атап айтқанда еуразиялық көлік дәліздерінің жекелеген учаскелерін дамыту, «тар жерлерді» анықтау және жою бойынша іске асырылып жатқан іс-шаралар қаралды. Цифрлық күн тәртібінде көліктегі цифрландыру, жоғары автоматтандырылған пилотсыз және автономды көлік құралдарын пайдалану, ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету, атап айтқанда № 46 жалпы процесс шеңберінде технологиялық тестілеуді өткізуге ұлттық жүйелердің дайындық дәрежесі және оларды өнеркәсіптік пайдалануға интеграцияланған форматта іске қосу мәселелері қаралды. Оның басты міндеті – Одақтың сыртқы шекарасын кесіп өтетін жүк автомобильдеріне жүргізілетін көліктік бақылау рәсімдерін жетілдіру. Бұл процесті енгізу ЕАЭО-ға кіру кезінде жүк ағынын бақылауға жауап беретін ұлттық уәкілетті органдар қызметінің тиімділігін арттыруға тиіс. Отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасындағы көлік апталығы, Санкт-Петербургтегі Халықаралық көлік-логистикалық форумы, сондай-ақ БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтеріндегі Еуразия күндері сияқты халықаралық алаңдарда көлік саласындағы іс-шаралар кестесін талқылады. Минскіде өтіп жатқан іс-шаралар аясында Басшылар кеңесінің мүшелері Еуразиялық экономикалық форумның панельдік сессияларына қатысты.
26 маусымның 2025 ЕЭФ-2025 алаңдарында Комиссияның бизнес-қоғамдастықпен жүргізген диалогында басымды мәселелер талқыланды 2025 – Еуразиялық экономикалық форумның іскерлік бағдарламасы аясында ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссияның және ЕАЭО-ның Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимыл жөніндегі Консультативтік кеңесінің оныншы отырысы өтті. Қатысушылар бизнес субъектілеріне ЕАЭО-ның өнеркәсіптік саясаты туралы хабардар болуын арттыру, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және реттеуші механизмдерді жетілдіру сияқты негізгі мәселелерді талқылады. Реттеуші әсерді бағалау (РӘБ) рәсімдерін кеңейтуге ерекше назар аударылды. Бизнестің реттеуші әсерді бағалауға танытқан қызығушылығы ЕАЭО аясында осы құралды дамытуға ықпал етті. 2024 жылғы ақпаннан бастап РӘБ рәсімі Одақтың халықаралық шарттарының жобаларына қолданылады, сондай-ақ ЕЭК-тің қолданыстағы шешімдеріне қатысты нақты әсерді бағалау (НӘБ) енгізілді. «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясын іске асыру жөніндегі жоспарды дайындау аясында Қазақстанның бастамасы бойынша ЕАЭО-ның халықаралық шарттарына НӘБ-ті тарату туралы мәселесі пысықталуда. Процедуралар реттеудің барлық кезеңдерінің – әзірлеуден бастап нормаларды қолдануға дейінгі бизнеске әсерін бағалай отырып толық қамтуға бағытталған. Бұл ретте, егер қатысушы елдің уәкілетті органы НӘБ өткізу туралы ұсыныс жіберсе, ЕЭК оны қарауға міндетті. Осыған байланысты іскер қоғамдастық өкілдерін қолданыстағы шешімдерді бағалау жөніндегі бастамаларды тікелей Комиссияға да, ұлттық ведомстволар арқылы да белсенді түрде жіберуге шақырды. «Бүгінгі талқылаудың нәтижелері біздің басым бағыттардағы жұмысымызға жаңа серпін береді. Біз кәсіпкерлік қызметті теңдестіре реттеуді қамтамасыз ете отырып, ЕАЭО елдері бизнесінің интеграциясын тереңдету үшін жағдай жасауды жалғастырамыз», – деп атап өтті Бақыт Сұлтанов. Бизнес пен реттеушілер арасындағы диалог ЕАЭО-дағы өзара іс-қимыл механизмдерін нығайтады, интеграциялық процестерді тереңдетеді және негізгі әріптестермен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтеді. Консультативтік кеңес қызметінің мақсаты ЕЭК құзыретіне жатқызылған салалардағы кәсіпкерлік қызметті дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындау мәселелері бойынша ЕЭК пен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің диалогын қамтамасыз ету болып табылады. Консультативтік кеңес ЕЭК Алқасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 121 шешімімен ЕЭК және ЕАЭО Іскерлік кеңесі арасындағы өзара іс-қимыл туралы Меморандумды іске асыру аясында құрылған. Консультативтік кеңестің құрамына Комиссия Алқасының мүшелері және олар айқындаған Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, ЕАЭО Іскерлік кеңесі төралқасының мүшелері және олардың уәкілетті өкілдері, сондай-ақ Комиссияның құзыретіне жататын өзара іс-қимылдың жекелеген салалары бойынша әрбір бизнес-қоғамдастықтан 20 өкіл кіреді.
26 маусымның 2025 ЕАЭО мен Куба елдерінің іскер топтары сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады Еуразиялық экономикалық форум-2025 алаңында «Куба: ЕАЭО мен Латын Америкасы және Кариб бассейні елдері арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту мүмкіндіктері» атты диалог-презентация өтті. Іс-шараға қатысқан сарапшылар Кубаның Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері мен Латын Америкасы өңірі елдерінің экономикалық мүдделерінің байланыстырушы буыны болуға мүмкіндік беретін айтарлықтай әлеуеті бар екендігімен келісті. Іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілі ретінде интеграцияны дамыту департаментінің директоры Микаел Беллуян қатысты. «Куба ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет ретінде біздің күн тәртібімізге енгізілген, Латын Америкасы мен Кариб бассейні аймағындағы Одақтың негізгі сауда-экономикалық серіктесі болып табылады. 2018 жылы ЕЭК пен Куба Үкіметі арасында ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен комиссия құрылды. Куба өкілдері ЕАЭО аясында барлық деңгейдегі органдардың отырыстарына қатысып келеді және еуразиялық «бестік» елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өз бастамаларын ұсынып отырады, – деп атап өтті Микаел Беллуян. ЕЭК өкілі Одақ мемлекеттері бизнесінің Куба елімен туризм, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер салаларында ынтымақтастыққа деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Ол іс-шараға қатысатын компаниялардың өкілдерін осы жылдың екінші жарты жылдығында Мәскеу қаласында өтетін кезекті отырысына ЕЭК – Куба Республикасы Үкіметінің бірлескен комиссиясының жұмысына қосылуға шақырды. Сауда палатасының вице-президенті Таня Агиар Фернандес бастаған Куба делегациясы ЕАЭО елдерінің Латын Америкасы және Кариб бассейні аймағындағы транзиті мен экспорттық әлеуетін іске асыруды жеңілдетуге арналған Кубадағы логистикалық хаб жобасын ұсынды. Куба өкілдері ЛАИ, АЛБА және КАРИКОМ сияқты өңірлік құрылымдардағы қолданыстағы сауда келісімдерінің жекелеген аспектілері және Кубада өндіріс ашқан шетелдік кәсіпкерлерге ұсынатын мүмкіндіктері туралы хабарлады. Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша ЕАЭО елдерінің іскер топтарының өкілдері Куба бастамаларын талқылады.
26 маусымның 2025 Одақ елдерінің экономика министрліктерінің басшылары еуразиялық интеграцияның нәтижелері мен перспективаларын талқылады 26 маусымда Минскіде Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика министрі Эльдар Алишеровтың қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің экономика министрліктері басшыларының кездесуі өтті. Еуразиялық интеграцияның негізгі нәтижелері және оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. ЕЭК министрі 2025-Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы хабарлады. Атап айтқанда, ол: «Биыл осы құжатта көзделген міндеттерді орындау аяқталуы тиіс. Біз тапсырмаларды орындау бойынша жеткілікті жоғары нәтижелерді көріп отырмыз және Комиссия мүше мемлекеттермен бірге осы кезеңді лайықты түрде аяқтау үшін барынша күшін салуда», – деп атап өтті. Эльдар Алишеров 2026 жылы Одақ жаңа стратегиялық құжат – ЕАЭО аясында экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясының ережелерін іске асыруға көшетінін атап өтті. Декларацияда еуразиялық интеграцияның басым бағыттары, сондай-ақ экономикалық дамудың негізгі әлемдік үрдістеріне сәйкес келетін жаңа перспективалық міндеттер көрсетілген. ЕЭК және мүше мемлекеттер биыл Декларацияны іске асыру бойынша жол картасын дайындауды аяқтауды жоспарлап отыр. Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары ЕАЭО туралы шартта белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті негізгі шаралар мен механизмдерді қамтитын бағдарламалық құжат болып табылады. «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясы – 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі стратегиялық құжат.
26 маусымның 2025 Гоар Барсегян: «Кооперация Еуразиялық «бестік» елдерінің азаматтарын азық-түлікпен қамтамасыз етудің стратегиялық құралына айналуда» Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян 26 маусымда Минскіде өткен ЕЭФ-2025-те «ЕАЭО-дағы кооперация – АӨК-ті тиімді дамыту жолы» атты дөңгелек үстел барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы агроөнеркәсіптік кешен көрсеткіштерінің тұрақты өскеніне назар аударды. ЕЭК министрі интеграциялық бірлестік құрылған сәттен бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 25%-ға өскенін, өзара сауда 1,8 есе ұлғайғанын, сыртқы жеткізілімдердің екі еседен астам өскенін атап өтті. Бұл ретте ЕАЭО бюджеті қаражаты есебінен кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау мүмкіндігімен байланысты аграрлық саланы одан әрі дамыту үшін әлеует бар. «Кооперация, шын мәнінде, еуразиялық «бестік» елдерінің азаматтарын азық-түлікпен кепілдендірілген қамтамасыз ету және біздің сыртқы конъюнктуралық ауытқуларға тәуелділігімізді төмендету үшін стратегиялық құралға айналуда», – деп атап өтті Гоар Барсегян. Дөңгелек үстел барысында кооперацияны дамыту үшін перспективалық бағыттар мен жобалар, оның ішінде қаржылық қолдау механизмін қолдана отырып, талқыланды, мемлекетаралық ынтымақтастық тәжірибесі қаралды. Пікірталасқа қатысушылар осыған байланысты мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлер мен қаржы институттарының диалогын тереңдету қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ, салалық ынтымақтастық механизмдері ЕЭФ-2025 алаңдарында ЕАЭО-ның Іскерлік кеңесі Төралқасының 26-отырысы аясында қаралды. Дөңгелек үстелге мемлекеттік басқару органдарының, ЕАЭО мемлекеттерінің іскерлік және ғылыми топтарының, үшінші елдердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Модератор «Беларусь Республикасының Даму банкі» ААҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Роман Бродов болды. 
25 маусымның 2025 Максим Ермолович ЕАЭО Іскерлік кеңесі төралқасының отырысында Комиссияның бәсекелестікті адвокаттандыру жөніндегі жұмысын ұсынды ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович 25 маусымда Минскіде өткен ЕАЭО Іскерлік кеңесі төралқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одақ аясында Еуразиялық экономикалық комиссия белсенді пайдаланатын бәсекелестікті адвокаттандырудың негізгі құралдары туралы айтты. Максим Ермолович блоктың бәсекелестік жөніндегі қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметіне, «5+1» форматындағы кеңестерге, форумдарға, конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, түрлі әдіснамалық бастамаларға қатысуға баса назар аударды. ЕЭК министрі ақпараттық алаңдағы жұмысқа және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне жеке тоқталып өтті. Максим Ермолович Беларусь бизнесімен жедел тікелей байланыс орнату, жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ЕЭК-тің Беларусь бизнес қауымдастықтарымен өзара іс-қимылын дамыту жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізді. ЕАЭО Іскерлік Кеңесі төралқасының отырысы Еуразиялық экономикалық форумның іскерлік бағдарламасын ашты. Отырыстың күн тәртібінде іскерлік ахуалды жақсартудан және ішкі нарықтағы кедергілерді жоюдан бастап үшінші елдермен серіктестікке дейінгі көптеген мәселелер бар. Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік Кеңесінің төралқасы ЕАЭО елдерінің ірі іскерлік қауымдастықтарын біріктіреді. Онда Еуразиялық экономикалық интеграция мәселелері талқыланады және біріктіріледі.
25 маусымның 2025 27 БАҚ Еуразиялық экономикалық форумның ақпараттық серіктестері болды Еуразиялық экономикалық форумның ақпараттық серіктестері ретінде алты елдің 27 ақпарат агенттіктері, телеарналары, газеттері мен желілік басылымдары болды. Армения Республикасының БАҚ: «Арменпресс» ақпарат агенттігі, «АрмИнфо» ақпарат компаниясы, Verelq ақпараттық-талдау орталығы, Alphanews.am ақпарат агенттігі, 24 NEWS.AM ақпарат агенттігі. Беларусь Республикасының БАҚ: «БелТА» ақпарат агенттігі, Беларусь Республикасының ұлттық мемлекеттік телерадиокомпаниясы, «Звязда» Баспа үйі» республикалық унитарлық кәсіпорны, Беларусь Республикасындағы ВГТРК өкілдігі - «РТР-Беларусь» телеарнасы, «Екінші ұлттық телеарна» республикалық унитарлық кәсіпорны (ОНТ), «Астаналық телевизия» республикалық унитарлық кәсіпорны (СТВ), «Минск-Новости» агенттігі» мекемесі, «Бүгінгі Беларусь» баспа үйі» республикалық унитарлық кәсіпорны, Беларусь радиосының алғашқы ұлттық арнасы. Қазақстан Республикасының БАҚ: «Қазақпарат» ақпарат агенттігі, «Хабар» телеарнасы, «Іскер Қазақстан» ақпарат агенттігі, Inbusiness.kz ақпарат агенттігі, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы («Қазақстан» Ұлттық телеарнасы). Қырғыз Республикасының БАҚ: «Кабар» Қырғыз ұлттық ақпарат агенттігі, Қырғыз Республикасының Ұлттық телерадио хабарларын тарату корпорациясы. Ресей Федерациясының БАҚ: ТАСС ақпарат агенттіктері, «РИА Новости» ақпарат агенттігі. Халықаралық БАҚ: Sputnik ақпарат агенттігі және радио, «МИР» халықаралық телерадиокомпаниясы. Иран Ислам Республикасының БАҚ: Ислам Республикасының ақпарат агенттігі (ИРНА).
Тағы да көрсету