тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6867

27 майдың 2025 ЕЭК Кеңесі тарифтік преференцияларды қалпына келтіру рәсімін жетілдірді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі тарифтік преференцияларды қалпына келтіру рәсімін оңайлату туралы шешім қабылдады. Құжат декларанттың осы құқықты пайдалана алатын қосымша жағдайды қарастырады. Тарифтік преференцияларды қалпына келтіру кезінде декларант, егер оның қолданылу мерзімі кеден органына өтініш берген сәтте аяқталса да, тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге құқылы. Алайда, бұл жағдайда сертификаттың тауар декларациясы тіркелген күні жарамды болуы маңызды. Декларант сертификатты тексеру мүмкіндігі болған жағдайда, кеден органында тауарлардың шыққан елін верификациялаудың электрондық жүйесін пайдалана отырып, тауарды шығарған елітуралы сертификатты ұсынбауы мүмкін. Шешім ЕАЭО құқық қолдану практикасын талдау нәтижелері бойынша, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып қабылданды.
27 майдың 2025 ЮНСИТРАЛ – ЕЭК вебинарлары халықаралық сауда құқығын дамыту туралы хабардарлықты арттырады 26 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылған БҰҰ Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) бірінші вебинары өтті. Ол ЮНСИТРАЛДЫҢ қызметі туралы хабардарлықты арттыруға және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдары мен кәсіптік қоғамдастығының өкілдерін халықаралық сауда құқығын дамыту жөніндегі жұмысқа тартуға бағытталған оқыту сессияларының циклін ашты. Қатысушыларға ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ернар Бакенов пен ЮНСИТРАЛ хатшылығының өкілі Самира Мусаева құттықтау сөз сөйледі. Сауда құқығы саласындағы өзара іс-қимылды нығайту және озық тәжірибелермен алмасу бойынша халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар ынтымақтастығының маңыздылығы атап өтілді. ЮНСИТРАЛ хатшылығының қызметкерлері ұйымның тарихы мен құрылымынан бастап халықаралық сауда құқығы саласындағы жетістіктері мен болашақ жоспарларына дейін егжей-тегжейлі таныстырды. Келесі осындай іс-шара 2025 жылдың 4 шілдесінде Мәскеу уақытымен сағат 11:00-де өтеді және ЮНСИТРАЛ жұмысының мамандандырылған бағыттарына арналады деп жоспарлануда. Олардың қатарында дәрменсіздік туралы заңнама, халықаралық делдалдық және төрелік, инвесторлар мен мемлекеттер арасындағы дауларды реттеу жүйесін реформалау бар. ЕЭК-тің Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті мүдделі тұлғаларды халықаралық сауда құқығының негізгі аспектілерін тереңдетіп зерделеу үшін алдағы уақытта вебинарға қатысуға шақырады. ЮНСИТРАЛ (UNCITRAL) – БҰҰ-ның халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы. 1966 жылы халықаралық сауда құқығын біріздендіруге және үйлестіруге ықпал ету үшін құрылған. БҰҰ-ның халықаралық сауда құқығы саласындағы негізгі заң органы болып табылады.
26 майдың 2025 Астыққа арналған техникалық регламент стандарттарының жаңартылған тізбесі күшіне енеді 28 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ аясында «Астық қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (КО ТР 015/2011) сынақ әдістеріне арналған стадарттардың өзекті тізбесі күшіне енеді. Жаңа редакцияда жасалған тізбені Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2024 жылғы 26 қарашада қабылдаған болатын. Оған 163 құжат қосылған, оның ішінде 89 құжат жаңадан әзірленген немесе жаңартылған. Оның ішінде 96 мемлекетаралық стандарт, оның 28-і ISO (ИСО) халықаралық стандарттары және EN және CEN өңірлік стандарттары, 7-уі Беларусь Республикасының мемлекеттік стандарттары, 15-і Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары, 16-сы Ресей Федерациясының ұлттық стандарттары негізінде әзірленді. Стандарттар тізбесіне алғаш рет енгізілген стандарттар мен әдістемелерді ескере отырып, сынақ зертханаларын уақытылы аккредиттеу мақсатында аталған шешімде стандарттар тізбесі ресми жарияланған күнінен бастап 180 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді деп көзделген.
26 майдың 2025 Георгий Арзуманян: «ЕЭК-ті қолдау құралдарын пайдалана отырып, өзара тиімді ынтымақтастық ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік кешендердің тұрақтылығын нығайтуға көмектеседі» Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Георгий Арзуманян бастаған Еуразиялық экономикалық комиссияның өнеркәсіптік блогының өкілдері жыл сайынғы «Азот Синтезгаз Ресей және ТМД» халықаралық конгресіне қатысты. Георгий Арзуманян қатысушыларға Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикасын дамыту драйверлерінің бірі ретінде өнеркәсіптік кооперацияны қолдаудың қаржылық және қаржылық емес құралдарын пайдаланудың мақсаттары мен мүмкіндіктері туралы айтып берді. Ол барлық мүше мемлекеттердің әлеуетін пайдалана отырып, қосылған құн тізбегін жасауға химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарының белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, бизнесті бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылай жәрдемдесудің ұлттықтан жоғары механизмі шеңберінде жобалық бастамаларды қалыптастыру және дамыту бйоынша жұмысқа белсенді қатысуға шақырды. «Нақты секторда қолдаудың жаңа құралын енгізу жекелеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығына ғана емес, жалпы еуразиялық кеңістікте технологиялық даму жолында бизнес-процестерді ынталандыруға да ықпал ететін болады», – деп атап өтті Георгий Арзуманян. Конгреске қатысу бизнес-қоғамдастыққа Комиссияның ЕАЭО шеңберінде экономикалық қызметтің басым түрлері бойынша өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретін өкілеттіктері мен құралдары туралы хабарлауға ықпал етті. «Өнеркәсіптік кооперациялық жобаларға жәрдемдесудің ұлттықтан жоғары тетігі аясында алғашқы жобаларды оң іске асыру Одақ мемлекеттерінің басқа да мүдделі кәсіпорындары үшін серпін беретініне сенімдімін. Кооперацияны қолдау жөніндегі жаңа шара кәсіпкерлердің мүдделерін бірлесіп ілгерілетуге, елдеріміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және технологиялық даму қарқынын сапалы жаңа деңгейге шығуына көмектеседі деп сенгім келеді», – деп атап өтті Георгий Арзуманян. «Азот Синтезгаз Ресей және ТМД» конгресі синтез-газды қайта өңдеу саласындағы ірі кәсіпорындарды салу және жаңғырту, инвестициялық жобаларды іске асыру және оларға инвестициялар тарту, Ресей мен ТМД елдерінде азот, метанол, аммиак және минералды тыңайтқыштар өндіруші кәсіпорындарды техникалық және технологиялық жетілдіру мәселелері бойынша практикалық тәжірибе алмасуға арналған.
26 майдың 2025 ЕЭК энергетика департаменті директорының орынбасары болып Эльмира Арапова тағайындалды Эльмира Арапова Қарағанды қаласында (Қазақстан Республикасы) туған. Ол 1995 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша, 2004 жылы Қарағанды қаржы институтын бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген. Өзінің еңбек жолын 2000 жылы «КТЭК» ЖШС-да бастады. 2001 жылдан бастап 2008 жылға дейін «Қарағанды Жылу» ЖШС-да жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінде жұмыс істеді. 2010 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде басшылық лауазымдарда болды. 2024 жылғы қарашадан 2025 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарды.  2025 жылғы 20 мамырдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.
26 майдың 2025 IV Еуразиялық экономикалық форум Минскіде өтетін ЕЭФ-2025-те тіркеудің басталғаны туралы хабарлайды 2025-жылдын 26-27-июнунда Минск шаарында Минск эл аралык көргөзмө борборунун аянтчасында өтө турган IV Евразия экономикалык форумуна (ЕЭФ-2025) катышуучуларды каттоо башталды. Форумдун башкы темасы — "Евразия экономикалык интеграциясынын стратегиясы: жыйынтыктар жана перспективалар". Форумдун архитектурасы алты чоң тематикалык блокту камтыйт. ЕАЭБ алкагында өз ара аракеттенүүнүн бардык чөйрөлөрү максималдуу камтылган: каржы чөйрөсү, өнөр жай жана АӨК, энергетика, техникалык жөнгө салуу жана ветеринария, ЕАЭБдин ички рыногун өнүктүрүү, соода, транспорт, бажылык жөнгө салуу, мамлекеттик сатып алуулар, статистика ж. б. Форумдун иштиктүү программасына ЕАЭБ мамлекеттеринин башчыларынын катышуусу менен пленардык отурум, ошондой эле 30дан ашык тематикалык иш-чаралар: пленардык сессиялар, тегерек столдор, бизнес-диалогдор киргизилген. ЕЭФ-2025 форуму евразиялык мейкиндикте аралык кызматташтыктын маанилүү окуясы болмокчу. Иштиктүү программага ЕАЭБ өлкөлөрүнүн делегаттары гана эмес, байкоочу мамлекеттер: Иран, Куба, Өзбекстан да катышат. Форумга ошондой эле БАЭ жана Монголиядан расмий делегациялар катышат. ЖМК өкүлдөрүн IV Евразия экономикалык форумунун иш-чараларын чагылдырууга кошулууга жана анын бардык негизги окуялары жөнүндө эң актуалдуу маалыматка жеткилик алууга чакырабыз. Өтүнмөлөрдү берүү мөөнөтү 2025-жылдын 26-майынан 18-июнуна чейин. Аккредитациядан өтүү үчүн каттоо формасын толтуруу керек. Аккредитациялоо тартиби шилтеме боюнча жеткиликтүү. ЕЭФ-2025 программасы менен кененирээк https://forum.eaeunion.org/ сайтынан таанышууга болот. Форумдун негизги иш-чараларын өткөрүү орду Минск эл аралык BELEXPO көргөзмө борбору болот (Минск ш., П. Медёлки көч., 24). Евразия экономикалык форуму Бирликтин органдарында — Жогорку Евразия экономикалык кеңешинде, Евразия өкмөттөр аралык кеңешинде жана ЕЭК Кеңешинде төрагалык кылган ЕАЭБ мамлекетинде жыл сайын кезек менен өткөрүлүүчү, Евразия экономикалык бирлигинин ишкердик иш-чарасы болуп саналат. Форум ЖЕЭКтин 2019-жылдын 1-октябрындагы № 16 чечиминин негизинде өткөрүлөт. Иш-чара анын мүчө мамлекеттеринин жана үчүнчү өлкөлөрдүн ири, орто жана чакан бизнесинин жетекчилеринин, Бирликтин алкагында өз ара аракеттенүүнү өнүктүрүүгө кызыкдар болгон мамлекеттик бийлик органдарынын жетекчилеринин жана өкүлдөрүнүн, эл аралык уюмдардын өкүлдөрүнүн катышуусуна багытталган. I Евразиялык экономикалык форум 2022-жылдын май айында Бишкекте өткөн. II Евразиялык экономикалык форум 2023-жылдын май айында Москвада өткөн. III Евразия экономикалык форуму 2024-жылдын 30-сентябрынан 1-октябрына чейин Ереванда өткөн. 2025-жылы Жогорку Евразия экономикалык кеңешинде учурда төрагалык кылуучу өлкөнүн укугунда Форумду Беларусь кабыл алат.
23 майдың 2025 Бақыт Сұлтанов: «Көші-қон ағындарын бақылау мен ЕАЭО-дағы еңбек мигранттарының құқықтарын қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажет» 22 мамырда Бакуде Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшылары кеңесінің отырысы аясында Комиссияның көші-қон саласындағы жұмысы туралы айтып, Еуразиялық экономикалық одақтағы еңбек мигранттарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Отырысқа қатысушылар ТМД мемлекеттеріндегі қалыптасқан көші-қон жағдайын, сондай-ақ Достастық елдерінің көші-қон саясатының негізгі бағыттарын іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіруді талқылады. ЕЭК Министрі ЕАЭО ішіндегі еңбек көші-қонының айтарлықтай өскенін атап өтті: «Одақ туралы шарт күшіне енген сәттен бастап еңбек көші-қонының жыл сайынғы ағындары үш есе артып, өткен жылы 1 млн адамнан асты». Бақыт Сұлтанов ЕАЭО елдерінің еңбек көші-қоны саласындағы заңнамасының Одақ құқығына сәйкестігі тұрғысынан жақында аяқталған мониторинг нәтижелерін ұсынды. Мониторинг көрсеткендей, мемлекеттер жоғары білікті мамандардың ағынын ынталандыру бойынша ұқсас шаралар қабылдауда, сондай-ақ еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды арттырып жатыр. ЕЭК министрі көші-қон ағындарын бақылау мен еңбек мигранттарының құқықтарын қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттігіне назар аударып, көші-қон саласын реттеуге бағытталған кез келген заңнамалық бастамалардың ЕАЭО туралы шарттың нормаларына қайшы келмеуге тиіс екенін атап өтті. Қорытындылай келе, Бақыт Сұлтанов Комиссияның Одақ мемлекеттерінің тілдеріне аударылған және ЕЭК сайтында жарияланған «Еңбек қызметі және Ресей Федерациясындағы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын әлеуметтік қамтамасыз ету» кітапшасын дайындағаны туралы хабарлады. ЕАЭО-ның басқа елдерінің заңнамасы бойынша осындай кітапшалар жасау жоспарлануда. Іс-шара аясында Бақыт Сұлтанов ТМД елдерінің көші-қон ведомстволарының басшыларымен іскерлік кездесулер өткізді, онда ағымдағы көші-қон ахуалы, тәжірибе және ақпарат алмасу бойынша ынтымақтастық, сондай-ақ бейіндік іс-шараларды бірлесіп дайындау және ұйымдастыру талқыланды.
23 майдың 2025 Бақытжан Сағынтаев: "Комиссия мен ЕАЭО елдері ұлттықтан жоғары бірлестікті дамыту бойынша ауқымды жұмысты жалғастыруда" 23 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев ЕЭК-тің штаб-пәтерінде Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, ЕЭК Кеңесінің Төрағасы Наталья Петкевичпен жұмыс кездесуін өткізді. ЕЭК Алқасының басшысы Наталья Петкевичті жақында жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтады. Кездесу барысында еуразиялық интеграцияның бірқатар мәселелері, оның ішінде 2025 жылғы 23 мамырда Комиссия Кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасты. "Бүгінгі таңда біз Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің түрлі салаларындағы қырыққа жуық мәселені қарауымыз керек. Комиссия мен ЕАЭО елдері біздің ұлттықтан жоғары бірлестігімізді дамыту бойынша ауқымды жұмысты жалғастыруда", — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Тараптар ЕАЭО-ның әлеуеті мүше мемлекеттерге Одақ ішінде де, үшінші елдермен сауда-экономикалық қатынастарда да жаңа елеулі экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімді екендерін айтты.
Тағы да көрсету