тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6867
10 желтоқсанның 2019
ЕАЭО мен АСЕАН ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Оңтүстік шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы (АСЕАН) мемлекеттерінің өзара сауда көлемі әлі де жеткіліксіз. Интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде Үлкен Еуразиялық экономикалық әріптестік идеясын дамытуда сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуі қажет. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев 9-10 желтоқсан күндері Мәскеуде ЕАЭО мен АСЕАН елдерінің сарапшылары үшін өтіп жатқан халықаралық семинарда мәлімдеді.
10 желтоқсанның 2019
ЕЭК Алқасы: ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіп өнімінің кооперациялық жеткізілімдері арта түсуде
10 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы өнеркәсіп және техникалық реттеу салаларындағы мәселелерді қарады.
27 қарашаның 2019
ЕАЭО-да Еуропалық инвестиция үшін жаңа секторлар ашу жоспарлануда
Еуропалық бизнес өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтылатынын мәлімдеді. ЕАЭО өз кезегінде инвестиция үшін жаңа секторлар ашып, инвесторлар режимін реттеу қағидаларын жақындастыруды жоспарлап отыр. 22 қарашада VI Мәскеу халықаралық қаржы-экономикалық форумында кәсіпкерлер Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық одақтың өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
27 қарашаның 2019
ЕЭК министрі Виктор Назаренко: «ЕАЭО елдері әлемдік сауданың әмбебап тілінде сөйлейді»
Женевада (Швейцария) өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының нормативтік реттеу мәселелері бойынша стандарттау және ынтымақтастық саласындағы саясат жөніндегі жұмыс тобының (БҰҰ ЕЭК 6-ЖТ) 29-сессиясында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренко: «Стандарттауды өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынас тілі деп, ал халықаралық стандарттауды - әлемдік сауданың әмбебап тілі деп атауға болады. Және бұл тіл барлық жерде қолданылуы керек. Сондықтан БҰҰ-ның 2030 жылға дейін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу жөніндегі стратегиясын табысты іске асыру үшін ОДМ саласындағы мамандардың стандарттау саласындағы әріптестерімен өз күштерін біріктіргені маңызды»,- деп мәлімдеді.
26 қарашаның 2019
Словакияның іскер топтары ЕАЭО-мен және ЕО-мен неғұрлым тығыз өзара іс-қимылға мүдделі
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері нарығындағы шетелдік компаниялардың жұмысы мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатысушылар ЕАЭО мен Еуропалық одақтың (ЕО) арасында толыққанды диалог орнату қажеттілігі туралы мәлімдеді. Конференция 21 қарашада Братиславада (Словакия) өтті.
26 қарашаның 2019
Тигран Саркисян Александр Шохинге «Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін тапсырды
25 қарашада Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының (РӨКО) президенті Александр Шохинге «Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін тапсырды. Александр Шохин нәтижелері Одақтағы іскерлік ортаны жақсарту үшін маңызды мәні бар үлкен жұмыс атқаруда, деді Тигран Саркисян, ол Одақ елдері кәсіпкерлерінің күш-жігерін біріктіруге ықпал ете отырып, ЕАЭО Іскерлік кеңесінің жұмысына белсенді түрде қатысады. «РӨКО президенті ретінде Сіз еуразиялық бизнестің жаһандық нарықтардағы мәртебесін арттыруды өз қызметіңізде басымдық ретінде қарастырдыңыз», – деп атап өтті ЕЭК Алқасының Төрағасы.
26 қарашаның 2019
ЕАЭО-да әуе көлігі қызметтерінің ортақ нарығы үшін әділ және адал бәсекелестікті қамтамасыз ету бойынша келісілген тәсілдемелер әзірленуде
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы 26 қарашада энергетика және көлік салаларындағы, ішкі нарықтың жұмыс істеуі, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің экономикаларын цифрландыру, техникалық реттеу, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың ортақ нарықтары және басқа да бірқатар мәселелерді қарады.
25 қарашаның 2019
Сергей Глазьев: «ЕЭК ЕАЭО елдерінде БҰҰ ОДМ іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жалғастырады»
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің БҰҰ Орнықты даму саласындағы мақсаттарға (БҰҰ ОДМ) 2030 жылға дейін қол жеткізуі реттеудің ұлтүстілік шараларының қолданылу алаңындағы экономика секторларында неғұрлым тиімдірек өтеді. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Одақ мемлекеттерінде БҰҰ ОДМ іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жалғастырады. Ол туралы 22 қарашада Мәскеудегі ЕЭК штаб-пәтерінде өткен халықаралық макроэкономикалық семинардың қорытындылары бойынша ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев мәлімдеді.
Тағы да көрсету