тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6862
24 қазанның 2019
ЕЭК Одақ мемлекеттерімен бірлесіп «ЕАЭО Агроиндустриясы» ақпараттық ресурсын қалыптастырады
23 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Агроөнеркәсіптік кешен бойынша Консультативтік комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) агроөнеркәсіптік кешенін дамыту үшін маңызы бар ірі инвестициялық және инновациялық жобалар туралы ақпараттық ресурсты әзірлеу тәсілдерін мақұлдады.
24 қазанның 2019
ЕЭК Министрі Виктор Назаренко: «Электр техникасы өнімі саласындағы ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын іске асыратын стандарттардың халықаралық құжаттармен үйлесу деңгейі 80%-дан асады»
«Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеу жүйесі алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе негізінде құрылды және саудадағы техникалық кедергілер туралы ДСҰ келісімінің қағидаттарына сәйкес келеді. Электр техникасы өніміне ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын іске асыратын стандарттардың халықаралық құжаттармен үйлесу деңгейі 80%-дан асады», - бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Виктор Назаренко Шанхай қаласында (Қытай) өткен Халықаралық электр техникасы комиссияның Бас ассамблеясының 83-ші отырысы аясында Халықаралық электр техникасы комиссиясының сәйкестігін бағалау жүйесі жөніндегі кеңестің отырысында мәлімдеді.
24 қазанның 2019
Тигран Саркисян: «Егер өңірлік бірлестіктер келіссөз үстелінде отырса және халықаралық еңбек бөлінісінің әділ канондары туралы пікірталас бастаса, онда бұл талқылаудың жақсы нысаны»
23 қазанда «ЕАЭО - Африка: интеграциялық процестер мен ынтымақтастықтың даму тенденциялары мен перспективалары» сессиясында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян жаһандық әлемдегі теңгерімсіздіктің туындауы, кейбір елдердің протекционизмді қолдануы сияқты проблемалардың бар екенін атап өтті. Іс-шара «Ресей - Африка» бірінші экономикалық форумы аясында өтті.
24 қазанның 2019
ЕЭК пен Африка одағы Комиссиясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
24 қазанда Сочиде өткен «Ресей-Африка» саммитінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Африка одағы Комиссиясы (AОК) арасындағы экономикалық ынтымақтастық саласындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян және АОК Төрағасы Муса Факи Махамат қол қойды.
24 қазанның 2019
Вероника Никишина: «Бизнес - жалпы экономикалық кеңістікті құрудың негізгі қозғаушы күші»
Веронада (Италия) өткен XII Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Вероника Никишина «Қазіргі заманғы геосаясаттағы бизнестің сындарлы рөлі» сессиясында тез өзгеріп жатқан жалпыәлемдік конъюнктуре және оның бизнеске әсері туралы әңгімелеп берді.
23 қазанның 2019
Одақтық дәрі-дәрмек нарығы: алғашқы нәтижелер және алғашқы сын-тегеуріндер
Мәскеуде 22-23 қазанда өткен «Дәрілік заттардың бірыңғай нарығын құру кезінде реттеуші талаптарды үйлестіру – ЕАЭО пен ЕО тәжірибесі. Мүмкіндіктер мен сын-тегеуріндер, құқық қолданудың негізгі мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) өкілдері мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдары, фармацевтикалық нарыққа қатысушылармен бірлесіп, бүгінде қол жеткізілген практикалық нәтижелерді талқылады, сондай-ақ, оның мінсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қосымша назар аударуды талап ететін проблемалық сәттерді белгіледі.
23 қазанның 2019
Тигран Саркисян: «ЕАЭО – біздің барлық бес еліміз үшін өзіміздің ішкі, оның ішінде техникалық әлеуетімізді іске асыру үшін бірегей мүмкіндік болып табылады»
22 қазанда Мәскеуде өткен «Ашық инновациялар - 2019» Мәскеу халықаралық инновациялық даму форумының пленарлық мәжілісінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян: «Біздер, Еуропалық одақтың, Қытай Халық Республикасының цифрлы стандарттарының Еуразиялық экономикалық одақта біз әзірлеп жатқан стандарттармен салыстырмалы сәйкес болуына мүдделіміз. Мұндай техникалық диалогты өткен жылғы мамырда Сауда-экономикалық өзара іс-қимыл келісіміне қол қойған, алғаш рет цифрлы күн тәртібімізді, стандарттарымыздың өзара әрекетке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін пікір алысулар қажеттігін белгілеген елдер - Еуразиялық одақпен және ҚХР-мен бірлесіп бастап кеттік», – деп атап көрсетті.
23 қазанның 2019
Тигран Саркисян: «Біздің елдеріміз үшін тең құқықтылық, мүдделердің өзара есебі, ортақ іргетастық құндылықтар, қадір-қасиет пен адалдық санатына ерекше көзқарас – ЕАЭО-ға тән қасиеттер»
23 қазанда өткен бірінші экономикалық форум шеңберінде және «Ресей – Африка» саммитінде, Сочидегі жұмыстық таңғы ас барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Африкалық Одақтың іс басындағы төрағасы, Мысыр Араб Республикасының Президенті Абдель Фаттах Аль-Сиси және ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян - Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ірі африкалық аймақтық білестіктерімен қарым-қатынасы перспективасын, сондай-ақ, ынтымақтастың экономикалық әлеуетін талқылады.
Тағы да көрсету