тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6869
10 сәуірдің 2018
Татьяна Валовая: «ЕЭК еркін сауданы және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық қызметін ырықтандыру қағидаттарын ұстанады»
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде өз қызметін атқаратын, шетел іскерлік тобының өкілдері алдында дәстүрлі жыл сайынғы баяндамасы шеңберінде мәлімдеді. 50-ден астам шетел компаниясының және бизнес-қауымдастықтың, сондай-ақ бірқатар елдің дипломатиялық өкілдері қатысқан кездесу Америкалық сауда палатасында өтті.
10 сәуірдің 2018
ЕЭК Белоруссиядағы ақ қанттың бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартуға келісті, тауарлар туралы алдын ала хабарлау институтын дамыту туралы шешімдер қабылдады, аттракциондарға стандарттар бекітті
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі кедендік ынтымақтастық, бәсекелестік, монополияға қарсы және техникалық реттеу мәселелері Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының отырысында 10 сәуірде қаралды. Беларусь Республикасындағы ақ қант бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзарту келісілді, Одаққа су көлігімен әкелінетін тауарлар туралы ақпаратты ұсыну тәртібі айқындалды, аттракциондардың қауіпсіздігі туралы техникалық регламентке стандарттар тізбесі бекітілді, парфюмериялық-косметикалық өнімге арналған техникалық регламентке стандарттар тізбесі өзектендірілді, Еуразиялық интеграцияны тереңдету бойынша бірқатар өзге шешімдер қабылданды.
06 сәуірдің 2018
ЕАЭО-ны цифрлық трансформациялау үрдістерінің динамикасы статистикалық тұрғыдан бағалануы керек
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) цифрлық күн тәртібінің статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру мәселелері Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алаңында талқыланды. ЕАЭО-ны цифрлық трансформациялау үрдістерінің динамикасы статистикалық тұрғыдан бағалануы керек. Мұндай шешім, 5 сәуірде ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валоваяның төрағалығымен өткен, Комиссия Алқасы жанындағы Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің он екінші отырысында қабылданды.
05 сәуірдің 2018
ЕАЭО елдерінің ортақ цифрлық жобалары ӨРЦИ шеңберінде талқыланады
6-8 маусым аралығында Иннополисте (Татарстан Республикасы) «Өнеркәсіптік Ресейдің цифрлық индустриясы» (ӨРЦИ) конференциясына қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) цифрлық күн тәртібін талқылайды, сонымен қатар «Еуразиялық цифрлық платформалар» конкурсының ресейлік финалға қатысушыларын айқындайды. Еуразиялық экономикалық комиссия іс-шараның ресми әріптесі болып табылады.
05 сәуірдің 2018
ЕАЭО елдері ветеринариялық және фитосанитариялық мәселелер бойынша электрондық өзара іс-қимылды қалпына келтіруде
ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Валерий Корешковтың бастамасымен Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) өткен жиналыста ветеринариялық бақылау (қадағалау) және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) жануарлар өнімдерінен алынатын және өсімдіктен жасалған тауарлардың тасымалдануын электрондық бақылау жүйесін құруды талқылады.
04 сәуірдің 2018
ЕАЭО-да тауарлар, қызметтер көрсету, капитал мен жұмыс күшінің ішкі нарықтағы еркін қозғалысын анықтау үшін индикатор құрылады
Тарифтік емес сипатты кедергілерді бағалау кезінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) және бизнес-қоғамдастықтың жедел өзара іс-қимыл жасау механизмін құру және тауарлар, қызметтер көрсету, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалу дәрежесін айқындау тәсілдемелерін ЕАЭО-да 2 сәуірде ЕАЭО-ның ішкі нарығында жұмыс істеу шеңберінде кедергілерді, алып қоюларды және шектеулерді жою мәселелері жөніндегі сарапшылар тобының отырысында талқыланды.
04 сәуірдің 2018
Тигран Саркисян ЕЭК және «Мир» МТРК арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою туралы: «Біздің қағидаттарымыз - ашықтық және айқындық, біз азаматтарға Одақ туралы қызықты әрі өзекті ақпаратты ұсынуға тиіспіз»
Өзара іс-қимыл туралы меморандум Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) және «Мир» Мемлекетаралық телерадиокомпаниясы (МТРК) арасында 4 сәуірде ЕЭК-тің Мәскеудегі штаб-пәтерінде жасалды. ЕЭК тарапынан Комиссия Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян, «Мир» МТРК тарапынан - оның төрағасы Радик Батыршин қол қойды
03 сәуірдің 2018
ЕАЭО елдерінен автомобильдерге ресейлік КҚП-ны қосымша құжаттарды ұсынбай алуға болады
2017 жылғы 1 қаңтарға дейін айналысқа шығарылған автомобильдерді Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінен Ресей Федерациясына шұғыл қызметтерді шақыру жүйесі орнатылмаған күйінде әкелуге болады. Оларға ресейлік көлік құралдарының паспортын (КҚП) бұдан бұрын талап етілген қосымша құжатсыз алуға болады. Бұл Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Ресей Федерациясының біріккен күш-жігерінің арқасында мүмкін болды.
Тағы да көрсету