тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6867
16 ақпанның 2018
“ЯМАЛ СПГ” жобасын қолдау және жедел жәрдем автомобильдерін науқастарға көмек көрсетудің қазіргі заманғы жүйелерімен жарақтандыру: ЕЭК Кеңесінің 16 ақпандағы қорытындылары
16 ақпандағы ЕЭК Кеңесінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (ЕАЭО БКТ) терефталь қышқылы мен оның тұздарына қатысты кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасын ұзарту, РФ аумағына “Ямал СПГ” жобасына арналған жабдықты бажсыз әкелу, кейбір техникалық регламенттерге және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы шешімдер қабылданды. Бұдан басқа, ЕАЭО интеграциялық күн тәртібінің бірқатар басқа да мәселелері қаралды. Атап айтқанда, ІІІ Халықаралық “Еуразиялық апта” көрме форумы 2018 жылғы қазан айында Арменияда өтеді деп шешілді.
16 ақпанның 2018
Бірыңғай деректер моделін пайдалану ЕАЭО экономикаларын цифрлық трансформациялау барысында пайдаланушылардың шығындарын қысқартады
Цифрлық ортаны, деректер инжинирингін дамыту және деректер моделін жасап шығару саласындағы жетекші сарапшылардың пікірсайысы ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібін нарықты цифрлық трансформациялау және деректер индустриясын қалыптастыру бөлігінде іске асыру жөніндегі алғашқы қадамның бірі болды. ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян атап өткендей: “цифрлық қосарластардың, үлгілер мен эталондық құрылымдардың рөлі артып келеді. Бәсекелес күресте шешімдер қабылдау мен табысқа жету деректер алмасу жылдамдығына, меншікті цифрлық активтердің болуына және оларды дамытудың тиімді стратегиясына тәуелді. Сондықтан Одақ елдері экономикаларын цифрлық трансформациялау процесінің табысы өсу локомотиві болуы мүмкін базалық жобаларды іске қосуға негізделуі керек”. Министр цифрлық кеңістіктің жалпы онтологиясын қалыптастыру және Еуразиялық экономикалық одақтың деректер моделін құру бірінші кезеңдегі маңызды міндет болып табылатынына сенімді.
06 ақпанның 2018
ЕАЭО цифрлық трансформациясы – нақты жобалардың табысы
АӨК цифрлық платформаларын дамыту, ЕАЭО-да электрондық еңбек биржасын және мемлекеттік муниципалдық сатып алулар үшін өзара байланысты электрондық сауда алаңдарын жүйесін құру, көліктік-логистикалық салада қағазсыз технологияларды ендіру – бизнес пен Еуразиялық «бестік» елдерінің мемлекеттік органдарының осы және басқа да бастамалары Алматыда (Қазақстан Республикасы) өткен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы шеңберіндегі «ЕАЭО цифрлық күн тәртібі: бастамалар мен жобалар» сессиясында талқыланды.
06 ақпанның 2018
Татьяна Валовая: «Өзара сауда өсімінің негізгі драйверлерінің бірі – макроэкономикалық ахуалдың жақсаруынан туындаған ішкі сұраныс болып табылады»
Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы елдер арасындағы өзара сауда 2017 жылы динамиканың жоғары көрсеткіштерімен сипатталады. ЕАЭО ішіндегі өзара сауда айналымының соңғы жылдары байқалған құлдырауы 2017 жылы елеулі өсуге ауысты. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша Одақтың ішкі сауда көлемі 26,9% артты. ЕАЭО-ның барлық негізгі экономикалық көрсеткіштері бойынша іс жүзінде оң динамика байқалып отыр. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) 2 ақпанда Алматыда (Қазақстан Республикасы) өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына ұсынылған 2017 жылғы мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауданың жай-күйі туралы және мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық ахуал жөніндегі баяндамаларында осындай деректер қамтылған.
06 ақпанның 2018
2018 жылы сүт өнімдерінің ЕАЭО-ға импорты 300 мың тоннаға дерлік қысқарады
2017 жылы Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) сүт өндірісі 800 мың тоннаға өсіп, 46 млн тоннадан асып түсті. «Тұтастай алғанда ЕАЭО-да 2017 жыл сүт өндірушілер үшін нәтижелі болып шықты»,- деп атап көрсетті Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Сергей Сидорский Сүт өндірушілердің ұлттық одағы (Союзмолоко) IX съезінің отырысы барысында.
05 ақпанның 2018
ЕАЭО-да тауарлар айналымын бақылауға таңбалау жүйесі мүмкіндік береді
Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) сәйкестендірудің қазіргі заманғы құралдарын пайдалана отырып тауарларды таңбалау жүйесі құрылатын болады. Сәйкестендіру құралдары туралы ақпарат бірыңғай тізілімге енгізіледі. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу Еуразиялық экономикалық комиссияға (ЕЭК) бекітіп берілген. Тиісті келісімді 2 ақпанда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО елдері үкіметтерінің басшылары мақұлдады. Құжат нормалары мүше мемлекеттер аумақтарындағы тауарлар айналымын бақылауды арттыруға, бәсекелестіктің тең шарттарын және тұтынушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ сұрқай нарыққа және контрафактілік тауарларға қарсы тиімді күрес жүргізуге ықпал етеді.
04 ақпанның 2018
2 ақпандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қорытындылары
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде таңбалау жүйесін ендіру және Одақтың келісілген цифрлық саясатын іске асыру механизмдерін қалыптастыру Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2 ақпанда Алматыда (Қазақстан Республикасы) өткен 2018 жылғы бірінші отырысының негізгі тақырыптары болды. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшыларына Одақ елдеріндегі макроэкономикалық ахуал және өзара сауданың жай-күйі туралы баяндама, сондай-ақ мүше мемлекеттердің агроөнеркісіптік кешенін дамыту болжамдары ұсынылды.
02 ақпанның 2018
ЕАЭО елдерінің Премьер-министрлері цифрлық ортадағы өзара іс-қимылдың форматтары мен механизмдерін талқылады
2 ақпанда Алматыда (Қазақстан Республикасы) өткен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үкіметтерінің басшылары ЕАЭО цифрлық күн тәртібін, цифрлық трасформацияның бірлескен бағдарламасы мен электрондық сенім кеңістігін құруды, криптовалютаны қолдану мәселелеріндегі өзара іс-қимылды талқылады. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Оның сессияларына Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Алқа мүшелері (министрлер), Әзербайжанның және Тәжікстанның ресми делегациялары, сондай-ақ бірқатар ірі халықаралық IT-компаниялардың өкілдері қатысты.
Тағы да көрсету