тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6867

11 желтоқсанның 2017 ЕЭК Министрі Татьяна Валовая Еуразиядағы экономикалық байланыстылықтың және тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне ЕАЭО қосқан үлесі туралы «ЕАЭО Еуразиядағы экономикалық байланыстылықтың және тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне өз үлесін қосып жатыр», – деген сенімде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая. Министрдің пікірінше, Одақтың осы саладағы әлеуеті мол және де БҰҰ жүйелерінің құрылымын қоса санағанда, негізгі деген халықаралық ұйымдармен жоғары бағаланып отыр. Бұл туралы 8 желтоқсанда Вена қаласында өткізілген Еуропадағы Қауіпсіздік және ықпалдастық жөніндегі Ұйым (ЕҚЫҰ) елдерінің Сыртқы істер министрлерінің кеңесі (СІМК) 24-ші отырысының шеңберінде өткізілген Үлкен Еуропа өңіріндегі және еуразиялық кеңістіктегі экономикалық байланыстылық, сауда-экономикалық қарым-қатынастар» атты арнаулы сарапшылық пікірталасында қатысқан Татьяна Валовая мәлімдеді.​
04 желтоқсанның 2017 ЕАЭО-да алдағы төрт жылға АӨК өсімінің нүктесін анықтады Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министрі) Сергей Сидорскийдің пікірінше, сүт және ет мал шаруашылығындағы, құс шаруашылығындағы, бақша шаруашылығындағы, қант, май-тоңмай және басқа да салалардағы жоғары қосылған құны болатын жобалар анағұрлым перспективалы бағыттар қатарына жатқызылады. Бұл туралы ЕЭК министрі «ЕАЭО мүше мемлекеттерінің АӨК интеграциялануды және кооперациялануды дамытудың және тереңдетудің стратегиялық бағыттары» атты дөңгелек үстелде мәлімдеді. Сергей Сидорский Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) мемлекеттердің келісілген агроөнеркәсіптік саясатының алдағы төрт жылдық кезеңге арналған басымдықтары ретінде интеграциялық процестерді одан әрі тереңдету және инновациялық технологияларды енгізудің қамтамасыз етілуіне мүмкіндік беретін бірлескен бастамаларды іске асыру болып табылатындығын айтты.​
Тағы да көрсету