тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6867
21 қыркүйектің 2017
ЕЭК ЕАЭО-да құс шаруашылығын орнықты дамыту бойынша күш-жігерді шоғырландырады
Заманауи өнеркәсіптік технологияларды енгізу арқасында Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі аралықта құс етін өндіру 27 %-ға артты, ЕАЭО мемлекеттердің құс етімен өзіндік қамтамасыз етуі 96 %-ға жетті. Әлемдік нарықта саланың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге «Құс шаруашылығын орнықты дамыту жөніндегі іс-шаралар тізбесінде» қамтылған бастамалар көмектеседі. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) әзірлей бастаған құжат құс шаруашылығына арналған ресурстар мен жабдықтар өндірісін оқшаулау және ЕАЭО шеңберінде өндірістің толық циклын құру секілді қолдау шараларын көздейді.
20 қыркүйектің 2017
2025 жылға қарай Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыру процесінде құқықтық тосқауылдарды жою есебінен ЕАЭО-ның ЖІӨ 2,63%-ын үнемдеуге болады
Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру процесінде құқықтық тосқауылдарды жою есебінен ғана 2025 жылға қарай экономика деңгейі ЖІӨ 2,63%-ға жетуі мүмкін. Мәскеуде ЕЭК штаб-пәтерінде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян жетекшілік ететін жоғары деңгейдегі жұмыс тобының отырысында 2025 жылға дейін Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде қандай пилоттық бастамаларды пысықтау көзделетіні талқыланды.
19 қыркүйектің 2017
Одақ елдерінің кемелері ішкі су жолдарына еркін қол жеткізеді, ал Марокко және Бангладешпен сауда қатынастарына жаңа қарқын беріледі
19 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Алқасы өтті. ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің интеграциясын және кедендік ынтымақтастығын тереңдету мәселелері талқыланды. ЕЭК Алқасы ЕАЭО елдеріндегі кеме қатынастары туралы келісімнің жобасын мақұлдады.
12 қыркүйектің 2017
ЕЭК ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылық машина жасау кооперациясын қолдайды және Моңғолияның ветеринария қызметімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды
12 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің сауда, өнеркәсіптік саясат, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау, сондай-ақ кедендік ынтымақтастық мәселелері тақыланды.
11 қыркүйектің 2017
«Грекия – ЕАЭО» форумы Еуропаның ЕАЭО-мен ынтымақтастығының жаңа форматын іске қосты
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян 11 қыркүйекте Салоникада (Грекия) жұмысын бастаған «ЕАЭО – Грекия: ынтымақтастық және дамудың жаңа көпірі» Іскерлік форумын аша отырып, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен Грекия кәсіпкерлері арасында тікелей іскерлік байланыстарды кеңейту мүмкіндігі, жоғары технологиялық салалардағы ынтымақтастыққа ауысу және бірлескен кәсіпорындар құру туралы мәлімдеді.
07 қыркүйектің 2017
ЕЭК пен ФАО аграрлық азық-түлік экспортын ілгерілету стратегиясын талқылады
2010 жылдан бастап 2017 жыл аралығында ЕАЭО ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 70%-дан астам артты. Осыған байланысты Одақтың келісілген агроөнеркәсіптік саясатының басты мақсаты экспортты одан әрі арттыра түсу және ауыл шаруашылығы шикізатын жан-жақты қайта өңдеуді дамыту болып табылады. Бұл туралы БҰҰ Азық-түлік және ауыл шарушылығы ұйымы (ФАО) Ресейдің Азық-түлік экспорттаушыларының ұлттық одағымен бірлесіп ұйымдастырған «Аграрлық азық-түлік экспортын ілгерілетудің ұлттық бағдарламалары және стратегиясы» атты семинарда ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Станислав Бубен мәлімдеді.
07 қыркүйектің 2017
ЕЭК министрі Вероника Никишина: «Сауда-экономикалық мүдделер протекционизмді күшейтуге емес, сауда талаптарын және инвестициялық ынтымақтастықты жетілдіруге бағытталуы тиіс»
Еуразиялық интеграция 6-7 қыркүйекте Владивостокта (Ресей) өткен үшінші Шығыс экономикалық форумының негізгі тақырыптарының біріне айналды. «Үлкен Еуразия» жобасында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) рөлі, Одақтың сауда саясатын дамыту және оның Ресейдің іскерлік қоғамдастығы үшін мәні талқыланды.
04 қыркүйектің 2017
ЕЭК Алқасының нәтижелері: еркін айналымға импортталатын тауарларды шығару мерзімі қысқарады
4 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының отырысында техникалық реттеу, ветеринариялық бақылау, сондай-ақ кедендік әкімшілендіру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) 2018 жылдың басында күшіне енуі тиіс Кеден кодексінің нормаларын практикалық іске асыру бойынша шешімдер қабылданды.
Тағы да көрсету