тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6972
02 маусымның 2017
ЕАЭО-да 2017 жылғы Конфедерация кубогы және футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты үшін тауарлар әкелудің оңайлатылған қағидалары қолданыла бастайды
3 маусымнан бастап Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде FIFA 2017 Конфедерация кубогын және FIFA 2018 футболдан әлем чемпионатын ұйымдастыруға арналған тауарларды әкелудің оңайлатылған қағидалары қолданыла бастайды. Футбол командаларының, төрешілер алқасының, ұйымдастырушылардың, хабар тарату компанияларының және баспасөздің жұмысын қамтамасыз етуге арналған спорт құралдарын және техникалық жабдықтарды спорттық іс-шаралар кезеңінде оңайлатылған қағидалармен әкелуге болады, содан кейін тауарлар ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілуі тиіс.
02 маусымның 2017
ЕАЭО-да бірыңғай цифрлық өнеркәсіптік кеңістік құрылатын болады
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) бірыңғай цифрлық өнеркәсіптік кеңістігін қалыптастыру бойынша белсенді жұмысты бастады. Бұл туралы Петербург экономикалық форумына қатысушыларға Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский хабарлады.
02 маусымның 2017
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян: «Дербес салааралық цифрлық платформа қалыптастыру ЕАЭО елдерінің елеулі экономикалық табыстарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді»
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері Одақты электрондау бағдарламасын – «ГОЭЛРО-2 жоспарын» бірлесіп әзірлеу қажет. «КСРО-да елдің негізгі жаңғыруына айналған ГОЭЛРО электрлендіру жоспары болды. Осы бағдарламаны іске асырудың арқасында байыпты қарқынды жүзеге асыру және қуатты индустриялық мемлекет құру мүмкін болды. Бүгінде біз осыған ұқсас жағдайда қалып отырмыз: экономикалық өсу моделі туралы пікірталас жүріп жатыр, бірақ, әлбетте, оның көмегімен біз өз Одағымызды жаңғырта алатын электрлендіру бағдарламасы қажет екені айқын», – деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян 1 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумы шеңберіндегі «Цифрлық экономикадағы үлкен деректер: тауар немесе ұлттық құндылық?» панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде.
02 маусымның 2017
ЕЭК министрі Вероника Никишина: «Үлкен Еуразиялық әріптестікті құру интеграциялық бастамалардың бәсекелестігін болдырмауға мүмкіндік береді»
Үлкен Еуразиялық әріптестік шеңберінде тең негіздерде ынтымақтастыққа және экономикаларды бірлесіп дамытуға арналған жайлы және үйлесімді орта қалыптасуы мүмкін еді. Бұл туралы Петербург халықаралық экономикалық форумында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі министрі Вероника Никишина мәлімдеді.
02 маусымның 2017
ЕЭК министрі Сергей Сидорский: «ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы стратегиясының негізінде инновациялық тәсілдемелер жатуы тиіс»
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері Еуразиялық экономикалық комиссиямен (ЕЭК) бірлесіп бірыңғай ауыл шаруашылығы стратегиясын дамытуды белгіледі. Оның негізінде – азық-түлік қауіпсіздігін одан әрі нығайту есебімен инновациялық тәсілдемелер, ал орта мерзімді перспективада – барынша толық импорт алмастыру, жоғары технологиялық өнімдерді шығару және экспорт көлемін арттыру. Бұл туралы ЕЭК Алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский 1 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумында айтып берді.
02 маусымның 2017
ЕЭК министрі Татьяна Валовая: «Комиссия ЕАЭО және Латын Америкасының елдері мен интеграциялық бірлестіктері арасындағы диалогты жалғастырады»
Жаңа әріптестік жаһандық экономиканы қалай құру керектігін ойластыруды хабарлай отырып, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен латынамерикалық өңірдің мемлекеттері және интеграциялық бірлестіктері арасындағы диалогты жалғастыру қажет. Бұл туралы «ЕАЭО – Латын Америкасы: ынтымақтастық қарқынын арттыра түсу» бизнес-диалогы шеңберінде Петербург халықаралық экономикалық форумында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая мәлімдеді.
02 маусымның 2017
Сергей Шухно: «Үлкен Еуразиялық әріптестік негізі – ЕАЭО, ЕО, АСЕАН, ШЫҰ және құрлықтың негізгі ұлттық экономикаларының ынтымақтастығы»
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Сергей Шухно «Ресей және Қытай: екіжақты қарым-қатынастардың жаңа сапасына қарай» халықаралық конференциясының қатысушыларына Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Қытаймен өзара іс-қимылының және Еуразиялық интеграциялық жоба мен Жібек жолы Экономикалық белдеуі (ЖЖЭБ) қытайлық бастамасын ұштастырудың перспективалары туралы айтып берді.
01 маусымның 2017
ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда аймағы туралы уақытша келісім жылдың соңына қарай жұмыс істей бастайды
1 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумы алаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина мен Иранның коммуникациялар және ақпараттық технологиялар министрі Махмуд Ваэзи Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға жеткізетін уақытша келісімге қол қою параметрлері мен ықтимал мерзімдерін талқылады.
Тағы да көрсету