тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6857
02 қазанның 2019
ЕАЭО мен Сингапур Еркін сауда туралы келісімге қол қойды
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) 1 қазанда болған отырысы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен Сингапур Республикасының арасындағы жалпыға бірдей сауда мәмілесі пакетінің алғашқы келісімдеріне қол қойылды. Құжатқа Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян, Одақ елдерінің вице-премьерлері, сондай-ақ Сингапурдың аға министрі, әлеуметтік және экономикалық даму мәселелері жөніндегі министр-үйлестіруші Тарман Шанмугаратнам қол қойды.
02 қазанның 2019
ЕЭК табиғи монополиялар саласындағы ұлттық заңнаманы жақындату жөнінде ұсыныстар дайындайды
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің табиғи монополиялар саласындағы реттеуші практикалары мен нормативтік базасына талдау жасауды және жүйелеуді жүргізді. Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитеттің 16-отырысында Бішкекте (Қырғызстан) қаралған зерттеу нәтижелері Еуразиялық «бестік» елдерінің заңнамасын үндестіру мен жетілдіру жөніндегі ауқымды жұмыстың басталуына себепші болды.
02 қазанның 2019
ЕЭК министрі Александр Субботин экономиканың нақты секторындағы «күшті Одақ – күшті бизнес» тұжырымдамасын іске асыру туралы әңгімеледі
Өнеркәсіптік кооперация үшін қажетті жағдайлар жасау, импортты алмастыру мен экспорт, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері экономикасының қолайсыз сыртқы экономикалық конъюнктура жағдайында бәсекеге қабілеттілігін арттыру «күшті Одақ – күшті бизнес» теңдестірілген жүйесі шеңберінде ғана мүмкін болады. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин «ЕАЭО елдері мен олардың әріптестері өнеркәсібінің экспорттық-импорттық мүмкіндіктері - Еуразия континентінің транзиттік әлеуетінің негізі» панельдік сессиясында мәлімдеді. Іс-шара 1 қазанда Ереванда «Еуразия континентінің көлік әлеуеті» халықаралық форумы шеңберінде болып өтті.
02 қазанның 2019
ЖЕЭК мүшелері кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерінің мөлшерін келісті
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері 1 қазанда Ереванда (Армения) болған отырыста Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерінің мөлшерін келісті.
01 қазанның 2019
ЕЭК Кеңесі тауарлардың экспорты мен импорты кезінде жанама салықтар алу және олардың төленуіне бақылау жасау жөнінде ЕАЭО туралы шартқа өзгерістерді мақұлдады
30 қыркүйекте Ереванда (Армения) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үкіметтері басшылары орынбасарларының және ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысы болып өтті. ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕАЭО ішкі нарығының жұмыс істеуі, интеграция, кедендік-тарифтік және техникалық реттеу, халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық, ЕАЭО елдері экономикасын цифрландыру, салық саясаты және басқа бірқатар сала бойынша мәселелерді қарады.
01 қазанның 2019
ЕЭК министрі Виктор Назаренко: «Техникалық реттеу – ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін күшейтудің негізгі құралдарының бірі»
Ереванда (Армения Республикасы) «Еуразия континентінің көлік әлеуеті» халықаралық форумында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренко: «Өнім бойынша үндестірілген талаптарға көшу және нарыққа қол жеткізу рәсімдерін тану Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) көлік әлеуетін күшейтеді», – деп мәлімдеді.
01 қазанның 2019
Ақпараттық технологиялар белсенді түрде пайдаланылмаса, замани логистиканың болуы мүмкін емес
IV «Еуразиялық апта – 2019» халықаралық көрме форумының қатысушылары Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағындағы логистикалық коммуникация жүйелерін жаңғырту және кедендік өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
01 қазанның 2019
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Достық орденімен наградталды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы барысында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянды Достық орденімен наградтады.
Тағы да көрсету