тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6852
19 сәуірдің 2017
ЕЭК министрі Валерий Корешков: «Одақта дәрілердің бірыңғай нарығының жұмыс істеу бастауына санаулы күндер қалды»
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) дәрілердің ортақ нарығы Қырғыз Республикасы оның жұмысын регламенттейтін құжаттарды ратификациялағаннан кейін жұмыс істей бастайды. «Одақта бірыңғай нарықтың жұмыс істей бастауына санаулы күндер қалды», – деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Валерий Корешков Минскіде өткен «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің дәрілік заттардың ортақ нарығын қалыптастыру» атты семинарда.
18 сәуірдің 2017
ЕЭК министрі Карине Минасян: «Уақытқа ілесе жүрудің жалғыз ықтимал жолы – цифрлық трансформациямен тап қазір және жобалық режимде айналысу»
ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян 17 сәуірде Минскіде өткен TIBO Халықаралық АКТ форумында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері экономикасын «цифрландырудан» күтілетін әсерлер туралы айтып берді.
18 сәуірдің 2017
ЕЭК электрондық саудаға салық салу саласындағы заңнаманы үндестіру мүмкіндігін зерделеуде
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық «бестік» елдерінің электрондық саудасына салық салуға талдау жүргізуде және осы саланы ортақ ұлтүсті реттеуді әзірлеу мүмкіндігін зерделеуде. Бұл туралы Мәскеуде Комиссия алаңында уәкілетті мемлекеттік органдар сарапшыларының қатысуымен өткен «Электрондық саудаға салық салу» атты дөңгелек үстелде ЕЭК өкілдері айтып берді.
18 сәуірдің 2017
Халықаралық рейтингтердегі позициялардың жақсаруы – Одақ елдерінің экономикасындағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесі
Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) өткен кеңесте одақтас елдердің уәкілетті органдарының өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің беделді халықаралық рейтингтерге қатысуын талқылады. Кездесу Беларусь тарапының бастамасы бойынша ұйымдастырылды.
18 сәуірдің 2017
Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі ел экономикасының өсуіне оң ықпал етті
Ресей Федерациясының Федералдық Жиналысы мен Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық комиссияның Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) өкілдерінің қатысуымен Мәскеуде өткен отырысына қатысушылар Еуразиялық интеграцияның Қырғызстан экономикасына оң ықпалын атап өтті.
17 сәуірдің 2017
ЕЭК пен Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясы ЕАЭО еңбекшілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы өзара іс-қимылды дамытуда
«Комиссияның Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясымен өзара іс-қимылы ЕЭК-тің әлеуметтік-еңбек саласындағы міндеттерді іске асыру тиімділігін арттыруды мақсат етеді», – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қарсы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев өзінің сөзінде. Бұл туралы ол ұйымның қалыптасуының 25 жылдығына арналған Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясы (КЖК) кеңесінің салтанатты отырысында мәлімдеді. Іс-шараға ЕЭК Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Паиза Суюмбаева да қатысты.
17 сәуірдің 2017
Сергей Шухно: «Одақтың бірыңғай нарығын дамыту ЕАЭО елдерінің Кубамен сауда көлемін ұлғайтуға ықпал ететін болады»
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Сергей Шухно мен Ресей Федерациясындағы Куба Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Эмилио Ратмир Лосада Гарсия Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Кубамен сауда-экономикалық қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен оларды дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
14 сәуірдің 2017
ЕЭК ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру бағдарламасын әзірлеуді жалғастырды
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) ЕЭК-тің Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы жұмыс тобы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру бағдарламасын әзірлеуді жалғастырды.
Тағы да көрсету