тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6850
10 қыркүйектің 2025
Бақыт Сұлтанов: «ЕАЭО елдерінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша 6,6 млн контрафактілік тауар анықталды»
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша 6,6 млн контрафактілік тауар анықталды. Зияткерлік меншік саласында 1465 бұзушылық тіркелді. Бұл деректер ЕЭК Алқасы жанындағы Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында ұсынылған ЕАЭО елдеріндегі зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы құқық қолдану практикасының 2024 жылғы мониторингі туралы есепте көрсетілді. ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов атап өткендей, жаппай сұранысқа ие тауарлар неғұрлым жиі қолдан жасалады. "Антирейтингтің басында күнделікті сұранысқа ие тауарлар: киім мен аяқ киім, тұрмыстық техника, автокөлік қосалқы бөлшектері, сондай-ақ парфюмерия мен косметика тұр. Нақ осы санаттар құқық бұзушылар үшін неғұрлым осал", — деп мәлімдеді ЕЭК министрі. Отырысқа қатысушылар ЕАЭО шеңберіндегі зияткерлік меншік саласындағы түйінді бастамаларды талқылады. Басты назарда болған — Интернет желісіндегі бұзушылықтардың жолын кесуге орайлас келісілген тәсілдемелерді әзірлеу, өнеркәсіптік меншік объектілерін тексеру үшін іздеу сервисін құру. Бұл шаралар Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі жоспардың бір бөлігі болып табылады және бизнес пен тұтынушылар үшін қауіпсіз және ашық орта құруға бағытталған. Сондай-ақ ЗМ объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін іске қосу және тауар белгілері мен ЕАЭО тауарлары шығарылған жердің атауын тіркеу жүйесін енгізу талқыланды. Бұдан басқа, кеден органдары мен құқық иеленушілер арасында электрондық ақпарат ауысуды ұйымдастыру және ұжымдық негізде Авторлық және сабақтас құқықтарды басқару тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу мүмкіндігі қаралды. Құрамына қатысушы елдердің бейінді министрліктерінің басшылары мен бизнес өкілдері кіретін ЕЭК Алқасы жанындағы Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитет 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Оның түйінді міндеті — ЕАЭО шеңберінде ЗМ қорғау саласында келісілген шешімдер әзірлеу.
10 қыркүйектің 2025
Валентин Татарицкий: "Тамақ өнімдеріне қойылатын бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу саудадағы техникалық тосқауылдарды алып тастауға ықпал етеді"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий Сочиде өткен ЕАЭО Азық-түлік конгресі өңірлерінің III сүт форумында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қабылданған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы бірыңғай реттеу жүйесі, стандарттаудың рөлін күшейту қажеттігі, ортақ нарықты қауіпсіз емес өнімдерден қорғаудың маңыздылығы туралы айтып берді. "Тамақ өнімдеріне қойылатын бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу саудадағы техникалық тосқауылдарды алып тастауға, экспортқа бағдарланған және инновациялық өнім өндіру жағдайын жасауға ықпал етеді", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі. Валентин Татарицкий ЕАЭО техникалық регламенттерінде сүт өнімдеріне, оны өндіру, таңбалау, өткізу процестеріне міндетті талаптарды белгілеу мәселесін жеке айтып өтті, оларға қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша енгізілген өзгерістер мен жаңа талаптар туралы хабарлады. ЕЭК министрінің сөзінше, бұл осындай тауарлардың Одақ аумағы бойынша еркін қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сауданың жаһандануы және онымен байланысты тәуекелдер жағдайында сүт өнімдерін қоса, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі Еуразиялық экономикалық одақта СФС шараларды әзірлеу және қолдану болып табылады. "СФС шаралар саласында құрылған бірыңғай нормативтік құқықтық базаны өзектілендіру жұмысы жүйелі негізде жалғасуда", – деп түйіндеді Валентин Татарицкий. Форумды Оңтүстік сүт одағы ұйымдастырды. Дәстүр бойынша, оның қатысушылары Ресей өңірлеріндегі сүт саласының және бейінді мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады. Форум барысында 11 қыркүйекте ЕЭК Техникалық реттеу блогы департаменттерінің қызметкерлері дөңгелек үстел шеңберінде сүтті мал шаруашылығы саласын жоспарлау кезінде азық-түлікті қадағалап отыру және ветеринариялық тәуекелдерді басқару жүйелерін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауды ұйымдастырады.
10 қыркүйектің 2025
Валентин Татарицкий: "Тамақ өнімдеріне қойылатын бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу саудадағы техникалық тосқауылдарды алып тастауға ықпал етеді"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий Сочиде өткен ЕАЭО Азық-түлік конгресі өңірлерінің III сүт форумында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қабылданған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы бірыңғай реттеу жүйесі, стандарттаудың рөлін күшейту қажеттігі, ортақ нарықты қауіпсіз емес өнімдерден қорғаудың маңыздылығы туралы айтып берді.
10 қыркүйектің 2025
Бақыт Сұлтанов: «ЕАЭО елдерінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша 6,6 млн контрафактілік тауар анықталды»
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша 6,6 млн контрафактілік тауар анықталды. Зияткерлік меншік саласында 1465 бұзушылық тіркелді. Бұл деректер ЕЭК Алқасы жанындағы Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында ұсынылған ЕАЭО елдеріндегі зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы құқық қолдану практикасының 2024 жылғы мониторингі туралы есепте көрсетілді.
09 қыркүйектің 2025
ЕЭК пен GEIDCO "таза" энергетиканы дамыту саласындағы практикалық ынтымақтастық туралы уағдаласты
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев Бейжіңде (ҚХР) GEIDCO бастамасымен өткен 2025-Жаһандық энергетикалық бірлестік конференциясы аясында GEIDCO Жаһандық энергетикалық бірлестік саласындағы даму және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Синь Баоанмен жұмыс кездесуін өткізді.
09 қыркүйектің 2025
Арзыбек Кожошев: "Дәстүрлі және жаңғыртылатын көздердің үйлесімді ұштасуы – энергетика үшін өте маңызды"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев бұл туралы Бейжіңде (ҚХР) Жаһандық энергетикалық бірлестік саласындағы даму және ынтымақтастық ұйымының (GEIDCO) бастамасы бойынша 8-10 қыркүйекте өткен 2025-Жаһандық энергетикалық бірлестік конференциясы барысында мәлімдеді. Іс-шараның түйінді тақырыбы — "Таза және экологиялық баламалар көмегімен электр энергиясына деген жаһандық сұранысты қанағаттандыру".
09 қыркүйектің 2025
ЕАЭО-ның Иранмен Келісімін іске асыру тараптардың сауда әлеуетінің ашыла түсуіне көмектеседі
9 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиковтің төрағалық етуімен ағымдағы жылдың мамыр айында күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы Еркін сауда туралы келісімді іске асыру шеңберіндегі Тауарлар саудасы жөніндегі комитеттің бірінші отырысы болып өтті.
09 қыркүйектің 2025
ЕАЭО мен АСЕАН тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тәжірибе ауысты
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) Хатшылығы өткізген бірінші бірлескен семинар барысында тұтынушылардың құқықтарын, соның ішінде электрондық сауда шеңберінде қорғаудың өзекті мәселелері қаралды.
Тағы да көрсету