тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6867

27 маусымның 2025 Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қорытындылары Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Интеграциялық күн тәртібінің бірқатар маңызды мәселелері қаралды. Бұл ЕАЭО құқығын жетілдіру, еуразиялық экономикалық интеграцияны дамыту стратегиясын іске асыру, халықаралық ынтымақтастық, сауда, қызметтер нарығын дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу, спорт саласындағы өзара іс-қимыл сияқты бағыттар. Екі маңызды халықаралық құжатқа қол қойылды. Біріншісі – Біріккен Араб Әмірліктерімен экономикалық серіктестік туралы келісім. Екіншісі – Моңғолиямен жасалған уақытша сауда келісімі. Мемлекет басшылары ЕАЭО халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын да қарастырды. Осы жылдар ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық аренадағы орны айтарлықтай нығайды. Сонымен қатар мемлекет басшыларына Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының ағымдағы орындалу барысы ұсынылды. Бұл құжатты іске асыру барлық негізгі бағыттар бойынша интеграцияға белгілі бір серпін берді. ЖЕЭК мүшелері ЕАЭО туралы шартқа енгізілген түзетулер бойынша IV Үлкен Хаттамаға қол қойды. Өзгертулер құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға бағытталған және олар атап айтқанда, техникалық реттеу, электр энергетикасы, бәсекелестік және қаржы нарықтарына қатысты болды. ЕАЭО елдерінің көшбасшыларына Одақта тауарларды таңбалаудың дамығаны туралы айтылды. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО аясында қызметтердің жекелеген секторлары бойынша ырықтандыру жоспарларын іске асыру туралы баяндама қабылданды. ЕАЭО-да спорт саласындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды. ЕАЭО-да 2023-2024 жылдардағы қызметтер саудасын реттеу ережелерін сақтау қорытындысы шығарылды. ЖЕЭК отырысында табиғи монополияларды реттеу саласындағы 2024 жылдың қорытындылары ұсынылды. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 2025 жылғы желтоқсанда Санкт-Петербургте өтеді.
27 маусымның 2025 ЕЭФ-2025-те еңбек көші-қоны тұрақты экономикалық өсу ресурсы деп аталды 26 маусымда Еуразиялық экономикалық форум аясында «Еңбек көші-қоны ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің орнықты экономикалық өсуі үшін ресурс ретінде: ЕАЭО аясында білікті және ғылыми мамандарды тарту және дамыту үшін жағдайлар жасау» атты дөңгелек үстел өткізілді, оған Еуразиялық экономикалық комиссияның макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Алексей Ведев қатысты. Ол Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ғылыми-технологиялық ынтымақтастығының перспективалары туралы айтып, осыған байланысты ЕАЭО туралы шарттың негізгі маңыздылығын атап өтті. Бұл құжат, оның пікірінше, ғылым мен технология саласындағы өзара іс-қимылдың негізі болып табылады. ЕЭК өкілі Еуразиялық экономикалық одақ аясында неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл жасау және салалық бастамаларды іске асыру үшін Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп ЕАЭО-ның 2025 жылға дейінгі экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарын әзірлегенін атап өтті. Одақ елдерінің кейінгі жұмысы ЕАЭО аясында 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі «Еуразиялық экономикалық жол» кезеңіне экономикалық процестерді дамыту туралы қабылданған декларация негізінде құрылады. Қазіргі уақытта оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары дайындалуда. Алексей Ведевтің айтуынша, Декларацияға енгізілген және ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастыққа жәрдемдесуге бағытталған маңызды шаралардың қатарында өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешенде инновациялық тәсілдерді енгізу, энергетика саласындағы заманауи технологияларды дамыту және тағы басқалар бар.
27 маусымның 2025 ЕЭФ-2025-те ЕАЭО аясында мемлекеттік сатып алуға қатысу мәселелері талқыланды Минскідегі Еуразиялық экономикалық форумда Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермоловичтің қатысуымен «ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алулар: шындық, мүмкіндіктер және перспективалар» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында ұлттық сатып алу саясатының стратегиялары мен басымдықтары және оларды Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекеттік сатып алудың интеграциялық әлеуетімен теңестіру мәселелері белгіленді. Тауардың шығарылған елін айқындау және мемлекеттік сатып алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану мәселелерінің өзектілігін ескере отырып, мемлекеттік сатып алуларда ұлттық режимді қамтамасыз ету механизмдері талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар еуразиялық интеграцияның бизнес үшін жасап келе жатқан мүмкіндіктері және жеткізушілердің ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік сатып алуларға қолжетімділігін кеңейту бойынша одан әрі жұмыс істеу міндеттері туралы айтты. Цифрландыру мәселелеріне, оның ішінде Одақтағы «цифрлық теңсіздікті» жою перспективаларына және өзара сатып алу үлесін ұлғайту жолындағы кедергілерді жоюға ерекше назар аударылды. Пікірталасқа ЕАЭО елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдарының, электрондық сауда алаңдары мен бизнесінің өкілдері қатысты.  
26 маусымның 2025 Бақытжан Сағынтаев: «Экономикалық күштердің ұштасуы өзара тиімді ынтымақтастықтың әсерін бірнеше есе күшейтуге қабілетті» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форумының «Мемлекетаралық бірлестіктер диалогы: экономикалық күштерді ұштастыру және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету» атты панельдік сессиясына қатысты. «Интеграция диалогы» – әлемдік экономиканы дамытудың басты трендтерінің бірі. Еуразиялық экономикалық одақты сауда-экономикалық қатынастардың жаһандық жүйесіне енгізудің маңыздылығын Одақтың барлық бес елінің басшылары үнемі атап көрсетіп келеді», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.  ЕЭК Алқасының басшысы Комиссияның мүше мемлекеттермен бірлесіп жүйелі халықаралық диалог үшін қажетті инфрақұрылым құрғанын атап өтті. Өңірлік мемлекетаралық бірлестіктермен ынтымақтастық туралы 12 меморандум жасалды. Олармен жүргізілген диалог үздік тәжірибе алмасу және сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынын арттыру үшін негіз болады. Комиссия мен Одақ арасындағы байланыстардың кең желісі бүкіл әлемде, соның ішінде Еуразия, Латын Америкасы, Африкада дамыды. Диалог сәтті дамып келе жатқан негізгі серіктестердің қатарына ТМД, ШЫҰ, АСЕАН, МЕРКОСУР, БРИКС, АӨСШК, Анд қауымдастығы, Оңтүстік Американың ортақ нарығы, Африка одағы, Тынық мұхиты альянсы және басқалары жатады.   Серіктестік географиясын кеңейтудің негізгі құралы сауда келісімдері болып табылады. Олар Вьетнаммен, Иранмен, Сербиямен, Қытаймен жасалған. Индонезиямен келісім жасасу туралы келіссөздер соңғы сатыда деуге болады. 27 маусымда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында БАӘ және Моңғолиямен тағы екі сауда келісіміне қол қою жоспарланған. «Бүгінде ЕАЭО басқа ұйымдардың интеграциялық құрылымының оң тәжірибесін қабылдауға ғана мүдделі емес. Құрылған бірлестік бола отырып, біз серіктестерге өзіміздің ең жақсы тәжірибемізді ұсынуға дайынбыз. Біздің экономикалық әлеуетімізді ұштастыру өзара тиімді ынтымақтастықтың әсерін бірнеше есе күшейте алады», – деп түйіндеді ЕЭК Алқасының басшысы.
26 маусымның 2025 Бақытжан Сағынтаев: «ЕАЭО аясында жыл сайын бизнес-құрылымдар бастамаларының 60%-дан астамы қабылданады» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында ЕЭК пен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимыл жөніндегі Консультативтік кеңесінің отырысына қатысты. «Комиссияның жұмысы тұтастай алғанда біздің елдеріміздің кәсіпкерлерінің Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетін барынша тиімді пайдалануы үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Біз іскер қоғамдастықпен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев іс-шараға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде. ЕЭК Алқасының басшысы ЕАЭО аясында қомақты нормативтік-құқықтық база құрылғанын, экономиканың түрлі салаларында ұзақ мерзімді басымдықтар айқындалғанын, бұл бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл ретте Комиссияның Одақ елдерімен бірлесіп қалыптастырған Консультативтік кеңесті қоса алғанда, іскер топтармен өзара іс-қимылы механизмдері олардың мүдделерін барынша ескеруге көмектеседі. «Консультативтік кеңестің құрылуы «бір терезе» аясында кәсіпкерлермен қарым-қатынастың жаңа форматына көшуге ықпал етті. Қазір біздің диалог бизнес сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Осы арқылы жыл сайын Одақ аясында бизнес-құрылым бастамаларының 60%-дан астамы қабылданады және реттеуге енгізіледі», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Отырыс барысында еуразиялық экономикалық интеграцияның өзекті мәселелері, оның ішінде ЕАЭО-ның өнеркәсіптік саясат құралдары туралы іскер топтардың хабардар болу деңгейін арттыру және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды жетілдіру мәселелері талқыланды. Консультативтік кеңес қызметінің мақсаты – ЕЭК-тің құзыретіне кіретін салаларда кәсіпкерлікті дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындау бойынша Комиссияның және ЕАЭО Іскерлік кеңесінің тиімді диалогын қамтамасыз ету.  
26 маусымның 2025 Бақытжан Сағынтаев: «ЕАЭО және АӨСШК елдерінің сауда-экономикалық диалогының маңыздылығы артып келеді» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Бас хатшысы Қайрат Сарыбаймен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында ЕЭК пен АӨСШК арасындағы кейінгі диалог, атап айтқанда, Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде іс-шаралар жоспарын дайындау мәселелері талқыланды. «Біз өзара мүдделерді ескере отырып, бірлескен қызметіміздің барлық перспективалық бағыттарын жоспарға енгіземіз», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Бұл ретте ЕЭК Алқасының басшысы өңірдегі бірлескен бастамаларды ілгерілетуге баса назар аударуды ұсынды. Еуразиялық экономикалық комиссия мен АӨСШК арасындағы ынтымақтастық жаһандық экономикалық процестер жағдайында өзектілігін арттыруда. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты дамыту үшін тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға келісті. ЕЭК пен АӨСШК Хатшылығы арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға 2022 жылы қол қойылған болатын.
26 маусымның 2025 Бақытжан Сағынтаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен келіссөздер жүргізді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында Мемлекеттік әкімшілік кеңестің төрағасы, Мьянма Одағы Республикасының Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар Өзара іс-қимыл туралы меморандумға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ пен Мьянма елдерінің ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. «Меморандумға қол қойылған сәттен бастап біздің ынтымақтастық жөннідегі экономикалық күн тәртібінің кең ауқымы бойынша оң динамика байқалады. ЕАЭО мемлекеттерінің Мьянмамен тауар айналымы 2019 жылдан 2024 жылға дейін үш еседен аса ұлғайып, 1,5 млрд доллардан асты», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. ЕЭК Алқасының басшысы Тараптардың бір-бірінің сауда-экономикалық мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру өзара іс-қимылды дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететінін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев пен Мин Аун Хлайн ЕАЭО мен Мьянма диалогына қосымша серпінді іскер топтар арасындағы өзара іс-қимыл қамтамасыз етеді деген ортақ пікірге келді. Бұл ынтымақтастықтың жаңа перспективалық бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. ЕАЭО елдеріне Мьянмадан тасымалданатын негізгі тауар түрлері күріш, кофе, пальма майы, какао атбас бұршақтары болып табылады. Мьянмаға импортталатын тауаралар ішінде минералды тыңайтқыштар, тұтыну тауарлары, машиналар мен жабдықтар, металдар, тамақ майлары, цемент, дәрі-дәрмектер басым болып келеді.
26 маусымның 2025 Руслан Давыдов: «Кедендік шекарадағы өткізу пункттерін дамыту – Одақтың транзиттік әлеуетін кеңейтудің негізі» ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Руслан Давыдов Еуразиялық экономикалық форум аясында «ЕАЭО кедендік шекарасында өткізу пункттерін дамыту ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін кеңейтудің негізі» атты дөңгелек үстел өткізді. Оның айтуынша ЕАЭО елдерінің үкіметі алдында еуразиялық көлік-логистикалық маршруттар мен дәліздердің инфрақұрылымын жедел қарқынмен дамыту міндеті тұр. Бұл ретте «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» халықаралық көлік дәліздерін дамытуға ерекше назар аударылады. Өткізу пункттері халықаралық көлік дәліздерінің негізгі элементі болып табылады, көп жағдайда олардың өткізу қабілеттілігін анықтайды. «Өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жаңғырту, серпінді технологияларды, интеграцияланған ақпараттық жүйелерді, заттар интернетін, үлкен деректерді және жасанды интеллект технологияларын енгізу кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарының жедел өтуі үшін жағдайларды қамтамасыз етеді, Одақтың сыртқы саудасын дамытуға жәрдемдеседі», – деп атап өтті Руслан Давыдов. ЕЭК-тің осы бағыттағы негізгі міндеті өткізу пункттерінің инфрақұрылымына, сондай-ақ оның жекелеген элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды типтендіру, ЕАЭО-ның жалпы кедендік шекарасында өткізу пункттерін дамыту жөніндегі тараптардың күш-жігерін үйлестіру болып табылады. ЕАЭО-ға мүше елдердің кеден әкімшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ бизнес көшбасшылары өткізу пункттерін жайластыру және жаңғырту саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, шекарадағы кеден органдарының жұмысына серпінді технологияларды енгізу жөніндегі жоспарлар мен ұсыныстар туралы айтып берді.
Тағы да көрсету