тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 7002
14 қарашаның 2025
ЕАЭБ менен Индия эркин соода келишими боюнча ишти талкуулашты
Евразия экономикалык комиссиясынын соода боюнча министри Андрей Слепнев Индиянын соода жана өнөр жай министринин орун басары Раджеш Агравал менен жолугушуу өткөрдү.
14 қарашаның 2025
ЕЭК Дүйнөлүк бажы уюмунун Туруктуу техникалык комитети менен кызматташтыкты бекемдейт
Евразия экономикалык комиссиясынын делегациясы Брюсселде Дүйнөлүк бажы уюмунун (ДБУ) штаб-квартирасында болуп өткөн Туруктуу техникалык комитеттин отурумуна катышты.
14 қарашаның 2025
Руслан Давыдов "Ташкенттен Санкт-Петербургга чейин" электрондук навигациялык пломбаларды колдонуунун келечеги тууралуу айтып берди
13-ноябрда Евразия экономикалык комиссиясынын бажы кызматташтыгы боюнча министри Руслан Давыдов Өзбекстан Республикасынын Экономика жана каржы министрлигинин алдындагы Мамлекеттик бажы комитетинин төрагасы Акмалхужа Мавлонов менен жумушчу жолугушуу өткөрдү.
14 қарашаның 2025
Руслан Давыдов ЕАЭБ менен Өзбекстан Республикасынын бажы чек арасындагы өткөрүү пункттарынын иши менен таанышты
Өзбекстан Республикасына жумушчу сапарынын жүрүшүндө ЕЭКтин бажы кызматташтыгы боюнча министри Руслан Давыдов ЕАЭБдин бажы чек арасынын Өзбекстан-Казакстан тилкесиндеги "Яллама" автомобилдик өткөрүү пунктуна, ошондой эле Казакстандын чектеш "Б. Конысбаев" өткөрүү пунктуна барды.
13 қарашаның 2025
"Бестік" елдері энергоресурстардың ортақ нарықтарын құру жөніндегі жұмысты жалғастыруда
12 қарашада ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошевтің төрағалығымен өткен ЕЭК Алқасы жанындағы Мұнай және газ жөніндегі Консультативтік комитеттің отырысында мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру мәселелерін, сондай-ақ Одақтың ортақ газ нарығын дамыту перспективаларын "бестік" елдерінің бейінді министрліктері мен ведомстволары басшыларының орынбасарлары талқылады. Консультативтік комитет мүшелері ЕАЭО-ның мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасында қалған келісілмеген мәселелер бойынша пікір алмасты, тәсілдерді жақындастырудың маңыздылығын және олар бойынша түпкілікті шешімдерді тезірек қабылдау қажеттігін атап өтті. "ЕАЭО аясында мұнай саласындағы ынтымақтастықты тереңдету бүгінде мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басым бағыттарының бірі болып табылады", – деп атап өтті Арзыбек Қожошев. Сондай-ақ тараптар конструктивті диалогқа дайын екендіктерін білдіріп, Одақтың 2030 жылға дейінгі ортақ газ нарығын дамыту жоспарын және ЕАЭО құқығына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындау және келісу бойынша одан әрі қадамдарды белгіледі.
13 қарашаның 2025
Андрей Слепнев: "ЕАЭО мен Қытай теміржол жүк тасымалдарын цифрландыру бойынша озық жобаны жүзеге асыруды жалғастыруда"
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда министрі Андрей Слепнев Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының қорытындысы бойынша мәлімдеді. "Тауарларды теміржол арқылы жеткізу мерзімін қысқартудың, әкімшілік кедергілерді жоюдың және бизнестің шығындарын азайтудың негізгі шарттарының бірі – электрондық көлік және тауарларға берілетін ілеспе құжаттарға көшу", – деп атап өтті ЕЭК министрі. Бірлескен комиссияның отырысы аясында ресейлік тарап Қытай темір жолдары өкілдерімен консультациялар өткізді, оның мақсаты Андрей Слепневтің айтуынша, қағазсыз тасымалдау технологиясы бойынша тәжірибелік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл тәртібіне қол қою үшін барлық қажетті талаптарды және Қағазсыз технология бойынша тасымалдауды жүзеге асыру туралы келісімді түпкілікті келісу болды. "Қажетті ішкі мемлекеттік процестер Қытайда ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтеміз. Сонымен қатар Қазақстанмен де осыған ұқсас құжаттар топтамасын қол қоюға дайындау жұмыстары жақын уақытта аяқталады деп сенеміз", – деді ЕЭК Сауда жөніндегі блогының жетекшісі.
13 қарашаның 2025
Арзыбек Қожошев: "Теміржол көлігі – ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін іске асырудың негізгі тіректерінің бірі"
Теміржол көлігін дамытудағы заманауи үрдістерді, жаңа логистикалық шешімдерді, инфрақұрылымдық жобаларды және инновацияларды ЕЭК V бірлескен дөңгелек үстелінің және трансеуразиялық тасымалдар жөніндегі халықаралық үйлестіру кеңесінің (КСТП) қатысушылары талқылады. Іс-шара Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде өтті. "Теміржол көлігі біздің елдерді біріктірудің негізгі элементі болып қала береді және ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін іске асырудың негізін құрайды. Бүгінгі таңда біздің алдымызда жаңа сын-қатерлерге бейімделіп қана қоймай, Одақтың көлік жүйесінің болашағын белсенді түрде қалыптастыру міндеті тұр", – деп атап өтті ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев құттықтау сөзінде. Іс-шара мемлекеттік органдардың, теміржол әкімшіліктерінің, логистикалық компаниялардың, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ғылыми және сараптамалық қоғамдастығының өкілдерін біріктірді. Еуразиялық өңірдің жетекші көлік-логистикалық компанияларының, соның ішінде ОТЛК ЕРА, FESCO, ГК "Дело" және басқа да компания өкілдері жеткізу тізбегіндегі жағдайды, контейнермен тасымалдау перспективаларын және мультимодальды логистиканы дамытуды талқылады. Цифрлық трансформация жағдайында көлік саласы үшін кадрлар даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды, онда дөңгелек үстелге қатысушылар төмендегілерді атап өтті: – көлік-логистикалық процестерді цифрландыруды жеделдету; – ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін нығайту үшін инфрақұрылымды дамыту; – нормативтік базаны үйлестіру және инновациялық шешімдерді енгізу; – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында көлік жүйесін дамытудағы негізгі бағыттар бойынша үйлестіруді күшейту. Бұл форматтағы іс-шара 2021 жылдан бері өткізіліп келеді және еуразия кеңістігінде теміржол көлігін дамыту бойынша келісілген тәсілдерді қалыптастыруға ықпал ете отырып, ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдары, теміржол әкімшіліктері мен бизнес қауымдастығы арасындағы диалог үшін маңызды алаңға айналды.
13 қарашаның 2025
Арзыбек Қожошевтің редакциясымен жарық көрген "Еуразиялық энергетикалық саясат" монографиясы үздік экономикалық кітап ретінде танылды
"Еуразиялық энергетикалық саясат" монографиясы "Жылдың экономикалық кітабы – 2025" сыйлығына ие болды. Марапаттау рәсімі 11 қарашада Мемлекеттік Кремль сарайында Ресейдің Еркін экономикалық қоғамының 260 жылдығына арналған мерейтойлық съезд және X Жалпыресейлік экономикалық жиналыс шеңберінде ұйымдастырылды. ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошевтің жалпы редакциясымен Еуразиялық экономикалық комиссияның авторлар ұжымы дайындаған кітап "Интеграциялық процестер: даму перспективалары" номинациясы бойынша үздік атанды. Монографияда ЕАЭО аясында бірыңғай энергетикалық саясатты қалыптастыру және дамыту мәселелері зерттеледі. "Бұл марапат еуразиялық экономикалық тақырыпқа деген қызығушылықтың өскенін және жүргізілген зерттеудің сапасын дәлелдейді", – деп атап өтті Арзыбек Қожошев. "Жылдың экономикалық кітабы" қоғамдық сыйлығы "Ресейдің еркін экономикалық қоғамы" атты жалпыресейлік қоғамдық ұйымы тарапынан экономика саласындағы үздік басылымдарды анықтау мақсатында тағайындалған. Марапат 2018 жылдан бастап жыл сайын беріліп келеді. 11 қарашада Ресейде Ресей Федерациясы Үкіметінің 2015 жылғы шешімімен құрылған экономистер күні атап өтіледі. Іс-шара 2025 жылы Ресейден және бірқатар шет елдерден 3,5 мыңнан астам қатысушыны біріктірді.
Тағы да көрсету