тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6972

02 қазанның 2017 ЕЭК пен Марокко арасындағы меморандум – экономикалық ынтымақтастықтың жаңа деңгейі 28-29 қыркүйекте ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валоваяның жұмыс сапары барысында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Марокко Корольдігі үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Негізгі міндеті Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің Мароккомен сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту үшін мүмкіндіктерді талқылау, сауда байланыстарын арттыра түсу және әртараптандыру, бір-бірінің нарығына өзара қолжетімділікті жеңілдету үшін бірлескен іс-шаралар өткізу болып табылатын бірлескен жұмыс тобы құрылатын болады. Жұмыс тобына ЕЭК, Одақ елдері мен Марокконың ұлттық үкіметтерінің, сондай-ақ алты мемлекеттің бизнес-қауымдастықтарының өкілдері кіреді. Бірінші отырысы 2018 жылы наурызда Мәскеуде өтеді.
02 қазанның 2017 ЕЭК, ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбек етушілерінің еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытады Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін зейнетақымен, медициналық қамтамасыз ету, жұмысқа орналасу мемлекетінде білім туралы құжаттарды тану, Одақтың азаматтары үшін қандай да бір шектеусіз мүше елдердің азаматтық әуе кемесінің жазғы экипажы құрамында жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселелер, сондай-​ақ мүше мемлекеттердің еңбек заңнамасын дамыту мәселелері Еуразиялық экономикалық одақтың Алқасына қарасты мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін әлеуметтік қамтамасыз ету, зейнеткерлік құқықтарын сақтау, медициналық көмек көрсету және кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі Консультативтік комитеттің үшінші отырысында талқыланд​
27 қыркүйектің 2017 ЕЭК Алқасының қорытындылары: уәкілетті экономикалық оператор ұғымы жаңа мазмұнға ие болады, ЕАЭО-да кедендік реттеу және бәсекелестікті қорғау саласында шешімдер қабылданды 26 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) бәсекелестік қағидаларының бұзылуы туралы мәселе қаралды. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде «Новолипецк металлургия комбинаты» ЖАҚ (НЛМК) және «ВИЗ-Сталь» ЖШҚ Одақ елдерінің сатып алушыларына әркелкі жағдайларды таңдап ұсына отырып электрлі анизатропты болат сегментінде үстем жағдайды теріс пайдаланған деп танылды. Кәсіпорындарға және екі басшыға айыппұл салынды. Бұл ЕЭК практикасында ЕАЭО-да тұтынушылардың құқықтары мен бәсекелестіктің еркіндігін қорғайтын алғашқы шешім болды.​
25 қыркүйектің 2017 ЕАЭО-ның дәрілер бойынша нормативтік құжаттарына бизнес ұсыныстарының шамамен 70 %-ы енгізілді Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) биылғы жылы мамырда іске қосылған дәрілердің бірыңғай нарығын дамыту және одақтас елдердің азаматтарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету ұлттық фармацевтикалық кәсіпорындардың іс-қимылдарын синхрондауды және барлық деңгейде тиімді коммуникациялық саясатты талап етеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Оксана Плашкованың пікірі бойынша бизнестің реттеуші және қадағалаушы ведомстволармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру айрықша маңызға ие. «Комиссияға фармқауымдастық өкілдерінен келіп түскен ұсыныстардың шамамен 70%-ы ЕАЭО-ның бірыңғай дәрі нарығын реттейтін нормативтік актілерге енгізілді», – деп атап өтті Оксана Плашкова.​
22 қыркүйектің 2017 ЕЭК цифрлық экономика жағдайында бәсекелестікті қорғау проблемаларын шешу үшін Еуразиялық алаң құруды ұсынады Цифрлық экономика саласында бәсекелестікті тиімді қорғау үшін бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істер бойынша шешімдерді, нарықтарды зерттеу нәтижелерін және ғылыми зерттеулерді тұрақты алмасу қажет. Бұл туралы «Ресейдегі бәсекелестік апталығы» халықаралық іс-шарасында Федералдық монополияға қарсы қызмет Алқасының кеңейтілген отырысында сөз сөйлеу барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Марат Құсайынов мәлімдеді. Марат Құсайыновтың пікірі бойынша, цифрлық экономика саласындағы нарықтар жаһандық сипатқа ие, сондықтан бәсекелестікке қарсы практиканы тергеп-тексеру және жол бермеу монополияға қарсы органдардың халықаралық ынтымақтастығы нәтижесінде ғана мүмкін болады.​
Тағы да көрсету