тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6960
05 маусымның 2017
ЕЭК министрі Мукай Кадыркулов: «Бірыңғай терезе» – бұл ең алдымен бизнеске арналған сервис»
31 мамырдан бастап 1 маусымға дейінгі аралықта Қырғызстанда өткен халықаралық семинарда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде «бірыңғай терезе» механизмдерінің өзара іс-қимылын дамытуды талқылады.
03 маусымның 2017
ЕАЭО мен Үндістан еркін сауда туралы келісім жасасу бойынша ресми келіссөздерді бастады
3 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Үндістан Республикасы арасында Еркін сауда аймағы (ЕСА) туралы келісім жасасу бойынша келіссөздердің басталғаны туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) тарапынан құжатқа ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина қол қойды. Үндістан тарапынан – осы елдің өнеркәсіп және сауда мемлекеттік министрі Нирмала Ситхараман қол қойды.
02 маусымның 2017
«Еуропалық және Еуразиялық интеграция: ұштастыру мәселелері» ПХЭФ панельдік сессиясының қорытындысы: еуропалық бизнес ЕАЭО елдеріндегі әріптестерімен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыратын болады
Еуропалық бизнес Еуропалық және Еуразиялық экономикалық комиссиялар арасындағы институционалдық өзара іс-қимылдың болмауына қарамастан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі әріптестерімен ынтымақтастықты кеңейтуді қалайды. 1 маусымда Петербург экономикалық форумы шеңберінде өткен «Еуропалық және Еуразиялық интеграция: ұштастыру мәселелері» панельдік сессиясының қатысушылары осындай қорытындылар жасады.
02 маусымның 2017
ЕАЭО мен Үндістан арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісім Одақ елдері экономикасының әлемдік орташа қарқыннан жоғары өсуіне ықпал ететін болады
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөздер барысында мәлімдеді. Тигран Саркисян Одақтың барлық бес мемлекетінің басшылары Үндістанмен сауда қатынастарын нығайтуға және экономикалық өзара іс-қимылдың әртүрлі нысандарын дамытуға табанды ниет білдіргендерін атап өтті. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері мен Үндістан арасында Еркін сауда аймағы (ЕСА) туралы келісімге қол қою маңызды қадам болуы тиіс. Кездесуге ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина қатысты.
02 маусымның 2017
ЕАЭО-да 2017 жылғы Конфедерация кубогы және футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты үшін тауарлар әкелудің оңайлатылған қағидалары қолданыла бастайды
3 маусымнан бастап Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде FIFA 2017 Конфедерация кубогын және FIFA 2018 футболдан әлем чемпионатын ұйымдастыруға арналған тауарларды әкелудің оңайлатылған қағидалары қолданыла бастайды. Футбол командаларының, төрешілер алқасының, ұйымдастырушылардың, хабар тарату компанияларының және баспасөздің жұмысын қамтамасыз етуге арналған спорт құралдарын және техникалық жабдықтарды спорттық іс-шаралар кезеңінде оңайлатылған қағидалармен әкелуге болады, содан кейін тауарлар ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілуі тиіс.
02 маусымның 2017
ЕАЭО-да бірыңғай цифрлық өнеркәсіптік кеңістік құрылатын болады
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) бірыңғай цифрлық өнеркәсіптік кеңістігін қалыптастыру бойынша белсенді жұмысты бастады. Бұл туралы Петербург экономикалық форумына қатысушыларға Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский хабарлады.
02 маусымның 2017
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян: «Дербес салааралық цифрлық платформа қалыптастыру ЕАЭО елдерінің елеулі экономикалық табыстарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді»
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері Одақты электрондау бағдарламасын – «ГОЭЛРО-2 жоспарын» бірлесіп әзірлеу қажет. «КСРО-да елдің негізгі жаңғыруына айналған ГОЭЛРО электрлендіру жоспары болды. Осы бағдарламаны іске асырудың арқасында байыпты қарқынды жүзеге асыру және қуатты индустриялық мемлекет құру мүмкін болды. Бүгінде біз осыған ұқсас жағдайда қалып отырмыз: экономикалық өсу моделі туралы пікірталас жүріп жатыр, бірақ, әлбетте, оның көмегімен біз өз Одағымызды жаңғырта алатын электрлендіру бағдарламасы қажет екені айқын», – деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян 1 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумы шеңберіндегі «Цифрлық экономикадағы үлкен деректер: тауар немесе ұлттық құндылық?» панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде.
02 маусымның 2017
ЕЭК министрі Вероника Никишина: «Үлкен Еуразиялық әріптестікті құру интеграциялық бастамалардың бәсекелестігін болдырмауға мүмкіндік береді»
Үлкен Еуразиялық әріптестік шеңберінде тең негіздерде ынтымақтастыққа және экономикаларды бірлесіп дамытуға арналған жайлы және үйлесімді орта қалыптасуы мүмкін еді. Бұл туралы Петербург халықаралық экономикалық форумында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі министрі Вероника Никишина мәлімдеді.
Тағы да көрсету