Жаңалықтар

31 шілденің 2025 Бақытжан Сағынтаев Иранның Ресейдегі елшісі Казем Джалалимен келіссөз жүргізді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 31 шілдеде ЕЭК штаб-пәтерінде Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  Казем Джалалимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар еуразиялық экономикалық интеграцияның өзекті мәселелерін, соның ішінде интеграциялық бірлестіктің халықаралық қызметінің басымдықтарына қатысты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Иранмен тауарлардың 90 пайызына қатысты баж салығынсыз режимді қарастыратын еркін сауда аймағы туралы толыққанды келісім аясындағы ынтымақтастығының перспективалық бағыттары жөнінде жан-жақты пікір алмасылды. ЕЭК Алқасының басшысы Бақытжан Сағынтаев жаңа форматтың арқасында ЕАЭО мемлекеттері мен Иранның сауда-экономикалық қатынастары дамудың жаңа деңгейіне көтерілгенін атап өтті. «Біз елдеріміздің тауар айналымының айтарлықтай ілгерілегенін байқап отырмыз, ол 2024 жылы 14,6%-ға артып, 5,9 млрд АҚШ долларын құрады. ЕАЭО мемлекеттерінен Иранға экспорт көлемі 18%-ға өсті», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. ЕЭК Алқасының Төрағасы Комиссия 2025-2028 жылдарға арналған еркін сауда аймағы туралы Келісімді іске асыру жөніндегі жол картасын егжей-тегжейлі әзірлеуге үлкен мән беретінін хабарлады. Құжат 2025 жылдың қыркүйегінде Бірлескен комитет отырысында бекітіледі деп жоспарлануда. Бұл өзара іс-қимылдың барлық жоспарланған бағыттарын келісілген түрде ілгерілетуге мүмкіндік береді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЕАЭО елдері мен Иранның бірқатар бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін үлкен әлеуеті бар екендігі туралы ортақ пікірге келді, әсіресе көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, кәсіпорындар арасындағы кооперациялық байланыстарды кеңейту, АӨК, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы ынтымақтастық перспективалы екенін атап өтті.
Тағы да көрсету