Жаңалықтар

14.06.2022 (Обновлено: 28.06.2022 12:39)

ЕЭК қоғамдық қабылдау нәтижелері бойынша алдын ала сақтандыру берді

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-ның трансшекаралық нарығында бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылыққа алып келуі мүмкін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы алдын ала сақтандыру берді.
 Нұр-Сұлтанда 9 маусымда болып өткен қоғамдық қабылдау барысында Қазақстан Республикасының полиэтилен материалдар өндірісі саласындағы бизнес өкілі бұқаралық ақпарат құралдарында таяуда полиэтилен өнімі өндірісі үшін шикізаттың бағасы көтерілетіні туралы мәлімдеме таралғанын хабарлады.

Бұл фактіні Комиссия жедел тексерді және ол расталғаннан кейін тиісті алдын ала сақтандыру берілді.

Бизнеспен өзара іс-қимылдың мұндай форматы – қоғамдық қабылдаулар — бизнеске өз проблемалары туралы Комиссияны тікелей хабардар етуге мүмкіндік береді, ал Комиссия осындай сигналды ала отырып, оған жедел ден қояды.

Қоғамдық қабылдаулар отырысын ЕЭК бәсекелестік блогы тұрақты негізде өткізіп тұрады, оған Одақ елдері бизнесінің өкілдері тікелей диалог үшін шақырылады. «Отырыстардың нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің барлық сұрағын бір жерге шоғырландырамыз, оларға жауапты Комиссия сайтына орналастырамыз не тікелей өздеріне жібереміз. Қажет болған кезінде нақты шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін жеке консультациялар өткіземіз», — деп түсіндірді ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев. 

Бұдан басқа, өнеркәсіп өнімін жеткізушілердің ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Қатысушылар Комиссияның ақпараттық рсеурсымен – ЕАЭО мемлекеттерінің Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімімен, оны қалыптастыру тәртібімен және оған ЕАЭО-да өндірілген өнеркәсіптік өнімді кіргізу алгоритмімен танысты.

Бұдан өзге, қатысушылар Одақ елдері аумағында дәрілік препараттарды тіркеу мәселелерін, техникалық реттеу, ЕАЭО-да өндіріс жағдайлары қабылданған тауарлар тізбесін кеңейту және басқа мәселелерді көтерді.

Кездесу соңында ЕЭК өкілдері кәсіпкерлерді Одақ елдерінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға мүмкіндік беретін Еуразиялық тізілімге өз тауарларын белсендірек қосуға шақырды.