Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері Мәскеудегі отырыста Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шыққан жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімнің жобасына қол қою жұмыстарын ұйымдастыру үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерге бағыттау туралы уағдаластықтарға келісті.
Келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тыс жерлерге щығару аясында олардың шыққан жерін айқындау және растау жөніндегі, оның ішінде мүше мемлекеттерде шығарылған еліне байланысты экспортты реттеу шаралары болған кезде тәсілдерін біріздендіруге арналған.
«Құжат экспортты декларациялау кезіндегі тиімді жұмысын құрудан басқа, Одақтан әкетілетін өнімнің шыққан жерін құжаттамалық растаудың және экспорттаушылардың тауардың шыққан жері туралы сертификаттар беруді жүзеге асыратын ұйымдармен өзара қарым-қатынасының бірыңғай механизмдерін қалыптастыру арқылы еуразиялық тауарларды үшінші елдердің нарықтарына шығаруға жәрдемдесетін болады», — деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Сонымен қатар Келісім Одақта тауарлардың шыққан елін дербес декларациялау жүйесін енгізу үшін бастапқы нүкте болады, бұл ЕАЭО-ның үшінші елдермен еркін сауда туралы келісімдері аясында тарифтік артықшылықтар алу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Мүше мемлекеттер барлық қажетті рәсімдерді аяқтағаннан кейін құжаттың жобасы қол қою үшін ұсынылатын болады, оны Еуразиялық үкіметаралық кеңес деңгейінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Анықтама
ЕАЭО-ның кеден аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған елін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімнің жобасы 2025 жылға дейінгі Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарының 3.1.7-тармағына сәйкес әзірленді. Аталған Стратегиялық бағыттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Келісімге мүше мемлекеттер ағымдағы жылы қол қоюға тиіс.