тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
арм
бел
қаз
кыр
eng
Комиссия
Қызметі
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 5
20 қазанның 2025
Ваагн Казарян: "ЕАЭО-да таңбалауды дамыту үшін Одақ құқығын және ИАЖ арқылы өзара іс-қимылды іске қосуды бұлжытпай сақтау қажет"
17 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян Астанада өткен "Цифрлық таңбалау: Нарықтың ашықтығы — экономикалық өсудің негізі" халықаралық форумында сөз сөйлеп, бейіндік келісім күшіне енген сәттен бергі жеті жыл ішінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарларды таңбалауды ендіру қорытындылары туралы айтып берді, сондай-ақ одан әрі дамудың негізгі тәуекелдерін белгіледі. "Таңбалау жүйесінің қолданыстағы конфигурациясы кезінде таңбаланатын тауарлар санының кеңеюі тек оң нәтижені ғана беріп қоймай, сонымен қатар Одақ кеңістігінде тауарлардың қозғалыс еркіндігін шектеуге қауіп төндіреді", – деп атап өтті Ваагн Казарян. ЕЭК департаментінің директоры қазіргі уақытта екі сынамды тәуекел тобы тіркеліп жатқанын түсіндірді. Олардың біріншісі бірқатар ЕАЭО елінің Одақ құқығының ережелерін таңбалауды ендіру туралы хабарламаларды жіберу мерзімін сақтау бөлігінде орындамауына байланысты. Екіншісі, қазірдің өзінде таңбалауға жататын не болашақта жоспарланатын тауар топтарының көп санын ескере отырып, интеграциялық сегментті қолданбай, екіжақты негізде таңбалау жүйесінің операторлары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ағымдағы ұйымдастыруға қатысты. "Белгіленген тәуекелдерді жою заңсыз өнім айналымына неғұрлым тиімді қарсы тұру үшін таңбалау жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді", – деп атап көрсетті Ваагн Казарян. Осымен бір мезгілде, форум шеңберінде электрондық сауда және тауарларды таңбалау бөлімінің бастығы Илья Қабанов ЕАЭО мемлекеттерінде нарықты ағарту, контрафактілік өнім деңгейін төмендету, заңды өндірушілер санын арттыру, адал өндірушілердің рентабельділігін арттыру және бюджетті толықтыру деңгейін арттыру сияқты таңбалауды ендірудің негізгі қол жеткізілген нәтижелері туралы баяндады.
20 қазанның 2025
Виталий Вовк ЕАЭО шеңберіндегі қаржылық кооперация механизмінің мүмкіндіктері туралы айтып берді
Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Виталий Вовк ТМД Экономикалық даму іскерлік орталығының Инвестициялар және экономикалық даму комитетінің отырысында қаржылық кооперация механизмін таныстырып сөз сөйледі. Іс-шара бизнес өкілдері, билік органдары мен даму институттары арасындағы диалогты дамытуға, тәжірибе ауысуға және өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайту үшін бірлескен шешімдер әзірлеуге бағытталған. Іс-шарада ТМД және ЕАЭО кеңістігінде өнеркәсіптік интеграцияны дамытудың түйінді бағыттары, кооперациялық жобаларды қолдау құралдарын қолдану практикасы, инвестицияларды тарту механизмдері және индустриялық инфрақұрылымды құруды ынталандыру шаралары талқыланды. "Жаһандық технологиялық нарықтарды қайта іске қосу және нақты сектордағы логистикалық қайта бөлу жағдайында инвестициялар ағыны мен технологиялар трансферінің өсуін қамтамасыз ету, айрықша реттеуші режимі бар экспортқа бағдарланған өндірістік-технологиялық аймақтарды құруды ынталандыру қажет. Өнеркәсіпті сапалы дамытудың тағы бір құралы Еуразиялық технологиялық платформаларды қайта жүктеу және бизнес пен ғылым бастамаларының тоғысуына қызмет ететін Еуразиялық құзырет орталықтарын қалыптастыру болуы мүмкін. Олар жобаларды бірыңғай режимде емес, мемлекетаралық жобалық конвейер форматында қалыптастыратын жағдайлар жасау қажет", – деп атап өтті Виталий Вовк. Виталий Вовктың пікірінше, бұл бастамаларды іске асыруға өнеркәсіптегі бірлескен кооперациялық жобаларды қаржылай қолдаудың ұлтүсті механизмі мүмкіндік береді. "Біздің құралымыз икемді әрі әмбебап – ол қазіргі бар кез келген мемлекеттік қолдау шараларымен оңай үйлеседі. Механизм шеңберінде инновациялық өнеркәсіптік өнім шығаруға бағытталған ҒЗТКЖ қаржыландыру көзделген. Сондай-ақ ТМД әріптестерінің қатысуымен құрылған ЕАЭО елдерінің бірлескен кәсіпорындарының айрықша жағдайларда механизмге қатысу мүмкіндігі де маңызды болып табылады", — деп атап көрсетті Виталий Вовк. Виталий Вовк мүше мемлекеттердің бизнесін қаржылық кооперация механизміне белсендірек қосылуға шақырды.
20 қазанның 2025
ЕАЭО техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарын жаңарту мақұлданды
ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкийдің төрағалығымен өткен бейінді Консультативтік комитеттің отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарындағы өзгерістер талқыланды. Қабылданған шешімдердің ішінде — ЕАЭО-ның "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне өзгерістер әзірлеу жоспарын толықтыру бар. Үш техникалық регламентке: "Жарылыс қаупі бар ортада жұмыс істеуге арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы", "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" және "Сұйытылған көмірсутек газдарын отын ретінде пайдалану үшін оларға қойылатын талаптар" техникалық регламенттеріне орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер мақұлданды. Сондай-ақ, ЕАЭО-ның "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне орайлас мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарламаның бес жаңа мемлекетаралық стандарт әзірлеуді қамтитын толықтыруы қолдау тапты: біреуі халықаралық стандартқа, төртеуі Беларусь Республикасының ұлттық стандарттарына негізделетін болады. Консультативтік комитет мүшелері ЕАЭО аумағына бал араларын (ұрғашы аралар мен ара пакеттерін) әкелуге және Одақ елдері арасындағы орын ауыстыруына қатысты Бірыңғай ветеринариялық талаптарға өзгерістерді мақұлдады. Осындай тасымалдар үшін өзгерістер шеңберінде аумақтың тропилелапсоз (Tropilaelaps spp кенесі) бойынша эпизоотиялық саламаттығын растау талабы белгіленеді. Ветеринариялық сертификат нысаны да жаңартылатын болады.
20 қазанның 2025
ЕЭК ЕАЭО елдерінің сарапшыларымен жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу бойынша құқық қолдану практикасының ерекшеліктерімен бөлісті
Еуразиялық экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары Ирина Ивантей "Жосықсыз бәсекелестік және жөнсіз жарнама. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі құқық қолдану практикасының ерекшеліктері" халықаралық конференциясына қатысты. Пікірсайысқа қатысушылар жосықсыз бәсекелестікке қарсы күрестің құқықтық негіздерін, монополияға қарсы және азаматтық реттеудің арақатынасын, сот және құқық қолдану практикасын, ұлттық құқықты трансшекаралық қолдану механизмдерін талқылады. Ирина Ивантей ЕЭК қараған бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы материалдардың ішінде мейлінше үлкен үлесті жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу мәселелері құрайтынын айтты. "Бұзушылықтың осы құрамы бойынша ескертпелі шара қолдану – бұзушылық белгілерін жою қажеттігі туралы алдын ала ескерту беру көзделген. Мұндай алдын ала ескертудің орындалуы шамамен 80% құрайды", — деп хабарлаған ЕЭК өкілі цифрлық экономиканың дамуы жағдайында бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу да "цифрлық ортаға" кететінін атап өтті. "Бәсекелестер арасында қарастырылып отырған даулардың саны электрондық сауда алаңдарында тауарларды сатумен көбірек байланысты. Өтініш берушілер арасында шағын бизнес өкілдері жиі кездеседі, бұл ЕАЭО аумағында тауарларды сатудың неғұрлым қарапайым және ыңғайлы тәсілі – маркетплейстерді пайдаланумен байланысты", — деп атап өтті ЕЭК өкілі. Жосықсыз бәсекелестік істері бойынша байқалып отырған тағы бір үрдіс — тауар нарықтарының өзгеруі болып табыады. Егер бұрын бұл ірі өнеркәсіптік тауарларының нарығы болса, қазір олар көбінесе жеке тұтыну тауарларының нарықтары. Іс-шараға мүше мемлекеттердің монополияға қарсы органдарының, ЕАЭО Сотының сарапшылары және заң ұйымдарының өкілдері қатысты.
20 қазанның 2025
Ольга Прудникова: "Жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту үшін ЕАЭО ұланғайыр мүмкіндікке ие болып отыр"
Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика департаментінің директоры Ольга Прудникова бұл туралы Мәскеуде 15-17 қазанда өткен "Ресей энергетикалық апталығы" халықаралық форумы шеңберіндегі "ШЫҰ және АСЕАН елдері әділетті энергетиканы қалыптастыру жолында" сессиясында сөйлеген сөзінде хабарлады. Ольга Прудникова Одақта атом энергетикасын дамытуға көп көңіл бөлінетінін айта келіп, "ЕАЭО-ға мүше үш мемлекеттің (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы) энергия балансында атом станциялары бар. Қазақстан Республикасында да АЭС құрылысы басталды. Одақтағы жалпы электр энергиясын өндірудің шамамен 20%-ы атом энергетикасына тиесілі. Бұл үлкен болашағы бар таза энергия көзі", — деп атап өтті. ЕАЭО-да жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту ұзақ мерзімді перспективаға арнап көзделген және басым бағыт болып табылады. Осыған байланысты ЖЭК-ті дамыту мәселелері ЕАЭО шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясында көрсетілген. РЭА-2025 шеңберінде сондай-ақ Ольга Прудникованың Иран энергетикалық биржасының бас директоры Моххамад Назифимен жұмыс кездесуі болып өтті, оның барысында энергия ресурстарының биржалық саудасын дамыту шеңберінде бұдан арғы байланысу жайында уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, тараптар ұзақ мерзімді перспективадағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. "ШЫҰ және АСЕАН елдері әділетті энергетиканы қалыптастыру жолында" сессиясына Ресей Федерациясының Энергетика министрі Сергей Цивилев, Судан Республикасының Энергетика және мұнай өнеркәсібі министрі Ибрагим Эльмутасим және басқалар қатысты.