тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Выберите язык
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6806

26 тамыздың 2025 Ойыншықтарға арналған техникалық регламентке орайлас өнімдер тізбесінің жаңа редакциясы бекітілді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін міндетті бағалауға жататын өнімдердің жаңа тізбесін бекітті, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде бұған қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуы расталады. Тізбе Сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібін іске асыру үшін әзірленді. Оған ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасының 14 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға орайлас 55 коды кірістірілген. Құжат СЭҚ қатысушыларына бағдарланған және кедендік әкімшілендіру үшін қолданылады. Комиссия Алқасының шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
26 тамыздың 2025 ЕАЭО Вьетнамнан әкелінетін киімнің жекелеген түрлеріне қатысты триггерлік қорғау шарасын қолданады Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы еркін сауда туралы келісімге сәйкес Вьетнамнан тарифтік преференциялармен әкелінетін киімнің жекелеген түрлеріне қатысты триггерлік қорғау шарасын қолдану туралы шешім қабылдады. Мұндай шараны енгізу Алқа шешімі күшіне енген сәттен бастап алты бойы Вьетнамнан киімнің жекелеген түрлерін Еуразиялық экономикалық одаққа әкелу кезінде ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің қолданыстағы ставкасы қолданылатынын білдіреді. Қорғау шарасын енгізудің негіздемесі келісімде көзделген Вьетнам импортының триггерлік деңгейінің асып кетуі болып табылады. "Осы шара Одақ өндірушілерін қолдауға және Вьетнамнан тауарларды бажсыз әкелудің келісімде көзделген деңгейден күрт өсуін болдырмауға мүмкіндік береді, бұл біздің елдеріміздің жеңіл өнеркәсібі үшін маңызды", – деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
25 тамыздың 2025 Гоар Барсегян: «Комиссия ЕАЭО-ның кәсіпорындары арасында берік өндірістік байланысты нығайтуға жәрдемдеседі» Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян Қазақстан Республикасына сапары шеңберінде Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевпен келіссөздер жүргізді. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың өнеркәсіптік күн тәртібін іске асыру бойынша өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін қарады. Министрлер өнеркәсіптік сектордағы кооперацияны дамыту бөлігінде диалогты тереңдетудің маңыздылығын атап көрсетті, ЕАЭО-ның өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің "ИННОПРОМ"-дағы алдағы отырысына байланысты мәселелерді талқылады. Гоар Барсегян Қазақстанның ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен индустриялық аймақтарына барды. Атап айтқанда, ол Алматы индустриялық аймағының автомобиль жасау өнімдері мен жиынтықтауыштарын шығаруға маманданған кәсіпорындарында және Алматы желдеткіш зауытында болды. "Біз өнеркәсіптің бірқатар басымдықты саласы бойынша Қазақстан кәсіпорындарымен ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуетін көріп отырмыз. Қазақстанның мүдделі компанияларының өкілдерімен тығыз жұмыс істеу жаңа кооперациялық тізбектерге шығуға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Гоар Барсегян. ЕЭК министрінің республика кәсіпкерлерімен, соның ішінде дөңгелек үстел форматындағы жұмыс кездесулері болып өтті. Одақ шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру механизмін іске асыру, сондай-ақ кәсіпорындарды Еуразиялық интеграциялық жобаларды қолдау бағдарламасына енгізу шарттары талқыланды. "ЕАЭО елдерінің кәсіпкерлерінде технологиялар ауысу және тиімді интеграциялық байланыстарды қалыптастыру үшін барлық ресурс бар", – деп түйіндеді Гоар Барсегян.
22 тамыздың 2025 ЕЭК теміржол машина жасау саласындағы ынтымақтастықты қаржылық жәрдемдесу механизмін пайдалана отырып жандандандырады Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде теміржол машина жасау саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі блогының өкілдері Коломна көліктік машина жасау зауытының Мәскеу маңындағы өндірістік алаңында Беларусь станок жасау кәсіпорындарының басшылығымен және техникалық мамандарымен бірқатар жұмыс кездесуін өткізді. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын 1 МВт-тан 7,35 МВт-қа дейінгі қуат диапазонында қозғалтқыштар өндірісін дамыту жобасын әзірлеумен айналысады. ЕАЭО шеңберінде оны, соның ішінде өнеркәсіп салаларындағы кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау механизмі арқылы іске асыру жоспарланған. Іс-шаралар барысында тараптар ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, коммерциялық ұсыныстарымен ауысуға және жабдықтарды жеткізу шарттарын дайындауға кірісті. Осыған байланысты ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Виталий Вовк: "Біздің Одақ елдерінің өнеркәсіпшілері жекелеген кәсіпорындардың ғана емес, бүкіл Еуразиялық көліктік машина жасау кластері мен өнеркәсіптің аралас салаларының технологиялық егемендігіне қол жеткізу үшін жаңа кооперациялық тізбектер құрудың маңыздылығын түсінуі қажет", – деп атап өтті. "Белоргстанкинпром", "Вистан", "Рухсервомотор", "Красный борец", ГСТЗ, "Станко-Гомель" сияқты компаниялардың өкілдерімен де жұмыс кездесулері өткізілді. Коломна зауыты магистралдық жолаушылар тепловоздарын, электровоздар мен дизелді қозғалтқыштарды шығарады.
22 тамыздың 2025 Малайзияда ЕАЭО мен АСЕАН-ның 2030 жылға дейінгі ынтымақтастық жоспарлары талқыланды 21 тамызда Куала – Лумпурда (Малайзия) Ресей-АСЕАН экономикасы бойынша аға лауазымды тұлғалардың консультациялары шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы (АСЕАН) арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы нәтижелері мен перспективаларын талқылау болып өтті. Еуразиялық экономикалық комиссия атынан ЕЭК Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Микаел Беллуян өкілдік етті. ЕЭК өкілі ЕЭК пен АСЕАН арасындағы ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын іске асырудың қорытындысын шығарып, диалогты дамытудың жақсы серпінін және мұны одан әрі тереңдетудің жоғары әлеуетін атап өтті. "Осы жылы біз 2021-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыруды аяқтаймыз. Бұл кезең ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Ынтымақтастықтың институционалдық  базасы қалыптастырылды және күшейтілді, өзара іс-қимылдың жаңа форматтары мен механизмдері, соның ішінде ЕАЭО-АСЕАН күндері, салалық семинарлар, бизнес–диалогтың көшпелі сессиялары сыннан өтті", – деді Микаел Беллуян. ЕЭК департаментінің директоры ЕЭК пен АСЕАН ынтымақтастығының 2026-2030 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы бойынша жұмыс туралы айтып берді. "Бұл құжатта ынтымақтастықтың сыннан өткен  форматтарына да, салалық өзара іс-қимылды кеңейтуге де баса назар аударылған.  Жаңа бағыттардың арасында  ауыл шаруашылығы, бәсекелестік саясат пен құқық қолдану, трансшекаралық және халықаралық жүк тасымалы бар. Жаңа бағдарлама шеңберінде орнықты даму, цифрландыру, инновациялар мен технологиялық ілгерішілдік мәселелері бойынша диалогты дамытуға айрықша  назар аударылатын болады", – деп түсіндірді ЕЭК Интеграцияны дамыту департаментінің басшысы. Микаел Беллуян АСЕАН Бас хатшысының орынбасары Сатвиндер Сингхпен орта мерзімді перспективаға арналған, соның ішінде ЕАЭО-ға АСЕАН жанындағы секторлық немесе диалогтық әріптес мәртебесін беру бағытындағы ынтымақтастық жоспарларын талқылады. Консультациялар алаңында ЕЭК-тің АСЕАН елдеріндегі  әріптестерімен де жұмыс кездесулері  болып өтті. ЕЭК штаб-пәтерінде Малайзия өкілдерімен осы елдің ресми топтары үшін өзара іс-қимылды рәсімилеу және ЕАЭО-ның таныстырылымын өткізу перспективалары талқыланды. Индонезия делегациясымен Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысын өткізу мәселелері пысықталды.
21 тамыздың 2025 Гоар Барсегян: «ЕАЭО өнеркәсіптегі және АӨК-тегі стратегиялық мақсаттарды іске асыруда ілгерішілдік көрсетіп отыр". Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян ЕЭК-тің Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бірлесіп өндірістік тізбектерді интеграциялау, инновациялық технологияларды дамыту және мүше мемлекеттер кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмысының маңыздылығын атап көрсетті. Гоар Барсегян Мәскеуде өткен "Жаңа дәуір – жаңа жолдар" дүниежүзілік форумына қатысушылардың II жыл сайынғы кездесуі барысындағы "Үлкен Еуразиялық әріптестік: дамудың векторлары мен құралдары" пленарлық отырысында ЕАЭО шеңберіндегі осы қызметке баса назар аударды. "Одақ өнеркәсіптік сектор мен АӨК дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттарды іске асыруда тұрақты ілгерішілдік көрсетіп отыр. Біздің бірлескен жобаларымыз ішкі нарықты нығайтуға ғана емес, ЕАЭО-ның әлемдік деңгейдегі экспорттық әлеуетін арттыруға да ықпал етеді", – деп мәлімдеді ЕЭК министрі. Гоар Барсегян Еуразиялық "бестікке" қатысушы елдердің Еуразиялық кеңістікте орнықты экономикалық өсуге және сауда байланыстарын кеңейтуге жағдай жасауда бірлескен күш-жігерінің маңызды екенін атап көрсетті. Оның сөзінше, ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны қаржылық қолдау механизмін іске қосу жақсы үлгі болып табылады. "Механизмнің сәтті іске қосылуын және оның экономиканың индустриялық секторында практикалық қолданылуын ескере отырып, Комиссия қазіргі уақытта оны агроөнеркәсіптік кешенге тарату үшін жұмыс істеуде", – деп атап көрсетті Гоар Барсегян.
20 тамыздың 2025 Андрей Слепнев ЕАЭО мен Үндістан арасында еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөз топтарының жетекшілерін қабылдады 20 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Еуразиялық экономикалық одақ пен Үндістан Республикасы арасында еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөз топтарының жетекшілерін – ЕЭК Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары Михаил Черекаевты және Үндістан Республикасы Сауда және өнеркәсіп министрлігі жанындағы Коммерция департаментінің қосымша хатшысы Шри Аджай Бадуды қабылдады. Келіссөз топтарының жетекшілері ЕЭК министрін келіссөздерге арналған техникалық тапсырманы бекіту туралы хабардар етті. Тараптар келіссөз процесін бастау жөніндегі бұдан арғы қадамдарды және болашақ сауда мәмілесінің басқа да ұйымдастырушылық жәйіттерін талқылады. "Соңғы бірнеше жыл ішінде байқалып отырған ЕАЭО-ның Үндістанмен тауар айналымының айтарлықтай өскенін қанағаттанушылықпен атап өтеміз. Сауда көлемінің одан әрі өсуіне, сондай-ақ салалық ынтымақтастықтың, соның ішінде "Солтүстік – Оңтүстік" экономикалық дәлізін пайдалана отырып нығаюына сенім артамыз", – деп мәлімдеді Андрей Слепнев. Халықаралық сауда орталығының (Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Біріккен Ұлттар ұйымының бірлескен агенттігі) деректері бойынша, ЕАЭО елдері мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 69 млрд долл. құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 7% артты.
Тағы да көрсету